|
||||||||||||||
![]() no news in this list. |
Обзор СМИ
Еліміздегі жетекші университет ТМД сыйлығын иелендіБақыт БАЛҒАРИНА, "Егемен Қазақстан". Республикадағы іргелі жоғары оқу орны — Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті ТМД елдерінің "Сапа саласындағы жетістіктері үшін" сыйлығының "Ғылым және білім" номинациясы бойынша жеңімпаз атанды. Сез реті келгенде атап айтарлығы, ҚазҰУ өзірге мұндай жоғары марапатқа ие болған еліміздегі жалғыз жоғары оқу орны. Жетекші университет мұндай жоғары мәртебеге ғылым мен білім беру сапасы және сапаны басқарудың қазіргі заманға сай әдіс-тәсілдерін енгізгені үшін қол жеткізіп отыр. Бұл жөнінде Мәскеуде биылғы жылдың сәуір айының басында Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы елдерінің "Сапалы өнімдер мен қызмет саласындағы жетістіктері үшін" сыйлығының 2007 жылы лауреаттары мен дипломанттарын марапаттауға арналған ТМД Экономикалық кеңесінің мәжілісінде айтылды. Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының "Сапа саласындағы жетістіктері үшін" сыйлығын тапсыру салтанаты биыл тұнғыш рет өткізіліп отыр. Бұл байқауды стандарттау, метрология және сертификаттау жөніңдегі Мемлекетаралық кеңес 2005 жылдың қараша айыңда ТМД мемлекеттері Үкімет басшыларының кеңесінің шешіміне сәйкес жариялаған. Енді бұдан былай бұл сыйлық екі жылда бір рет тағайындалып тұрмақшы. Байқаудың басты мақсаты — ТМД елдерінде шығарылатын өнімнің (қызметтің) сапасы мен бәсекеге қабілеттілігін арттыру. Оған ТМД-ның он екі мемлекетінен жүзге жуық кәсіпорындар мен ұйымдар қатысқан. Қазақстаңдық кәсіпорыңдар байқаудың барлық алты номинациясы бойынша сайысқа түсіп, солардың арасындағы ең үздігі — Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті деп танылғаңдығыы құптарлық жәйт. АЛМАТЫ. |
|||||||||||||
|
|
||||||||||||||