Map map map 1
 



 

no news in this list.


            


            






Білім алушыларға мемлекеттік аралық бақылау 

"Қазақстан Республикасының кәсіптік жоғары білім беру ұйымдарындағы білім алушыларға аралық аттестаттауды еңгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 9 қаңтардағы N20 ҚАУЛЫСЫ

 

Қазақстан Республикасының кәсіптік жоғары білім беру ұйымдарындағы білім алушыларға аралық аттестаттауды еңгізу туралы

"Білім туралы" Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 7 маусымдағы Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің медициналық мамандықтар бойынша оқудың 3 курсынан, басқа кәсіптік жоғары білім беру мамандықтары бойынша - 2 курстан кейін меншік нысаны мен ведомствалық бағыныстылығына қарамастан Қазақстан Республикасының кәсіптік жоғары білім беру ұйымдарындағы білім алушыларға аралық аттестаттаудан еңгізу туралы ұсынысы қабылдансын.

2. Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі:

1) Қазақстан Республикасының кәсіптік жоғары білім беру ұйымдарындағы білім алушыларға аралық аттестаттауды еңгізуді қамтамасыз етсін;

2) Қазақстан Республикасының кәсіптік жоғары білім беру ұйымдарындағы білім алушыларға аралық аттестаттауды ұйымдастыру және өткізу ережесін бекітсін;

3) осы қаулыдан туындайтын өзге де шаралар қабылдасын.

3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

 

 

                    Қазақстан Республикасының 

                    Премьер-Министрі                                                               Д.Ахметов