Құрметті Бақытжан Әбдірұлы! Құрметті әріптестер!

03.04.2018

1-слайд

Қазақстан Республикасында білім беруді және ғылымды дамытудың 2016-2019, 4 жылға арналған  мемлекеттік программасының екінші жылы аяқталды.

Былтыр программаның 2016 жылы орындалуы бойынша Президент Әкімшілігі жақсы баға беріп, қосымша тапсырмалар берген.

Жалпы көрсеткіштердің 90%-ы орындалды.

2017 жылы Программаны орындауға 445 млрд. тг. бөлінді (РБ – 241 млрд. тг., ЖБ – 204 млрд. тг.). Оның 99,8%-ы игерілді.

Сонымен қатар «Білім туралы» Заңға жан басына қаржыландыруды жетілдіру бойынша және «Ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерін коммерцияландыру туралы» Заңға өзгерістер енгізілді.

Енді, білім беру деңгейлері бойынша.

3-слайд

Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту

Қазіргі уақытта 3-6 жастағы балаларды балабақшамен қамту 90,5%-ды құрады.

Жаңа Санитариялық нормалар мен ережелер қабылданып, соның нәтижесінде бизнес мектепке дейінгі ұйымдардың санын көбейтуге белсенді қатысуда. Олардың қатысуымен ашылған балабақшалардың саны жыл сайын көбейіп, 2017 жылы 85% құрап отыр, 2016 жылы 80% болған.  

4-слайд

Алайда, балабақшаға кезектің саны Астанада 27,6 мың, Алматы қаласында 22,4 мың, Оңтүстік Қазақстанда 24,7 мың, Алматы облысында 12,9 мың әлі сақталуда. Басты мақсат 2020 жылға дейін 100% 3-6 жастағы балаларды балабақшалармен қамту. Осыған байланысты, әкімдіктер бекіткен жол картасы бойынша нақты жыл сайынғы көрсеткіштерді орындауы тиіс. Бұл жұмысты  ГЧП механизмі арқылы күшейту қажет.

Нөлінші сыныпты енгізу үшін дайындық жұмыстары жүргізіліп жатыр. Бәріңізге белгілі 2020 жылы нөлінші сынып латиницада басталуы тиіс. Келесі оқу жылынан бастап даярлық топтар мен сыныптарда Әліппе апробациясын басту үшін осы жылы тиісті комиссиялар жұмысын бітіруі қажет.

Инклюзив бойынша балабақшалардың 15%-да жағдайын жасалған. Бұл біз үшін өте маңызды жұмыс. Жалпы көрсеткіш орындалды. Алайда, республикалық деңгейден біршама төмен региондар бар, олар Оңтүстік Қазақстан - 9,7%, Маңғыстау – 10,4%, Алматы облысы – 10,9%.

Аталған аймақ әкімдіктері осы бағыттағы жұмыстарды жақсарту қажет. 

5-слайд

Орта білім беру

Жаңартылған мазмұнға көшуді жалғастырып жатырмыз.

2017-2018 оқу жылында 1, 2, 5, 7-ші сыныптар көшті. Ол жалпы сыныптардың 42%-ын құрап отыр. Сонымен қатар, мұғалімдер тиісті курстардан өтті, жаңа оқулықтар мен критериалды бағалау жүйесі енгізілді.

Сонымен бірге барлық сыныптардың 85%-ында 5 күндік оқу аптасына көшті. Оқу жүктемесінің көп болуына байланысты, әсіресе, гимназия, лицейлерге қиындау болып тұр. Болашақта барлық сыныптар көшу үшін нагрузканы азайту жұмысын жүргізіп жатырмыз.

Программаның негізгі мәселесінің бірі 10-11-ші сыныптарда 4 пәнді ағылшын тілінде оқытуды енгізу. Осы бағытта ағылшын тілінде сабақ беретін 12 мың мұғалім үшін курстар ұйымдастырылды, қажет оқулықтар шығарылды. Қазіргі таңда бұл жұмыс жалғасуда.

6-слайд

Жалпы мектептерде 285 мыңнан астам мұғалім жұмыс жасайды, оның 52%-ы – жоғары және бірінші санаттағы мұғалімдер. Бұл көрсеткіш бойынша жоспар орындалды.

Мұғалімдерге нақты талаптар қоятын Педагогтің кәсіби стандарты бекітілді, аттестациядан өткізудің жаңа жүйесі әзірленіп, талқылануда.

7-слайд

Программада білім беру сапасын жақсарту бойынша бірқатар көрсеткіштер белгіленген. Оқушылардың оқу жетістіктерін бағалау (ВОУД) нәтижесі бойынша республикалық орташа көрсеткіш 39,4 балл. Кейбір облыстардың көрсеткіштері республикалық деңгейден төмен. Ақтөбе – 29,4 балл, Солтүстік Қазақстан – 30 балл, Оңтүстік Қазақстан –31 балл.

Осы облыстардан білім беру сапасын жақсартуға назар аударуды сұраймын.

Біз биыл ОЭСР ұйымының математика, жаратылыстану және оқу сауаты бойынша PISA-2018 зерттеуіне қатысамыз. Бұл еліміз үшін маңызды. Бүгіннен бастап PISA-2018 зерттеуі барлық региондарда басталды. Тест алғаш рет компьютерлік форматта өтеді. Әкімдерден осы зерттеудің сапалы өтуіне жағдай жасауды сұраймыз.

Мектептерде корпоративті басқару жүйесі дамуда. Қамқоршылар кеңестеріне біршама құзырет беріліп, күшейтіліп жатыр. Тиісті бұйрық қабылданды.

Вернутся к слайду 4

Программадағы апатты және үш ауысымды мектептерді жою бойынша көрсеткіш орындалмай отыр. Қазіргі уақытта республикада 45 апаттық мектеп және 127 үш ауысымдағы мектеп бар. Бұның басты себебі, халық санының өсуі және урбанизация.

2017 жылы 118 мектептің құрылысына ұлттық қордан 68,1 млрд. теңге бөлінді. 73 мектеп қолданысқа берілді. Қалған 45-і мектеп биыл іске қосылады.

Бүгінгі таңда жан басына қаржыландыру нормативі қабылданды. Енді жекеменшік мектептерді белсенді дамытуға барлық жағдай бар. Оған қоса СанПИН мен СНИП-тарға тиісті өзгерістер енгізілуде. Бұның бәрі балапан программасы бойынша балабақшаларды қалай көбейттік, солай жекеменшік мектептерді де жаппай ашуға жағдай жасалды. Пилот жүріп жатыр. Әкімдіктер бұл бағытта белсенді  жұмыс істеуге назар аударуы қажет.

Слайд 8

Техникалық және кәсіптік білім

Техникалық және кәсіптік білімнің басты міндеті – бұл сапалы кадр дайындау.

Ол үшін біз WorldSkills халықаралық стандарттарына сәйкес жаңа білім беру программаларын енгізіп жатырмыз.

 2017 жылы 3 біліктілікке дейін алуды қарастыратын 260 жаңа модульдік программалар іске қосылды.

«Баршаға арналған кәсіптік-техникалық білім» жобасын іске асыру үшін биыл 100 мың орынға мемлекеттік тапсырыс берілді. Бұл алдыңғы жылмен салыстырғанда 25 мыңға көп.

 «Серпін» жобасы бойынша 37 колледжде 2276 студент оқиды. Колледждерде инклюзивті дамыту бойынша да біршама жұмыс жасалып, көрсеткіш орындалды.

Сонымен қатар, Сіздің тапсырмаңыз бойынша 20 компетенция орталықтың бюджеті әзірленді. Министрлік Ақмола және Оңтүстік Қазақстан облыстарының екі жобасын таңдап алды. Агробизнес және Жеңіл өнеркәсіп пен қызмет көрсету колледждері. Бұл өңірлерде проект бойынша бизнестің үлесі ең жоғары. Министрлік тек 50%-ын қаржыландырады.

Слайд 9

Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім

Басты мақсат – бәсекеге қабілетті кадрлар дайындау, білім мен ғылымды интеграциялау және инновацияны енгізу.

Ол үшін біз Назарбаев Университетінің тәжірибесін ескере отырып, ВУЗ-дардың академиялық және басқару процессін кеңейту бойынша шаралар қабылдадық.

Тиісті Заң жобасы ҚР Парламент Мәжілісінде қарастырылуда.

Мемлекеттік ВУЗ ректорларын тағайындаудың бірнеше этаптан тұратын жаңа форматы қабылданды. 16 ректор ашық және әділ конкурс бойынша тағайындалды.

Қазақстандық 8 жоғарғы оқу орны QS әлемнің үздік университеттерінің тізіміне енді.

Үш тілде оқыту үшін негізгі және бейіндік пәндердің 30%-ын ағылшын тілінде оқыту басталды. 49 шет елдік жоғарғы оқу орнымен бірлесе отырып, 273 қосдипломды оқыту бағдарламасы жүзеге асырылуда.

ВУЗ-да кадрлар даярлауға мемлекеттік тапсырыстың көлемі жыл сайын өсуде. 2017-2018 оқу жылында мемлекеттік тапсырыс 10 мыңға көбейді. Биыл Елбасының 5 бастамасының аясында қосымша 20 мың грант берілетін болады. Осы тұрғыда Елбасының білім саласына қамқорлығы үшін алғыс айтамыз.  

Слайд 10

Бесінші. Ғылым

2017 жылы Қазақстан ОЭСР-дің Ғылыми-техникалық саясат жөніндегі комитетінің мүшесі атанды.

Коммерцияландыру жобаларын қаржыландыру принциптеріне, сараптама жасау ережелеріне  өзгерістер енгізілді.

Осының нәтижесінде, ғылымда гранттық жобаларды қосымша қаржыландыруға бизнес белсенді қатысуда.

2017 жылы жеке сектор тарапынан салынған қаражат сомасы бес есе артты.

Былтырдан бастап биологиялық және ядролық қауіпсіздік саласындағы шетел гранттары қолжетімді болды. МНТЦ жалпы сомасы $720 мың болатын 4 қазақстандық жобаны мақұлдады.

Ғалымдардың халықаралық рейтингтік журналдардағы публикациялар жыл сайын артуда. 2017 жылы Web of science Clarivate Analytics және Scopus деректері бойынша жарияланым 3 200-ге жетті.

Құрметті, Бақытжан Әбдірұлы, осы баяндамада айтылғандай Программа нәтижелі орындалуда. Сонымен қатар, Елбасының тапсырмаларына сәйкес Программаға өзгерістер енгізілуде. Алдағы уақытта Министрлік әкімдіктермен бірге оны сапалы орындау мақсатында жұмысты жалғастыратын болады.

Назарларыңызға рахмет!


Карта сайта

Министерство образования и науки Республики Казахстан 010000, город Астана, улица Мангилик ел, 8

Телефон: +7 (7172) 74-24-25 e-mail: press@edu.gov.kz