|
||||||||||||||
![]() no news in this list. |
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесі Кәсіптік жоғары білім Қазақстан Республикасының жоғары оқу
Қазақстан Республикасының жоғары оқу орындарында оқу үшін пайдаланылмаған гранттардан және Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің резервінен білім беру гранттарын тағайындау туралы
«2008/2009 оқу жылына жоғары білімі бар мамандар даярлауға арналған мемлекеттік білім беру тапсырысын мамандықтар бойынша орналастыру туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2008 жылғы 23 маусымдағы № 368 бұйрығына сәйкес және білім беру гранттарын тағайындау жөніндегі конкурстық комиссияның шешімі негізінде БҰЙЫРАМЫН: 1. Талапкерлерге: 1) 1-қосымшаға сәйкес пайдаланылмаған гранттардан; 2) 2-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің резервінен; 3) 050703 - «Ақпараттық жүйелер» мамандығы бойынша Ұ. Орақбаевқа және А. Сейітоваға білім беру гранттары тағайындалсын. 2. «Ұлттық тестілеу орталығы» РМҚК И. Сағындықов білім беру гранттарының иегерлеріне тиісті куәліктерді дайындауды жүзеге асырсын және оларды талапкерлерді кешенді тестілеуді ұйымдастыру мен өткізу жөніндегі мемлекеттік комиссияларға берсін. 3. Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім департаменті (С. Өмірбаев) осы бұйрықты жоғары оқу орындарының назарына жеткізсін. 4. Кешенді тестілеуді ұйымдастыру мен өткізу жөніндегі мемлекеттік комиссиялар білім беру гранттары иегерлеріне куәліктерді тапсырсын. 5. Қазақстан Республикасының жоғары оқу орындары білім беру гранттары иегерлерін студенттер қатарына қабылдауды қамтамасыз етсін. 6. Осы бұйрықтың орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
Министр Ж. Түймебаев |
|||||||||||||
|
|
||||||||||||||