Map map map 5
 



 

no news in this list.



            


            








Ж.ҚҰЛЕКЕЕВ «Қазақ мектептерінде білім сапасы төмен емес» сұхбат, «Түркістан» газеті, 27.05.2004

— Биылғы жылғы түлектер алғаш Бірыңғай ұлттык тестілеуден өтпек. Оның кешенді тестіден айырмашылығы не? Бұған қосымша қанша қаржы жұмсалмак?

— Бізде 1999 жылдан бері қарай жоғары оқу орнына қабылдау емтиханы кешенді тестілеу аркылы жүзеге асып келе жатқаны белгілі. Бұл емтиханнын одан айырмашылығы — мектеп бітірген емтихан мен жоғары оқу орнына түсетін емтиханның бір кезеңде болатындығында. Бұл біріншіден —мектептің жұмысын бақылау үшін қажет. Бұрын мектеп бітірген балаларды оқытушылар өздері сынақтан өткізіп, тиісті бағасын қойып беретін. Ал бірыңғай ұлттық тестілеу арқылы мұғалімнің де еңбегін бағалауға болады. Бұл — көптеген дүниежүзінің мемлекеттерінде қалыптасқан тәжірибе. Кешенді тестінің нәтижесі бойынша мектептерде үздік бағамен оқып келген балалардың “2” алып жатқаны барлығымызға мәлім. Бұның тағы бір ерекшелігі — бұрын мектеп бітіруші облыс орталықтарындағы тест орталықтарына келіп, емтихан тапсыратын. Ондай тест орталықтары біздерде 48 болатын. Әрине, олар алдын-ала облыс орталығына келетін. Жалғыз келмей, ата-аналарымен шұбап жүретін. Бір айдай уақыт калада жатып үлкен шығынға ұшырайтын. Ата-ананың барлығында бірдей ондай мүмкіндік жоқ еді, Біз бұл шығындарды біріншіден — мемлекеттін есебінен қаржыландыратын болдық, екіншіден—тест орталықтарын аудан орталықтарынан ашып, ауылға жақындата түспекпіз. Біздің жалпақ есебіміз бойынша Қазақстан тұрғыңдары 4 миллиард теңгеге жуық қаражаттарын үнемдейтін болады. Осы бірыңғай ұлттық тестіні өткізу үшін мемлекет тарапынан 500 миллион теңге бөлініп отыр. Негізгі шығынның барлығын биылғы жылы мемлекет өз мойнына алады. Бұдан кейінгі жағдай да осылай жалғаспак. Өйткені, мектеп бітіру емтиханы мен оқуға түсу емтиханы сәйкес келіп отыр. Мектеп жұмысынын барлығы мемлекет есебінен қаржыландырылатын болғандықтан, шығынның барлығын Үкімет өз мойнына алады.

— Колледж бен кәсіптік техникалық училищелердің бұдан кейінгі тағдыры не болмақ?

- Қазіргі заң бойынша орта білім үш бөлімнен тұрады. 1-11 жылдық жалпы орта білім беру, 2 — бастауыш техникалық, 3 — арнайы орта. Конституцияға сәйкес орта білім тегін. Соған байланысты жалпы орта білім мен бастауыш техникалық білім мемлекет есебінен қаржыландырылып келеді. Ал, арнайы орта білім мемлекет есебінен қаржыландырылып отырған жоқ. Колледжде оқып жатқандардың 20%-і ғана тегін білім алады. 80%-і өз қаражаты арқылы білім алуда. Олардың бағдарламасына орай орта білімнен жоғары арнайы орта білім берілуі тиіс. Тұжырымдамаға сәйкес жалпы орта білім мен бастауыш техникалық білімді орта білімге жатқызып, арнайы орта білім беретін колледждерді мектептен кейінгі деңгейге көтердік. Ондай жағдайда колледжге 12 жылдықты бітіргендер ғана түсе алады. Бұл шешім де көптеген дау-дамайды туғызғаны белгілі. Өйткені, кейбір колледж директорлары 9-сыныпты бітіргендерді қабылдауға күш салды. Бірақ, айналып келгеңде шешім дұрыс қабылданған секілді.

 

БІЗ ҒЫЛЫМДАҒЫ ШЕНЕУНІКТЕРДІ ТАРАТТЫҚ, АЛ ҒЫЛЫМ ЖҰМЫС ЖАСАП ЖАТЫР

— Ғылым Академиясының қоғамдық негізде жасақталуынын мәні неде? Ресейде ғылым Академиясы күшейтіліп жатыр. Жалпы, Қазақстан ғылымының болашағы жөніндегі ойыңыз?..

— Ғылыммен айналысатын арнайы институттар бар, сосын сол ғылымды басқару бар. Академия дегеніміз осы ғылым саласын басқаратын шенеуніктерден тұрады. Соңғы жылдары Академияның бар істеген жұмысы — ол тек ғылыми институттардың жұмысын басқаруға тырысты. Мемлекет есебінен бөлінген қаражатты сол институттарға бөлу, есебін тындаумен айналысты. Ғылым Академиясының қоғамдық ұйымға айналдырған белігі — ғылымдағы шенеуніктер. Біздің заңымызға сәйкес мемлекеттік тапсырыстың барлығы конкурспен беріледі. Институттың директорын сайлау конкурс арқылы шешіледі. Сондыктан ол жерге қосымша шенеуніктің қажеті жоқ болды. Ғылым Академиясы айналысатын ғылымға бөлетін ақшаны біз бөлеміз, институттың директорларын біз сайлаймыз. Егер, мемлекеттік тапсырысты министрлік беретін болса, оның есебін неге басқа шенеуніктер қабылдауы керек. Бюджеттік саясатқа байланысты бізде ғылымды қаржыландырудың жаңа жүйесі қалыптасты. Осы уакытта Академияның орны болмай қалды. Бұрынғы 33 Академиялық институт бұрын қалай жұмыс істесе, қазір солай істеп отыр. Ал, Ресей де біртіндеп осыған келетін болады. Өйткені, олардың арасында да қазір қайшылық көп. Оларда да ғылым-білім министрлігі бар. Ғылымға бөлінетін ақшанын біразын соларға, біразын ғылымдағы шенеуніктерге бөледі.

Ал, қазір бізде ғылымға аз көңіл бөлініп отырған жоқ. Ғылыми зерттеу институттардың жағдайын жақсартуға тырысып жатырмыз.

— Ғылым Академиясының ғимараты біреулерге керек деген де әңгімелер бар ғой?

— Жок, ол бекер. Оны ешкімге де бермейміз. Бұл ғимараттын екінші кабатының бір белігін ғана Ғылым Академиясының шенеуніктері ұстап отыратын. Академияның ішінде 14 институт орналасқан. Олар бұрын қалай жұмыс істесе, қазір де солай жұмыс істеп жатыр.

— Ғылыми атақ алудың ендігі бағыты қалай болмақ?

— Біраз уақытқа дейін әлі де бұрынғы ескі жүйе де, келесі жылдан бастап мына жаңа жүйеде қатар жүретін болады. Біз жуық арада жаңа жүйеге кеше алмаймыз. Дайындық керек. Қанша жылда көшетіндігімізді уақыт көрсетеді. Қазіргі кандидаттардын сапасы жаман емес. Әсіресе, математика, физика, биология саласынан қорғап жатқандардын сапасы тәуір. Гуманитарлық пәндер бойынша даярлап жатқан кадрлардың сапасы төмен. Оның ішінде экономика, юриспруденция, педагогика саласындағы кадрлар. Қоғамнын өзгеруіне байланысты, ғалымдардың материалдық жағдайының құлдырауына байланысты сол адам ақшасы бар адамға диссертация жазып беру арқылы қорғатады. Олардың білім, ғылым саласына қосатын ештеңесі жок. Бізде осындай келеңсіз жайт етек алып барады. Ескі кандидаттық, докторлық жүйенің кемшілігі —ғылыммен айналысам деген жастарға біз бір тақырып бекітіп береміз. Сол такырып бойынша 10-15 жыл зерттеу жүргізеді. Содан кейін жұмысын қорытындылап, кандидаттық және докторлық диссертация қорғауы мүмкін.

Математика, физика, биология сияқты жаратылыстану ғылымы саласында бұл жүйе жұмыс істей береді. Өйткені, ол салаларда түбегейлі өзгерістер болмайды. Ал, енді қоғамтану саласында—экономика, тарих, филологияда адамдар өзгеріп отырады. Осы салада бір адам жиырма жыл бойы бір тақырыппен айналысатын болса, 5 жылдан кейін ескіріп қалуы мүмкін. Ол адамның өзінің білім деңгейі өсетін шығар, бірақ бар өмірін соған сарп етудің қажеті жоқ. Шетелдерде мұның ерекшелігің ертерек түсініп, арнайы докторлық бағдарламаға ертерек көшіп кеткен.

Мұның ерекшелігі — университетті бітірген соң магистратураға қабылдаймыз. Оны жақсы бітірсе докторантураға түсіреміз. Ол уакытының біразын лектордың лекциясын тыңдауға жұмсайды. Докторантураға түскен адамға бірнеше жетекші тағайындалады. Мысалы, Американың көп университеттерінде докторантқа әр саладан 4 жетекші береді. Докторантураны бітіргенге дейін көмектесіп отырады. Ол бірнеше мақала жазып, емтихандарын тапсырып келсе, оған доктор атағын береді, Бұл ғылыммен өз бетімен айналысуға дайын адам деген сөз. Докторлық атақты 26-27 жаска дейін алатын болады.

 

БАЛТЫҚ ЖАҒАЛАУЫ ЕЛДЕРІНІҢ ТӘЖІРИБЕСІ БІРТІНДЕП БІЗГЕДЕ ЖЕТЕДІ

— Білім саласы мемлекеттегі ұлттық саясаттың ең басты құралы. Білім ұлттық сипат алмай, мемлекеттік ұлттық саясатты жүргізе алмаиды. Осы тұрғыдан алғанда, сіздіңше, Қазақстан қоғамы жуық арада қазақтана ма?

— Қазақстандағы мектептердің 70%-і ауылды жерде. Оның себебі, халықтың бәрі бытырап орналасқан ғой, Сондықтан да шағын кешенді мектептердің саны көп. Жалпы Қазақстандағы мектептердің 54%-і шағын кешенді мектептер. Ол мектептерде 100-150 балаға дейін оқиды. Әрбір сыныпта 12-15 баладан оқиды. Ал, окушылардың саны жағынан бұл көрсеткіш керісінше. Оқушылардың 60%-і қалалы жерде, 40%-і ауылды жерде оқиды. Қазақстанда оқып жатқан 3 миллионнан астам баланың 60%-і қазақ мектебіне барады. Қазақ балаларының 80%-тен астамы қазақ мектебіне барып жатыр. Қазақстандағы басқа ұлттардың ішінде 20 мыңдай бала қазақ, мектептерінен дәріс алады. Бұрын бір орысы жоқ. Елді мекендерде орыс мектептері болатын. Соңғы уақытта мектеп жасындағы балалардын саны 20%-ке кеміп кетті. Сол себепті де, бұрынғы аралас мектептер қазақ, мектебіне, орыс мектептері аралас мектепке айналып жатыр. Бұл қазақ мектептерінің санынын артып келе жатқандығын көрсетеді. Біз барлығын бір күнде түзей салмаймыз. Мысалы, Ресейдің өзі француз тілінің ықпалында жүрген. Осыдан 100-200 жыл бұрын ол мемлекеттегі зиялылардың барлығы француз тілінде сөйлеген. Бүкіл Еуропаның барлығына грек тілінің ықпалы үстемдік етті. Олар үш жүз жыл грек тілінен құтыла алмады. Ресейде осыдан екі жүз елу жыл бұрын Ломоносов университеті ашылған уақытта орыс тілінде сабақ беретін жоғары оқу орны болмаған. Ломоносовты орыстардың жақсы көретіні — бірінші орыс тіліндегі жоғары оқу орнын ашқан адам сол.

Қазақстанда да мәселе осы сияқты. Отызыншы жылдары бізде жоғары оқу орны болған жок. Ең бірінші ашылған ЖОО—бұрынғы ҚазПИ. Ол 1928 жылы институт болып ашылған кезде бар-жоғы 9-ақ мұғалім болған. Оның бір-екеуінің ғана ғылыми атағы болды. Бүкіл Қазақстандағы ғылыми потенциал сол-ақ болған еді. Бірақ, тез арада ғылымды да, білімді де көтеру керек болды. Алғашқы уақытта біз ғалымдарды шетелден тартуға тырыстық. Мәскеуден, Украинадан, Беларуссиядан. Осыңдай обьективті себептерге байланысты білім орыс тілінде қалыптасты. Алғашқы ашылған техникалық саладағы сабақ негізінен орыс тілінде жүргізілді. Өзіміздің кадрлар тек 50- жылдары пайда бола бастады. Олар қазақ тілінде факультеттер ұйымдастырды.

Алғашқы уақытта техникалық саладағы факультеттерді ұйымдастырудың мүмкіндігі болған жок. Өйткені бізде кадр жоқ еді. Кадрлардың басым көпшілігін Ресейден шақырдық, алғашқы бітіргендерді Ресейге жіберіп оқыттық. 70-жылдары қазақтың ғылыми орталықтары пайда болды. Біртіндеп қазақ факультеттері ашыла бастады. Қазақ тіліне жаны ашитын интеллегенция қалыптасты. Бұның барлығы Қазақстандағы зиялылардың ғылыми потенциалының өсуіне байланысты болды. Сол кездерде ғана білімнің қазақтануына көніл бөліне бастады, бірақ, жүйе дұрыс болған жоқ. Орыс тілінсіз күнің қараң дегенді әрбір адамға шегелеп үйретті.

Енді, тәуелсіздік келді. Тәуелсіздік келгеннен кейін бәрі қолымызда болатын. Біріншіден, елдің тыныштығы қажет болды. Өйткені, бұрынғы Одақ мемлекеттері ішіндегі ең көп ұлтты мемлекет Қазақстан болды. 90— жылдары қазақтың саны өз елімізде аз болды. Бірінші рет 1997 жылдың мамыр айыңда ғана (мен ол кезде статистика бөлімінде істейтінмін) қазақтардың саны 50%-тен асты. Басқа ұлттың, оның ішінде орыстың ықпалы өте жоғары болды. І997 жылдан бері қарай Қазақстандағы қазақтардың саны басқа ұлттармен салыстырғанда, жыл сайын 1% болса да көтеріліп келеді. 1999 жылы арңайы санақ өткізгенде біз мемлекеттік тілді халық қаншалықты біледі екен деген арнайы сұрақ қойдық. Осы сауалдың нәтижесі бойынша Қазақстандағы халықтың 70%-ке жақыны қазақ тілін білетіндігі анықталды. Бұл біздің еліміздегі қолымыз жеткен ең үлкен жетістіктің бірі болатын. Енді осы кезеңдегі қазақ тілінің дамуы әр түрлі қиыншылықтарға ұрынуда. Біріншіден, әлі де болса, қазақ тілі мемлекеттік тіл болып қалыптасқан жоқ. Сондықтан да, көптеген терминдерді қалыптастыруға атсалысып жатқан көбіне журналистер. Өйткені, көп жиналыс, көптеген категориялар орыс тілінде айтылады да, соны қазақшаға аударатын журналистер. Мен өз басым соңғы уақытта қалыптасып отырған терминдердің біразына қарсымын. Мәселен, барлығымызға түсінікті сөздерді ешкім түсінбейтін XV ғасырда қалыптасқан парсы немесе араб тілдерімен алмастырып жатырмыз. Бүгінгі жастар үшін не тиімді. Бұрынғы XV ғасырдағы арабтың сөзін алған дұрыс па, жоқ әлде бүкіл дүниежүзі қолданатың ағылшынның немесе Еуропаның тілдеріндегі, латын тіліндегі терминдер дұрыс па? Мәселен, елдің бәріне түсінікті функция деген сөз бар. Оны “зәйтуна” деп аудардық. Ол арабтың сөзі, оның мағынасы функциядан гөрі басқаша. Сол сияқты “системаны” “жүйемен” алмастырдық. Жүйе дегеніміз дұрыс та шығар. Бірақ, техника саласында жүйеден гөрі, системаның артықшылығы басым. Бұл бүгінгі күннің талабына жауап бергеннен гөрі, тілдің тазалығын қолдан қиындатып жібергенге ұқсайды.

Тілдің мемлекеттік тіл болып қалыптасуы — халықтың құрамымен тығыз байланысты. Қазір орыстардың басым көпшілігі қазақ тілінде білім алып жатыр. Сондықтан алдымыздағы он жылда мемлекеттік тілге толықтай көшеміз деп айтуға болады. Халықтын барлығы қазақ тілінде сөйлейтін заманда тілдің тазалығы екінші қатарға ысырылады. Мысалы, түрік тілін алсаңыз, оның құрамыңда көптеген араб, ағылшын тілдерінен енген сөздер бар. Ол сөздердің түрікшеде баламасы бар. Бірақ, оларға қазір түрікше баламасын іздегеннен гөрі ағылшын тіліндегісін айта салған оңай.

Тілдің дамуы коғамда алатын орнымен тығыз байланысты. Бізде азғантай уақыттың ішінде көптеген өзгерістер болды. Тілдін қолданылу аясы кеңейіп келе жатыр. Меніңше, алдымыздағы 5-10 жылдың ішінде үлкен өзгерістер болады.

— Қаладағы қазақ мектептерінің саны өте аз. Бұны қалай көтеруге болады?

— Қала мектептерінің саны жалпы аз. Бірақ, қазақтар балаларын қазақ мектебіне берем десе, барлық облыс орталықтарында толық мүмкіндік бар. Солтүстік облыстарда — Солтүстік Қазақстанда, Астана қаласында, Шығыс Қазақстанда, Павлодарда проблемалар болғаны рас. Бірақ, оның бәрі шешіліп келе жатыр. Соның нәтижесінде қазақ балаларының 80%-і қазақ мектептеріне баруға мүмкіндік алып отыр. Кейбір ата-аналар балаларын әртүрлі себептермен қазақ мектептеріне бергісі келмейді. Себебі әр-түрлі, ата-аналардың біразы балаларын таза ағылшын тілінде білім беретін мектептерге беріп жатыр, кейбір жерлерде қазақ мектебі жоқ болуы мүмкін, кейбір ата-аналар баласының орысша білім алуына мүдделі деген сияқты.

— Бізде қазақ мектептерінің сапасы төмен деген түсінік қалыптасқан. Оған не дер едініз?

— Мен осы мәселеге қатысты өз пікірімді білдіріп жүргеніме екі жыл болды. Жалпы қазақ мектептерінде білім сапасы төмен емес. Оның дәлелін жылдағы болатын емтиханның қорытындысынан алып отырмыз. Қазақ бөлімдеріне түсетін, қазақша емтихан тапсырған балалардың оқуға түсетін балы орыс мектебін бітірген балалардың орташа балынан жоғары. Ол қазақ мектептерінде білім сапасының жоғары екендігін байқатады.

Біз жылда қазақ мектебін бітірген балаларға грантты аз бөлетінбіз. Орыс мектебін бітіргендерге де, қазақ мектебін бітіргендергеде 50% грант бөліп келдік. Мен биыл осы тенденцияны өзгертіп, қазақ мектебін бітірген балаларға 60% грант бөлдіртіп отырмын. Өйткені, мектеп бітіретін балалардың 60%-і қазақша бітіріп жатыр,

—Тұжырымдама ауыл мектебінен гөрі, қала мектебіне арналып жазылғандай. Сіздіңше, мұндай күрт реформаларға ауыл мектебінің материалдық-техникалық базасы дайын ба?

— Меніңше, осы тұжырымдама, керісінше, ауыл мектебінін жайын ойлап жазылған сияқты. Бұл ауылдық жердегі мектеп оқушыларының жағдайын түзетуге бағытталған тұжырымдама. Тұжырымдаманы дұрыстап оқысаңыздар, біз жоғары сыныптарда бейімді білім береміз деп жатырмыз. Оны ауылдың он бала оқитын шағын мектебінде беру мүмкін емес. Сондықтан, сол балаларға тереңдетіп білім беру үшін, арнайы жағдай жасауымыз керек. Олар білімді өздерінің шала сауатты мұғалімдерінен алмайды, орталыққа арнайы мектеп-интернат салуымыз керек ол үшін. Оған жаң-жақтан балаларды тартуымыз керек. Ол мектептерге толыққанды материалдық-техникалық жағдай жасаймыз. Ал, енді осы жағдайды өзгертпей, шағын кешенді мектептерде дұрыс білім береміз деу іске аспайтың шаруа. Өйткені, шағын кешенді мектептерде дұрыс білім алған мұғалімдердің саны өте аз. Олардыи басым көпшілігі —педагогикалық училищелерді бітірген, сырттай оқыған, халық саны аз болғаннан кейін дұрыс мүғалімдерді қорғай алатын мүмкіңдігі шектеулі. Сондықтан, 11-12 сынып оқушыларын бір жерге шоғырландырып оқытамыз деп отырмыз. Сонда ғана ауыл мектебінің жағдайы ретке келеді деп ісептеймін. Қала мектебінің ондай проблемасы жоқ. Бейімдеп оқуға да олар біртіндеп көшіп жатыр. Бір мектепте оқитын 1500 бала әр сыныпта 100-ден оқыса, солардың әрқайсысында әртүрлі пән тереңдетіліп оқытылады. Ауылдық жерде біз оны жасай алмаймыз ғой. Он баланын біреуі —физик, біреуі — химик, үшіншісі — тіл мамманы болғысы келеді. Біз олардың әрқайсысына жағдай жасай алмаймыз ғой. Қаржат бізге сол үшін керек болып жатыр.

- Жалпы, Сіз Шәмша Беркімбаеваның “Ауыл мектебі” бағдарламасын колдамадыңыз. Ал, қазақ мектептерінің 80%-і ауылдық жерлерде емес пе?

— Бұл бағдарламамен ауыл территориясының стратегиялык, дамуы деген 3 жылдық бағдарлама сәйкес келеді. Оған ауыл мектебі бағдарламасы да енді. Сондықтан, ол бағдарлама қолдау таппай қалды деуге болмайды. Керісінше, сол бағдарлама мемлекеттің үлкен бағдарламасының бір бөлімі болып кіріп, іске асып жатыр. Соның арқасында жылда ауылға 5 миллиард теңге қаражат бөліңуде. Оның үстіне ауыл мектебі мұғалімдерін қайтадан дайындықтан өткізуді қолға алдық. Мектептін материалдық-техникалық базасын нығайтуға үлкен назар аударылуда.

- Сіз тіпті қазақ мектептерінін кейбір пәндерін орыс тілінде, кейбір пәндерін ағылшын тілінде жүргізу керек дегенді айтасыз. Бұл баланың миын ашытып жібермей ме? Жалпы, ағылшын тілінде өзге пәндерді үйрететін даяр кадрлар бар ма?

— Әрине, қиын. Дегенмен, бүгінгі күннің талабы сол. Көптеген ата-аналар балаларына білімді тек қана қазақ тілінде емес, тағы бір қосымша шет тілінде оқытқысы келеді. Соған байланысты мен биыл арнайы тілдерді оқыту туралы конференция өткізіп, сонда бір тұжырымға келдік. Эксперимент ретінде, Қазақстанның барлық облыс орталықтарында қазақ-орыс мектептерінде арнайы кластар ашып, үш тілде сабақ жүргізетіндей мүмкіндік жасап көрмекпіз. Бұндай тәжірибе Қазақстанда бұрыннан бар. Еліміздегі ондай қазақ-түрік лицейлерінің саны — 23. Онда барлық сабақ төрт тілде жүргізіледі. Қазақ, орыс, ағылшын және түрік тілдерінде. Лицей бітірген балалардың барлығы осы төрт тілді еркін меңгеріп шығады. Және де осы оқу орыңдарын бітірген балалардың білім деңгейі өте жоғары. Оған лицей түлектерінің 85%-і грант пен кредитке түсетіндігі дәлел бола алады.

Біразы шетел университеттеріне оқуға түсіп жатыр. Онда балаларды конкурспен қабылдайды. Сонда 10 орынға 70 адам таласады. Бұл ата-аналар тарапынан сұраныстың үлкендігінің айғағы. Неге біз 3-4 тілде сабақ беретін үлгіні түріктердің арнайы қүрған патефонына беріп коймақпыз? Неге біз мемлекет тарапынан көмектесуді қолға алмаймыз? Ал, ағылшын тілін аптасына екі-үш сағаттық оқумен игеру мүмкін емес. Сондықтан, қосымша бір-екі сабақты ағылшын тілінде өткізер болсақ, тілді меңгеру жеңілге соғады.

Бұл жердегі ең, үлкен проблема—мектеп мұғалімдерінің арасында жеке пәндерді ағылшын тілінде үйрететін мамандар некен-саяқ. Соны шешу жолдарын іздестіріп жатырмыз.

— Бір-екі сағаттық оқумен ағылшын тілін үйрете алмаймыз дейсіз. Біздің білуімізше, орыс мектептеріндегі мемлекеттік тілді үйрету сағаты өте аз. Ендеше, мемлекеттік тілді үйрету үшін осы үрдісті орыс мектебінде неге колдан басқа?

- Бұл мәселені де біз қолға алып жатырмыз. Орыс сыныптарындағы қазақ тілі мен қазақ сыныптарындағы орыс тілінін сағатын салыстыратын болсақ, ұлт мектептеріндегі қазақ тілінің саны анағұрлым артық. Өкінішке орай, қазақ тіліңде үйрететін мұғалімдердің білім беру сапасы өте төмен.
Олардың жаңа әдістемеліктерді игеруі төмен. Бұған өзіміз кінәліміз. Тілді үйретуге салғырт қараймыз. Соның салдарынан балалардың қазақ тіліңдегі білімі төмен.

Жалпы, Оңтүстік облыстарда қазақ тіліне деген сұраныс жоғары. Орыс мектебі балаларының тілді меңгеруі жоғары деңгейде. Солтүстік облыстарда бұл ретте проблема үлкен. Солтүстік Қазақстан облысына жаңа әкім келіп, қазақ тілінің мұғалімдеріне қосымша төлемақы төлепт жатыр. Ол дұрыс та. Өйткені, білімі жақсы мұғалімдер мектепке келгісі келмейді.

Сондай-ақ, әзіңіз айтқандай бір-екі сағат оқумен тілді меңгеру мүмкін емес. Сондықтан біз эксперимент ретінде Павлодар мен Ақмола облысындағы екі орыс мектебінің оқушылары қосымша бірнеше пәнді қазақ тілінде оқи бастады. Нәтижесін қазір айту қиын. Ол биылғы оқу жылынан басталғандықтан, нәтижесін жыл аяғында көретін боламыз. Егер нәтижесі ойдағыдай болатын болса, Қазақстанның басқа да мектептеріне енгізуге тырысамыз.

Демек, біздегі мемлекеттік тілді оқытудың проблемалары төмендегідей: біріншіден — сапалы мұғалім жоктың қасы, екіншіден—жақсы оқулық, пен кешенді бағдарламалардың жасалынбай жатқандығы. Үшіншіден — қазақ мектептерінде ғана қазақша оқымай, басқа ұлт мектептерінде де қазақ тіліңде сабақ жүргізуді қолға алу керек. Балтық жағалауы елдерінде орыс мектептерінде мемлекеттік тілдегі сабақтарды барлық пәннің 40%-іне жеткізді. Болашақта біз де соған жетерміз.

— Мәжіліс депутаттары “Білім беру туралы” Заңға өзгертулер мен толықтырулар енгізу кезінде, мектеп бітірген әрбір оқушының бірыңғай ұлттық тестілеуде тапсыратын міндетті пәнінін бірі-мемлекеттік тіл болсын деген ұсыныс айтты. Сіз бұған да қарсы уәж айттыңыз. Неге?

— Біз мектеп бітірген балалардың барлығын біркелкі сынақтан өткізуіміз керек. Егер, қазақ мектебін бітірген балалар міндетті түрде үш пәннен емтихан тапсыратын болса, оның бірі — ана тілі болса, ондай жағдайды біз орыс мектебін бітірген балаларға да жасауымыз керек. Мектеп бітірген әрбір бала 120 минуттың ішінде 4 пәннен емтихан тапсыруы керек. Орыс мектебін бітірушілерге бесінші пәнді қосайық дейді. Мен оған карсы болдым.

- Тіпті, қазақ мектебін бітірушілерге орыс тілін міндеттесек те, осы ұсынысты қабылдауымыз керек еді?

- Онда мәселе де солай қойылсын.

- Сіз жалпы білім тұжырымдамасын жасардан бұрын Қазақстан Республикасы Президенті бекіткен тілдерді дамытудың 2001-2010 жылға арналған стратегиясымен таныс болдыңыз ба? Таныс болсаңыз, мемлекеттік тілді 2010 жылы жаппай енгізу көзделген, ал білім тұжырымдамасы онымен неге сәйкестендірілмеді?

- Қазақстандағы барлық университеттердің арнайы қазақ бөлімдері бар. Бірақ, кейбір техникалық университеттерде студенттер қазақ бөлімінде тек 1-2 курсында қазақша білім алуына мүмкіндік барда, жоғары курстарында оқулықтардың барлығын қазақшаға аударатындай мүмкіндігі жоқ. Осы мәселені біз қолға алуға тырысып жатырмыз. Сондықтан, келе салысымен Қазақстанда осыған орай, бірнеше конференция өткіздім. Үкіметке арнайы техникалық сала бойынша оқулықтар дайындайтын бағдарлама жасап жатырмыз. Техникалық салаларға 15 мыңдай қазақ тілінде дайындалған оқулықтар қажет. Сол оқулықтар бойынша категориялық аппараттарымыз да жоқ. Қазақ тілінде термин де қалыптаспаған. Келесі жылы осы қазақ тіліндегі оқулықтарды жазуға мемлекеттен қаражат алуды көздеп отырмыз.

 

БҰЛ МЕНІҢ БҰЙРЫҒЫМ ЕМЕС, ОНЫҢ ДҮНИЕГЕ КЕЛГЕНІНЕ ДЕ ОН ЖЫЛДАЙ УАҚЫТ

— Сіздің жақында шыққан бір бұйрығыңыз бойынша, қазақ мектептерінің түлектері орыс тілінен жазбаша, орыс мектептерінін түлектері қазақ тілінен ауызша емтихан тапсыратын болды ғой?

- Бұл — бұрыннан келе жатқан дүние. Соңғы он шақты жылдан бері қарай қалыптасқан. Қазақ мектебін бітірушілер орыс тілінде диктант, орыс мектебін бітірушілер қазақ тілінен ауызша емтихан тапсыратын болады. Сіз өзіңіз айтыңызшы, ауызша емтихан тапсырған қиын ба, жоқ, жазбаша диктант жазған қиын ба? Меніңше, диктант жазу кімге де оңай. Ауызша
емтихан жазбаша диктанттан анағұрлым қиын. Диктант жазу есту қабілетімен тікелей байланысты. Әрі қиын сөздер тақтаға жазылады, екі-үш рет оқып шығады. Сөйтіп, оны естігенің бойынша жазып шығуға болады. Ауызша емтихан арқылы баланың қазақ тілін қаншалықты меңгергенін тез байқайсың. Меніңше, ол бұйрық
дұрыс қабылданған.

- Сіз бір мәлімдемеңізде, “Қазақстан еш уакытта бір тілді мемлекет болмайды” дедіңіз. Оныңыз дұрыс та шығар. Алайда, мемлекеттік тілді білу әрбір қазақстандықтың міндеті дегенді мектеп табалдырығын аттаған әр балаға психологиялық түрде дарытқан жөн емес пе?

- Бізде мемлекеттік тілге толық көшкен 4 облыс бар. Сол облыстардан бір ауыз орысша білмей келіп жатқан балалар да бар. Бұл да біздің қоғамдағы күрделі мәселенің бірі. Өйткені біз Ресеймен қарым-қатынасымызды еш уақытта үзбейміз. Оның үстіне Қазақстан жуық арада бір ұлтты мемлекет болмайды. Конституциямызда жазылғандай орыс тілі — ұлтаралық тіл. Егер, орыс мектебін бітіріп, бір ауыз қазақ тілін білмейтін, қазақ мектебін бітіріп бір ауыз орыс тілін білмейтін болса, ол да біздің коғамды біраз дағдарысқа алып келеді. Сондықтан, осы шиеленісті болдырмау үшін қазақ мектебінің оқушылары аз да болса орысша білгені дұрыс. Орыс мектебінің оқушылары қазақ тілін білуге міндетті. Соған жағдай жасауға тырысуымыз керек. Жалғыз қазақ тілімен шектеліп қалуға болмайды. Бірнеше тілді білсең, қоғамға пайдалысың. Мысалы, Голландияның халқы голланд тілін жақсы біледі, ағылшын тілінде барлығы дерлік сөйлейді, біразы французша, біразы немісше сөйлейді. Олар төрт тілді білуге міндетті. Люксембургтін, халқы да төрт тілде сөйлейді. Француз, неміс, ағылшын және өз тілдерінде. Соңдықтан жастарға сондай саясат жүргізген дұрыс. Қазір біздің қоғамда бірауыз орысша білмейтіндер көбейіп келеді. Оның несі жақсы? Жақсы жағы да болуы мүмкін, жаман жағы одан да басым. Болашақта ашық қоғамда, басқа мемлекеттермен қарым-қатынасымыз дамып келе жатқан шақта ертелі-кеш бірнеше тілді білуге тура келеді.

- Сіз Қазақстан білімін әлемдік стандартқа сай етуді басты мақсат етіп алдыңыз. Соңда тұжырымдама қай мемлекеттің тәжірибесіне сүйеніп жасалған?

—Дүниежүзінде қатып қалған бір стаңдарт жоқ. Жастарға білім беру, тәрбие беру — әр мемлекеттің ішкі ісі. Бірақ, дүниежүзінде қабылданған бірнеше конвенция бар. Солардың ішінде Лиссабон конвенциясы. Онда 12-13 жылдық білім беру туралы айтылған. Сіз өзіңіз орта білім туралы құжатыңызды әлем мойындасын десеңіз, дүниежүзінде қалыптасқан тәжірибеге сай болуы керек. Оқу мерзімі және оқу ісін ұйымдастыру мазмұнында басым көпшілік мемлекеттерде қалыптасқан тәжірибеге сәйкес болуы керек. 216 мемлекеттін басым көпшілігінде 12-13 жылдық білім жүйесі қабылданған. Екінші, алдыңғы қатарлы басым мемлекеттерде жоғары сыныпта бейімдеп оқыту жүйесі қалыптасқан. Сендер де осыған көшіңдер дейді.

Жоғары білім туралы айтар болсақ, дүниежүзінде қалыптасқан әр-түрлі үлгілер бар. Бірақ, Еуропа мемлекеттері жаңа бір бағытты таңдап алған. Ол — Болон (Болония деген Италияның қаласының атымен) процесі деп аталады. Әр мемлекетте жоғары білім беру үш кезеңнен тұрады. 1 — бакалавр, 2— магистр, 3 — докторантура. Осы үш атақты алу кезеңі 8 жылдан аспауы керек. 3 жыл — бакалавр, 2 жыл магистр, 3 жыл—докторантура. Қазір біз бакалавр атағын 4 жылда беріп жатырмыз. Болон процесіне қосыламыз десек, ертең төрт жылдан 3 жылға қысқаруы керек. Ол үшін міндетті түрде 12 жылдыққа көшуіміз керек. ЖОО-да оқытылатын бағыттың басым көпшілігі — 12 сыныпта үйретілуі керек.

— Тұжырымдамаға байланысты айтылатын сындардың бірі—онда Батыс Еуропаның және басқа да бірнеше мемлекеттін білім беру тәжірибесінің жинақталған моделі ғана, ал өзіміздің ұлттық білім беру мәселесі ескерілмеген делінеді. Жалпы, білім берудің ұлттық моделі дегеніміз не? Біз одан неге қашамыз?

- Білім беру дегеніміз - әр уақытта тек қана ұлттық мүдде. Қазақстанның балаларын Американың мұғалімдері ешуақытта оқытпайды. Қазақстанның тарихын да, әдебиетін де жазатын біздің өз ғалымдарымыз. Еліміздің жоғары оқу орындары осы салаға кадр дайындайды. Жалпы, мұндай сұрақ қоюдың өзі дұрыс емес. Мектептегі жаратылыстану пәндері бүкіл дүниежүзінде оқытылатын сабақтар. Біз тәрбиені мемлекетіміздегі рухани байлығымыз арқылы беруге тырысамыз. Сондықтан, білім жүйесі әр уақытта тек қана ұлттық жүйе болып қалады. Бір үлгіге көшу - 12 жылдық болуы мүмкін, 13 жылдық болуы мүмкін. Ол—цифр. 12 жылдыққа көшеміз дегенде Американың тарихын оқытамыз деп отырғанымыз жоқ.

— Сіз бұл тұжырымдаманы биылдан қалдырмай қабылдауға ат салдыңыз. Асығыстық танытқаныңыздың себебі неде?

— Тұжырымдама неғұрлым тезірек қабылданса, соғұрлым пайдалы болды. Оның себебі, тұжырымдама Үкімет жиналысында қабылданып, бекітіліп, келер жылғы бюджеттен тұжырымдамаға қажет қаражат алу көзделді.

—Кейбір ақпараттарға қарағанда, бұл тұжырымдаманы іске асырудың астарында қаржылық мүдде жатқан сынды?

— Қаңдай қаржылық мүдде болуы мүмкін. Білім саласына бөлінетін ақшаның бәрі мемлекет есебінен. Егер, біз мектептердің материалдық- техникалық базасын мемлекет есебінен бөлінген қаржы арқылы жақсартатын болсақ,онда қандай қаржылық мүдде бар деп ойлайсыз?

Мемлекет аяғынан тұрған сайын, қаржысы көбейген сайын білім, денсаулық және халықты әлеуметтік қорғау саласына ғана көңіл бөлетін болады. Басқа саланы рынок өзі көтереді. Бұл — мемлекеттін әлеуметтік саясатына сәйкес жасалып отырған шара.

 

БІЛІМ БЕРУ-БИЗНЕС КӨЗІ ЕКЕНІ ДЕ РАС

— ЖОО-да оқып жатқан студенттердің көбі орыс тілінде білім алады. Олардың мемлекеттік тілді үйрену деңгейі қалай?

—Жоғары оқу орындарында оқып жатқан студенттер көп болғанымен, олардың көбі қазақ мектептерінін түлектері. Сондықтан, олар мемлекеттік тілді бір кісідей біледі. Сондай-ақ, әр университетте қазақ тілі кафедрасы жұмыс істейді.

— ЖОО туралы заң қабылданғалы біраз уақыт болды. Жекеменшік жоғары оқу орындары көбейіп кетті. Жалпы білім бизнес көзіне айналып бара жатқаны ма?

- Білім беру — әрине, бизнестің арнайы түрі. Білім беруге мемлекеттің бюджетінен 1 миллиард доллар қарастырылады. Жеке білім беру саласында айналып жүрген ақша 800 миллион доллар шамасында. Қазақстанда мемлекеттік университеттердің саны көп. 50-ге жуық. Түбінде Қазақстанда 40-қа жуық университет мемлекеттің меншігінде қалуы мүмкін. Бұл біздің мемлекет үшін жеткілікті. Көптеген жекеменшік университеттерде білім берудің сапасы өте жақсы.

 

Әңгімелескен Есенгүл КӘПҚЫЗЫ