Map map map 3
 



 

no news in this list.



            


            








К.ҚҰРМАНӘЛИЕВ “Талапкер өкініп қалмас үшін тиянақты дайындалуға тиіс” сұхбат, "Жас алаш" 8 маусым 2004 ж.

Еліміздің білім беру жүйесінде жүргізіліп жатқан реформалардан ел құлағдар. Өзгерістердің бірқатары биылдың өзінде қолға алынбақшы. Мектеп бітіретін оқушыны да, жоғары оқу орнының студенттерін де толғандырып отырған ортақ мәселе – тестілеу төңірегінде. Мектеп бітіру емтиханы мен жоғары оқу орнына қабылдау емтиханы біріктіріліп, ұлттық бірыңғай тестілеу (ҰБТ) түрінде өткізілетін болса, ЖОО ІІ (ІІІ) курс студенттеріне аралық аттестаттау енгізілуде. Редакциямызға келіп түскен хаттарда осы екі мәселенің мән-жайы жиі сұралады. Соны таратып айтып беру үшін ҚР Білім және ғылым министрлігі Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім департаментінің директорының орынбасары, филология ғылымының докторы, профессор Кәрімбек Құрманәлиевті сұхбатқа шақырдық.

- Студенттерді аралық аттестаттаудан өткізу қандай мақсаттан туындап отыр?

- Ќазаќстан Республикасының кәсіптік жоғары білім беру ұйымдарындағы білім алушыларға аралыќ аттестаттауды ұйымдастыру және өткізу Ќазаќстан Республикасы Үкіметінің ќаулысына сәйкес іске асырылады. Бұл аралыќ аттестаттауды енгізудегі басты маќсатымыз - кәсіптік жоғары білім беру сапасын арттыру. Педагогика, экономика, юриспруденция саласында оқып жүрген студенттердің ІІ курстан кейін, ал, медициналық мамандықтар бойынша ІІІ курстан кейін бұған дейін алған білімдеріне, оқу жетістіктеріне қорытынды жасалатын болады. Сондай-ақ, қолға алынып отырған шара – жоғары оқу орындарындағы оқу процесін ұйымдастырудың тиімділігін бағалап, мемлекеттік жалпы міндетті білім стандарттарын жетілдіре түсуге де мүмкіндік туғызады.

- Бұл шараның қандай нәтиже беруі мүмкін? Жыл сайынғы тестілеу қорытындысындай, жақсы оқитын студенттер мен үлгерімі нашар студенттердің пайыздық қатынасы үлкен болып шықпай ма?

- Жоғарыда айтылғандай, білім алушыларды аралық аттестаттау тек қана студенттердің білім деңгейін анықтаумен шектелмей, сонымен бірге, сол студенттерге дәріс беріп жүрген оқытушылардың да білім беру деңгейін бағалауға, жоғары оқу орындарының рейтингін белгілеуге көмектеседі. Аттестаттаудың қорытындысынсыз алдын-ала қандай нәтиже болатынын нақты айту қиын. Өзіңіз айтып отырғандай, бұған дейін нашар оќып жұрген студенттер тестілеудің ќорытындысында жақсы нәтиже көрсетіп, керісінше үлгерімі жаќсы деп жүрген студенттеріміз төмен нәтиже көрсетуі де мүмкін. Өйткені білім беру процесінде және студенттерді даярлау сапасында кездесіп қалатын жағымсыз факторлардың әсері бар екенін ешкім жоққа шығара алмас. Оқытушы өзі дәріс беріп, өзінің берген білімін өзі тексергенде, объективті бағалаудан ауытқуы ықтимал.

- Аралық аттестаттаудан өте алмаған студенттердің жағдайы не болады? Грант жеңіп алған студент ең төменгі нәтиже көрсетсе, оның орнына несие иеленген немесе аќылы бөлімде оќитын студентті көшіру мүмкіндігі бар ма?

- Егер студент аралыќ аттестаттаудан бір рет өте алмаса, екінші рет, яғни күзде ќайта бағын сынауға мүмкіндік беріледі. Егер ол екінші рет тағы да аттестаттаудан өте алмаса, онда студент грант немесе несие иегері құқығынан айырылып, белгіленген тәртіппен оќудан шығарылады да, оның бос орнына білім деңгейі және дайындығы жоғары несие иеленген немесе аќылы білім студенттері конкурстыќ негізде ие бола алады. Айта кететін бір мәселе, оқудан шығарылған студенттің қайтадан, екінші рет сол курсты оқуға мүмкіндігі сақталады, тек қана ақылы түрде.

- Аралық аттестаттауды енгізу үшін алдын ала қандай дайындық жұмыстары жүргізілді?

- Алдымен қажетті нормативтік-құқықтық база құру бойынша жұмыстар жүргізілді. Атап айтсақ, аралық аттестаттауды ұйымдастыру және жүргізу ережесі, кешенді тестілеу жүргізілудің технологиясы бекітілді. Тестік тапсырмаларды сараптау жөнінде кеңес құрылып, қажетті ұйымдастыру-технологиялық нұсқаулықтар әзірленді. Елімізге белгілі жоғары оқу орындарының оқытушыларының қатысуымен елу мыңнан астам тест тапсырмасы әзірленіп, сараптама нәтижелері бойынша 23026 тестік тапсырмалардан тұратын База дайындалды. Аталған технология мен тестік тапсырмалар сынақтан өткізілді. Ақпан айында тест тапсырмалары мен кешенді тестілеудің және аралық аттестаттау кезінде студенттердің оқу жетістіктерін бағалаудың деңгейлік шамасын анықтау үшін эмпирикалық деректер алу мақсатында еліміздің жоғары оқу орындарының он мыңға жуық студенті сынама кешенді тестілеуден өтті.

- Бұл шараны өткізуде ќандай технологиялыќ жетістіктер пайдаланылады? “Бармаќ басты, көз ќыстылыќ” әрекеттер бой алып кетпей ме?

- Білім алушыларды аралық аттестаттаудан өткізуде Ќазақстан Республикасы Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарты бекітілген болатын. Аралыќ аттестаттау кезіндегі кешенді тесті өткізу технологиясы осы стандарт негізінде жүзеге асырылады. Яғни, студенттердің білім сапасы кешендік тестілеу технологиясы бойынша анықталатын болғандықтан, студенттер әлдекімнің көмегіне емес, өз білімдеріне жүгінуі керек. Кейбір келеңсіз жағдайларды болдырмау үшін, осындай жаңалықтар енгізілуде.

- Елімізде биылғы жылдан бастап, енгізіліп отырған Ұлттық бірыңғай тестілеу (ҰБТ) туралы да оқырмандардың сұрақтарына жауап бере кетсеңіз. Бұл жаңалық қандай мақсатпен енгізілуде?

- Бұл - оқушының 11 жыл мектеп қабырғасында алған білімін әділ бағалай отырып, жүзеге асырылатын шара. Яғни, мемлекеттік аттестаттауды және колледждер мен жоғары оқу орындарына қабылдау емтихандарын біріктіретін мемлекеттік жүйе.

ҰБТ-ға жоғары оқу орындарына, колледждерге түсем деп ниет білдірген орта мектеп бітірушілер ерікті түрде қатыса алады. Тестілеуге қатыспаған оқушылар дәстүрлі емтихан тапсырып, аттестат алуына болады. Айта кететін бір жәйт, ондай оқушылар биылғы жылы жоғары оқу орындарына түсу мүмкіндігінен айырылады.

- ҰБТ-ы аясындағы 4 пән бойынша көрсеткен нәтиже мен талапкердің 11 жылдыќ білім көрсеткішіндегі бағаның ќайсысы аттестатќа түседі?

- ҰБТ-ны тапсырғаннан кейін нәтижелері автоматтандырылған өңдеуден өткізіледі. Әзірленген шкалаға сәйкес сертификаттағы балдар дәстүрлі бағаларға ауыстырылады және ҰБТ өткізілетін пунктте әр мектепке ќорытынды тізім тапсырылып, оның негізінде мектепте аттестат толтырылады. Мектеп бітірушінің аттестатына жалпы білім беру пәндері бойынша ҰБТ-да алған баға ќойылады.

- “Алтын белгіден” үміткер талапкерлер мен республикалыќ пән олимпиадаларының жеңімпаздары мен жүлдегерлеріне жеңілдік беріле ме?

“Алтын белгіден” үміткер талапкерлер мен республикалыќ пән олимпиадаларының жеңімпаздары мен жүлдегерлері бағаларын ҰБТ-да дәлелдеген жағдайда ғана, таңдап алған жоғары оқу орнына мамандықтар арасындағы сертификаттар конкурсына қатыспай-ақ бірден қабылданады.

- ҰБТ сертификатымен арнаулы оќу орындарына түсуге бола ма?

- Ќазаќстан Республикасы кәсіби орта білім ұйымдарына ќабылдау типтік ережелеріне сәйкес азаматтар ҰБТ-ға ќатысу нәтижесінде берілген балдар сертификатының негізінде кәсіби орта білім беру ұйымдарына тұсуге ќұќылы. Сол сияќты, сырттай оќу бөліміне де түсе алады.

- Егер талапкер емтихан болатын күні ауырып ќалса, ҰБТ-ны кейін тапсыруға мүмкіндігі бола ма?

-Егер талапкер емтихан болатын күні ауырып ќалса, тек тест өтетін маусым айының 10-15-і аралығында тапсыра алады. Бірақ, емтиханға осы көрсетілген аралықта да бара алмаған жағдайда, аттестат жылдық баға негізінде беріледі. Айта кету керек, мұндай мектеп бітіруші биылғы жылы еліміздегі жоғары оқу орындарына түсу мүмкіншілігінен айырылады.

- ҰБТ-да ең төменгі көрсеткіштегі /40/ балл жинай алмаған талапкерлерді не күтеді?

- Жоғары оқу орындарына қабылдаудың типтік ережелеріне сәйкес, студенттер қатарына қабылдау үшін қажетті ең төменгі балдың саны 40-тан төмен болмауы шарт. Ал, талапкердің алған балы бұл көрсеткіштен төмен болған жағдайда, жоғары оқу орындарының ақылы бөліміне де қабылдану құқығынан айырылады. Сондықтан, өкініп қалмас үшін, талапкерлердің емтиханға тиянақты дайындықпен келгені абзал.