Map map map «Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы»
 



 

no news in this list.



            


            








Қазақстан Республикасының білім беру жүйесі  Кәсіптік жоғары білім  «Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы» 

 

 

Қазақстан Республикасы
                                                                                    Үкіметінің
                                                                              2005 жылы  “24” тамыздағы                                                        N872 қаулысымен бекітілген

 

 

 

«Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы»

 

 мемлекеттік грантын тағайындау ережесі

 

 

 

 

1. Жалпы ережелер 

1. Осы «Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы» мемлекеттік грантын тағайындау ережесі (бұдан әрі– Ереже) меншік нысандарына және ведомстволық бағыныстылығына қарамастан  жоғары оқу орындарының (бұдан әрі - ЖОО) ғылыми және педагогикалық қызметтерде жоғары жетістіктері бар оқытушыларына оларды көтермелеу және қолдау мақсатында «Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы » мемлекеттік грантын (бұдан әрі - Грант) тағайындау тәртібін белгілейді.   

2. Осы Ережеде мынадай  негізгі түсініктер:

1) грант - «Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы» конкурсында (бұдан әрі - Конкурс) жеңіп шыққан оқытушыға шетелде тағылымдамадан өтуді қоса алғанда, бір жыл ішінде ғылыми зерттеулерді жүргізуге ЖОО-ның оқытушысына өтеусіз берілетін ақша;

2) республикалық конкурстық комиссия – Грантты тағайындау үшін құрылатын Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің комиссиясы  (бұдан әрі – Комиссия);

3) конкурсқа қатысушы – конкурсқа қатысуға  құжаттарды белгіленген тәртіппен ұсынған  ЖОО-ның штаттағы оқытушысы.

          3 Жыл сайын 200 Грант тағайындалады. Бір Гранттың көлемі тиісті           қаржы жылына арналған  республикалық бюджет туралы Қазақстан Республикасының заңында белгіленген 2000 еселенген айлық есептік көрсеткішті құрайды.

 

 

 

 

4.Конкурсты төрағасы Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрі болып табылатын Комиссия өткізеді.

        5.Комиссия Қазақстан Республикасының Білім және ғылыми министрлігі (бұдан әрі - Министірлік), басқа мүдделі минитірліктер мен ведомстволар қызметкерлерінің, жетекші ғылымдар мен мамандар қатарынан  құрылады.

Комиссия мүшелерінің саны тақ болуы тиіс.Комиссия отырысы құрамының кемінде 2/3  болған жағдайда заңды деп саналады.

Комиссияның дербес құрамы мен конкурсқа қатысу үшін құжаттарды ұсыну мерзімі жыл сайын Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің бұйрығымен бекітіледі.

6.Конкурс қорытындылары бойынша шешім жасырын дауыс берумен қабылданады. Грант отырысқа қатысушы Комиссия мүшелерінің дауыс санынң кемінде 3/4 дауысын жинаған Конкурсқа қатысушыға тағайындалады. Комиссия мүшелерінің дауыстары тең бөленген жағдайда Төрағаның дауысы  шешуші болып табылады.

Комиссия шешімдері хаттамамен ресімделеді.

7. Конкурстын қорытындылары Қазақста Республикасның барлық аумағында таратылатын мерзімдік баспа басылымдарында жарияланады.

8. Комиссия шешімі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен шағымдалы мүмкін.

9.  Конкурс жыл  сайн  Грантты тағайындау жылының алдындағы жылды 4-ші тоқсанында өткізіледі.

10. Конурсқа қатысу үшін кандидатураларды ЖОО-ның ғылыми кенстері ұсынуы мүмкін.

11. Конкурсқа қатысу үшін Министрлікке мынадай құжаттарды ұсыну қажет: 

Конурсқа қатысуға өтініш  ( өтінім );

ЖОО ғылыми кенесінің ұсынымы;

мемлекеттік органдардан, ұйымдардан, жетекші ғалымдар мен мамандардан ұсыным хаттар;

растайтын құжаттармен бірге осы Ереженің 14-тармағында айтылған іріктеу өлшемдеріне сәйкес мәліметтер;

егер Конкурсқа қатысушы шетелге шығып тағылымдамадан өтуді жоспарланған жағдайда, шетелдік ЖОО-ның, ғылыми ұйымның тағылымдамадан өтуге қабылдау туралы жазбаша растауы;

қортынды еспті  бепу мерзімі көрсетілген жылдық жұмыс жоспар -кестесі;

жұмыс  орны  бойынща куәландырылған кадырларды еспке алу жөнінднгі жеке парағы;

жеке куәліктің көшермесі;

Қазақстан Республикасының салық төлеушісі куәлігінің көшірмесі;

зейнетақы қорымен шарттын және әлеуметтік жеке кодының барлығын растайтын құжаттың көшермелі.

Конкурсқа  қатысушы дайындаған конкурстық өтінім Министрлік айқындаған нысан бойынша, мемлекеттік немесе орыс тілдерінде ұсынылады.

12. Конкурсқа қатысушы дұрыс емес немесе  толық емес мәліметтер  ұсынған жағдайда ол конкурсанттардың  тізімінен шығарылады. 

3. Үміткерлерге қойылатын талаптар және мемлекеттік Грантты тағайындау өлшемі


         13. Конкурсқа мынадай талаптарға сәйкес келетін Қазақстан Республикасының азаматтары қатыса алады:

1)ЖОО-ның штаттық оқытушылары болып табылатындар;

2)кемінде 3 жыл ғылыми-педагогикалық стажы барлар;

3)ғылыми және педагогикалық қызметте жетістіктері барлар.

14. Оқытушының ғылыми және педагогикалық қызметтегі жетістіктері мынадай өлшем бойынша бағаланады:

1)ғылыми – зерттеу қызметі, оның ішінде:

академиялық, ғылыми дәрежесінің, ғылыми атағының болуы;

іргелі, қолданбалы ғылыми зертеулерге, халықаралық ғылыми жобаларға  (бағдарламаларға, гранттарға), шарттық жұмыстарға қатысуы;                                              ғылыми жетістіктері (афторлық туындылар мен  патенттері туралы мәліметтер, зияткерлік меншік объектісін мемлекеттік тіркеу туралы куәлік, ғылыми әзірлемелер, ғылыми жарияланымдар,республикалық және халықаралық конференцияларға қатысуы);

докторанттарға,аспиранттарға, адъюнкттерге, ізденушілер мен магистраттарға жетекшілік етуі;

студентің ғылыми – зерттеу және шығармашылық жұмысына жетекшілік етуі;

2) оқу -әдістемелік қызмет, оның ішінде:

оқулықтарды, оқу құралдарын, пәндердің оқу -әдістемелік кешендерін әзірлеуге және басып шығаруға қатысуы;

оқу процесінде инновациялық педагогикалық технологияларды пайдалануы;                                                                                             

 студенттердің Конкурсқа қатысушылардың педагогикалық шеберлігін бағалауы.

15. Оқытушы  қызметін бағалау Министрлік айқындаған сапалық және сандық көрсеткіштерді (соңғы үш жылда)ескере отырып жүзеге  асырылады

    4. Грант қаражатын пайдалану тәртібі 

                   16.Конкурс жеңімпазы Министрлік айқындаған нысан бойнша Министрлікпен келісім жасады.

                   17. Грант оның иегерінің жеке шотына бір рет аударылаы.

                   18. Грант иегері Министрлікке Грантты пайдаланғаны туралы: ғылыми зерттеулерді немесе тағылымдаманы орындағаны, жылдық жұмыс жоспар –кестесіне сәйкес растайтын құжаттармен бірге олардың нәтижелері туралы жиынтық есепті ұсынады.

                   19. Грант иегері:

                   1) Грант иегері жылдық жұмыс жоспары-кестесінде көзделген іс- шараларды орындамаған;

                   2) Грант иегері Грантты тағайындаған жол ішінде Қазақстан Республикасынан тыс жерге тұрақты тұруға шыққан жағдайларды оған ие болу құқығынан айырылады және оны толық көлемде қайтарып беруге міндетті.                                                                                                               20. Егер Грант иегерінің жоспар-кестеде көзделген іс-шараларды  орындамауы:

                   1) Грант иегерінің қайтыс болуына;

                   2) Грант иегерінің еңбекке қабілеттілігін жоғалтуға;

                   3) еңсерілмейтің күшке негізделген жағдайда Грант  қайтарылмайды.

 

 

                     _______________________________