Map map map 4
 



 

no news in this list.



            


            







Қазақстан Республикасының білім беру жүйесі  Кәсіптік жоғары білім 

"Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің жекелеген республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорындарын қайта ұйымдастыру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 3 ақпандағы N128 ҚАУЛЫСЫ

Қазақстан Республикасы Президентінің “Мемлекеттік кәсіпорын туралы” 1995 жылғы 19 маусымдағы N2335 Заң күші бар Жарлығының 16-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Мыналар:

1) Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің “Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе мемлекеттік университеті” республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны одан Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің “Ақтөбе мемлекеттік педагогикалық институты” республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнын бөліп алу жолымен;

2) Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің “А.Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университеті” республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны одан Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің “Қостанай мемлекеттік педагогикалық институты” республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнын бөліп алу жолымен;

3) Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің “С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті” республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны одан Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің “Павлодар мемлекеттік педагогикалық институты” республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнын бөліп алу жолымен;

4) Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің “Шәкәрім атындағы Семей мемлекеттік университеті” республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны одан Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің “Семей мемлекеттік педагогикалық институты” республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнын бөліп алу жолымен;

5) Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің “М.Х.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университеті” республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны одан Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің “Тараз мемлекеттік педагогикалық институты” республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнын бөліп алу жолымен;

2. Осы қаулының 1-тармағында көрсетілген кәсіпорындар (бұдан әрі кәсіпорындар) қызметінің негізгі мәні білім беру және ғылым саласындағы өндірістік-шаруашылық қызметті жүзеге асыру болып белгіленсін.

3. Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі кәсіпорындарды мемлекеттік басқару органы болып белгіленсін.

4. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

1) кәсіпорындардың жарғыларын Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетіне бекітуге ұсынсын;

2) әділет органдарында кәсіпорындардың жарғыларын тіркеуді қамтамасыз етсін;

3) осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдасын.

5. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай толықтырулар енгізілсін:

1) “Республикалық мемлекеттік кәсіпорындардың тізбесі туралы” Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1996 жылғы 25 маусымдағы N790 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1996 ж., N29, 256-құжат):

көрсетілген қаулымен бекітілген Республикалық мемлекеттік кәсіпорындардың тізбесінде:

“Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі” деген бөлім мынадай мазмұндағы реттік нөмірлері 470-172, 470-173, 470-174, 470-175, 470-176 – жолдармен толықтырылсын:

470-172 “Ақтөбе мемлекеттік педагогикалық институты” республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны - Ақтөбе облысы, Ақтөбе қаласы.

470-173 “Қостанай мемлекеттік педагогикалық институты” республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны - Қостанай облысы,Қостанай қаласы.

470-174 “Павлодар мемлекеттік педагогикалық институты” республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны - Павлодар облысы, Павлодар қаласы

470-175 “Семей мемлекеттік педагогикалық институты” республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны - Шығыс Қазақстан облысы, Семей қаласы.

470-176 “Тараз мемлекеттік педагогикалық институты” республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорын - Жамбыл облысы, Тараз қаласы.

2) “Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің мәселелері” Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 19 қарашадағы N1754 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы; 1999 ж., N51, 504-құжат):

көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің қарауындағы ұйымдардың тізбесінде: 

“1. Республикалық мемлекеттік кәсіпорындар” деген бөлім мынадай мазмұндағы реттік нөмірлері 157-23, 157-24, 157-25, 157-26, 157-27 – жолдарымен толықтырылсын:

“157-23 Ақтөбе мемлекеттік педагогикалық институты

157-24 Қостанай мемлекеттік педагогикалық институты

157-25 Павлодар мемлекеттік педагогикалық институты

157-26 Семей мемлекеттік педагогикалық институты

157-27 Тараз мемлекеттік педагогикалық институты.”

6. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

 

 

Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрі                                                     Д.Ахметов