Қолданыстағы ҚР МЖ Мемлекеттiк жiктеуiшi 008-2001 “Қазақстан Республикасының кәсiптiк жоғары бiлiм мамандықтары мен даярлау бағыттарының жiктеуiшiң (бұдан әрi - Жiктеуiш) Қазақстан Республикасының Экономика және бюджеттiк жоспарлау министрлiгi Стандарттау, метрология және сертификаттау комитетiнiң 2001 жылғы 21 сәуiрдегi N117 бұйрығымен бекiтiлген. Көрсетiлген Жiктеуiште барлығы 400 даярлау бағыттары мен мамандықтар болған, атап айтқанда: бакалавриаттың даярлау бағыттары бойынша – 46, магистратура – 71, арнайы жоғары бiлiм беру мамандықтары – 283. Барлық 400 кәсiптiк жоғары бiлiм мамандықтары мен даярлау бағыттары (бакалавриат, арнайы жоғары және магистратура) толығымен жаңа буын мемлекеттiк стандарттарымен және пәндердiң тиiстi типтiк оқу бағдарламаларымен (7000-ға жуық атаулар) қамтамасыз етiлген. Дегенмен, талдау көрсеткендей, аталған Жiктеуiште елеулi кемшiлiктер орын алған, олардың қатарына: мамандықтардың бiрiн-бiрi қайталауын, бiр бейiндi бағыттар бойынша мамандарды даярлауға бағдарлауды жатқызуға болады, оның нәтижесi мамандарды артық даярлауға және еңбек рыногының қажет емес кадрлармен молығуына әкеп соғады. Бiр бейiндi мамандар даярлау жүргiзiлетiн мамандықтардың қайталануларына төменде бiрнеше мысалдар келтiрiлген. Мысалы, тек бiр ғана “Экологияң даярлау бағыты бойынша 6 мамандық бар: 510900-Экология, 550900-Қолданбалы экология, 010900-Экология және табиғат пайдалану, 170300-Қолданбалы экология, 170400- Қоршаған ортаны инженерлiк қорғау, 450400-Агроэкология. Геодезистердi даярлау 4 мамандық бойынша жүзеге асырылады: 553200-Геодезия және картография, 320100-Қолданбалы геодезия, 320200-Аэрофотогеодезия, 320300-Астрономиялық геодезия, химиялық технология бойынша 10 астам мамандықтар, социология және әлеуметтiк жұмыстар мамандықтары 5 рет кездеседi. Жiктеуiште барлығы 70-ге жуық бiрiн-бiрi қайталайтын мамандықтар кездеседi. Бiздiң стратегиялық серiктесiмiз – Ресей Федерациясы 2003 жылы “Бiлiм беру жөнiндегi мамандықтардың жалпыресейлiк жiктеуiшiнң қабылдады, сондай-ақ осы Жiктеуiш мамандықтарды iрiлендiру принципi арқылы iске асырылады, осы жұмысты әрi қарай жалғастыратын министрлiктен жұмыс тобы құрылған. Жоғарыда көрсетiлгендей қолданыстағы Жiктеуiшке сәйкес Қазақстанның көптеген жоғары оқу орындарында бiр бейiндi мамандық бойынша жоғары бiлiмдi кадрлар даярлау басым. Осындай тұрғыдан келу кiшi және орта бизнеске негiзделген нарықтық экономика жағдайында мамандығы бойынша бiтiрушiлердiң жұмысқа тұруға деген мүмкiндiгiн азайтады. Осындай даярлық жағдайында шетелдiк компаниялардың, iрi жұмыс берушiлердiң қоятын талаптары мен жұмыс принциптерi ескерiлмейдi. Тәжiрибе көрсеткендей, әрбiр компанияда өзiнiң жұмыс стилi орнығатын болғандықтан, олар өздiгiнен ойлауға және проблемалар шешеуге қабiлеттi, бастамашы, команда да жобалармен жұмыс iстейтiн, жұмысқа жаңа тұрғыдан қарап, оны игеретiн мамандарға мүдделi болады. Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2001 жылғы 4 желтоқсандағы Жарлығымен бекiтiлген Қазақстан Республикасын 2010 жылға дейiн дамытудың стратегиялық жоспарында жоғары бiлiм жүйесiнiң алдында бiр бейiндi мамандықтар бойынша даярлаудан бас тарту мiндетi қойылған, жоғары оқу орнының бiтiрушiсi неғұрлым кең кәсiби даярлыққа ие болуы қажет. 1999 жылы жарияланған және оған 2010 жылға дейiн еуропа елдерiнiң 40-тан астамы қол қойған Болония декларациясына сәйкес Еуропада бiрыңғай бiлiм кеңiстiгi құрылуы тиiс. Еуропаның жоғары бiлiм саласы он жылдықтың аяғында толығымен бакалавр-магистр-доктор даярлығының көп деңгейлi моделiне көшедi. Осы әлемдiк үрдiс бiзден бара-бар шешiмдердi жедел түрде қабылдауды талап етедi. Осыған байланысты Қазақстан, сондай-ақ, жуық арада көп деңгейлi (4+2) даялыққа толығымен көшуi және кадрлар даярлаудың дара деңгейлi (5 жыл) құрылымынан бас тартуы қажет. Жаңа Жiктеуiш иделогиясының негiзiне Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейiнгi бiлiм берудi дамыту тұжырымдамасының жобасында көрiнiс тапқан көрсетiлген даярлық моделi жатқызылған. Осыған байланысты Қазақстан Республикасының Бiлiм және ғылым министрлiгi 2002-2003 жылдары Мемлекеттiк жiктеуiштi жетiлдiру бойынша нақты шаралар қабылдады. Сондай-ақ 2003 жылы қаржы және экономикалық бағыттағы даярлықтар бойынша көрсетiлген 19 бiр бейiндi мамандық даярлықтың 6 iрi бағытына бiрiктiрiлдi: экономика, қаржы, менеджмент, маркетинг, есепке алу және аудит, мемлекеттiк және жергiлiктi басқару. Болония декларациясының негiзгi принциптерiнiң бiрi оқытудың кредиттiк жүйесi негiзiнде жоғары бiлiктi және ғылыми-педагогикалық кадрлар даярлау болып табылатыны сiздерге белгiлi. Көрсетiлген оқыту жүйесi студенттер мен профессор-оқытушы құрамның академиялық ұтқырлығын, бiлiмi туралы құжатты, шетелде оқыту бағдарламасын тануды қамтамасыз етедi, студенттердiң белсендi өзiндiк жұмыстарын ынталандырады, бiлiм алушыларға меншiк бiлiм беру траекториясын iске асыруға мүмкiндiк бередi. Сондықтан жаңа формация мамандарын даярлау осы бiлiм беру жүйесi негiзiнде жүзеге асырылатын болады. Қазiргi уақытта бакалаврлар мен магистрларды жұмысқа орналастыру үшiн құқықтық негiз жасалған. Бiлiм және ғылым министрлiгiнiң бастамашылығы бойынша олардың мәртебесi анықталып, Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрлiгi басып шығарған Лауазымдардың бiлiктiлiк анықтамасына енгiзiлген. Жаңа Жiктеуiштi әзiрлеу мәселелерi Қазақстанның жоғары оқу орындарының оқу-әдiстемелiк бiрлестiктерiнде бiрнеше рет талқыланды. Ұсынылып отырған Жiктеуiш даярлық бағыттары бойынша 32 оқу-әдiстемелiк бiрлестiктерiнiң ұсыныстары, сондай-ақ министрлiктер мен ведомстволардың (Денсаулық сақтау, Сыртқы iстер, Қоршаған ортаны қорғау, Қорғаныс министрлiктерiнiң және т.б.) ұсыныстары негiзiнде құрылған. Бакалавриат және магистратура мамандықтарының Жiктеуiшiнiң жобасы ХББСЖ-ге (Халықаралық бiлiм берудiң стандарттық жiктеуiшi) сәйкес құрылған мамандықтардың 12 тобын құрайды. Бакалавриат және магистратура мамандықтарының жалпы саны 119-ды құрайды. Магистратура мамандықтарының тiзбесi анағұрлым кеңейтiлген. Бакалавриатта нормативтiк оқу мерзiмi 4 жылды құрайды, кейiн бакалавр академиялық дәрежесi берiледi. Олардың одан әрi оқуларын 1-2 жылдық магистратурада жалғастыруға мүмкiндiктерi бар. Барлық деңгейдегi магистратураны бiтiрушiлер оқуын Ph.D. докторантурада жалғастыруға құқықтары бар. Бакалавриат, магистратура мен докторантураның барлық деңгейлер бiлiм беру бағдарламалары болып табылады және мiндеттi бiлiмдiк компоненттерi болады. Сонымен, бакалавриаттағы алғашқы үш семестр жалпы бiлiм беретiн пәндердiң (ЖБП) жалпы бiр блогына бiрiктiрiледi. Магистртурада және докторантурада, сонымен қатар мiндеттi жалпы курстар болатын тиiстi стандарттарды әзiрлеу ұсынылады. |