|
||||||||||||||
![]() no news in this list. |
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесі Жалпы орта білім
Жетiм балалар және ата-анасының қамқорынсыз қалған балаларды оқыту мен тәрбиелеу
Балалар құқықтары мен заңды мүдделерiн қорғау саласындағы Мемлекеттiк саясат, әр денгейдегi мемлекеттiк мекемелердiң қызметiнiң басымдық саласы болып табылады. Жетiм балалар және ата-анасының қамқорынсыз қалған балалардың құқықтары мен заңды мүдделерiн қорғау, «Бала құқықтары туралың БҰҰ Конвенциясымен, Қазақстан Республикасының «Бiлiм туралың, «Неке және отбасы туралың, «Отбасы типтес балалар деревнялары және жасөспiрiм ұйлерi туралың, «Қазақстан Республикасы азаматтарының денсаулығын қорғау туралың Заңдарымен қамтамасыз етiледi. Сонымен бiрге Үкiметпен балалар құқығын қорғау сұрақтары жөнiнде 20 астам қаулылар қабылданды. Республиканың бiлiм беру жүйесiнде 598 интернаттық мекемелер бар, онда 73182 мың тәрбиеленушiлер бiлiм алуда, соның iшiнде 14466 жетiм балалар және ата-анасының қамқорынсыз қалған балалар, оларға арналған 69 балалар ұйлерi мен мектеп-интернаттар жұмыс iстеуде. 1991 жылы балалар ұйлерiнiң саны 42 болса, бүгiнгi күнi олардын саны 69. Бiлiм және ғылым министрлiгi мемлекеттiң көмегiн қажет ететiн балаларды әлеуметтiк қорғауына ерекше көңiл бөледi, проблемаларды және олардың шешу жолдарын анықтайды; кәмелетке толмағандардың заңды мүдделерi мен құқыларын қорғау сұрақтарындағы қорғаншылық және қамқоршылық бiлiм беру органдары мен бөлiмдерге ұйымдастыру-әдiстемелiк және педагогикалық көмек көрсетедi. Қазақстан Республикасының «Бiлiм туралың Заңының шегiнде Жетiм балалар және ата-анасының қамқорынсыз қалған балаларға қосымша жеңiлдiктер беру мақсатында «Мұқтаж азаматтарға олардың бiлiм алу кезiңде берiлетiн әлеуметтiк көмектiң мөлшерi мен көздерi туралың, «Жетiм балалар және ата-анасының қамқорынсыз қалған балалар арасынан шыққан мектеп бiтiрушiлердi еңбекпен және баспанамен қамту туралың, осы категорияның балалары мен жасөспiрiмдерiн толық және iшiнара асырау, еңбекпен және баспанамен қамтуына кепiлдеме беретiн Үкiметтiн қаулылары қабылданды. «Неке және отбасы туралың Заңның шегiнде Үкiметтiн қаулысымен бекiтiлген Қазақстан Республикасы қорғаншылық және қамқоршылық органдарының Нұсқаулығы, патрондық және ата-анасының қамқорынсыз қалған балалардың орталықтандырылған есебiн ұйымдастыру туралы Ереже, қорғаншылық және қамқоршылық органдарының қызметiн, бiлiм беру ұйымдарына жүктелген функцияларын ұйлестiредi. «Отбасылық типтес деревнялар және жасөспiрiмдер үйлерi туралың Заң жетiм балалар және ата-анасының қамқорынсыз қалған балаларға отбасында тұрып тәрбиеленуге, сонымен қатар 23 жасқа дейiн медико-психологиялық оңалту және әлеуметтiк бейiмделу құқығы берiледi. Парламент депутатарының бастамасы бойынша дайындалған, Қазақстан Республикасының Конституциясымен кепiлденген негiзгi бала құқығы мен мүдделерiн iске асыру үшiн, «Қазақстан Республикасындағы бала құқығы туралың Заң қабылданды. |
|||||||||||||
|
|
||||||||||||||