|
||||||||||||||
![]() no news in this list. |
Обзор СМИ
Ауыл мектебін көтерсек дейдіБиыл Ыбырай Алтынсарин атындағы Арқалық мемлекеттік педагогикалық институтын бітіретін түлектер ауылға баруға бел байлапты. Қазақ халқының ұрпағын білімге баулимын деп бүкіл саналы ғүмырын арнаған Ыбырай Алтынсариннің бүгінгі ұрпақтары сол баба жолын алыс ауылдардағы мектептерде жалғастырып, тәуелсіз мемлекетіміздің ертеңгі тұтқасын ұстайтын ұл мен қызды білім нәрімен сусындатып, тәрбие үйретуді азаматтық борышымыз деп біліпті. Олардың бұл қадамы өзгелерге де үлгі болса, қане. "Мен жанбасам лапылдап, сен жанбасаң лапылдап, біз жанбасақ лапылдап, аспан қалай ашылмақ" деп келетін өлең жолындағыдай ершіл рухты серік еткен жастардың бұл бастамасы Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың халыкқа Жолдауындағы бағыт-бағдарларға, сонымен қатар Президенттің жоғары оқу орнын бітірген түлектердің өздері түлеп ұшқан алтын діңгек ауыдды көркейту жөніндегі ойынан туындап отырғаны шындық. Олар заман талабына сай калада алған білімді, әсіресе оқытудың инновациялық технологиясын, өткен жылы Елбасы тұсауын кескен, білім беру ісіне дендеп еніп келе жатқан интерактивті сабақгы, мультимедиялық жүйені ауыл баласына таныстыруды мақсат етіп отыр. Жастық күш-жігерлерін кіндік қаны тамған ауылға арнауды ойластырған ондай жастардың ұзын саны 150-ге таяу. Шынында, осыншама білім-білігі мықты мамандардың ауылға бет алуын біз құптай отырып, ақ жол тілейміз. "Егемен ақпарат". |
|||||||||||||
|
|
||||||||||||||