Map map map Қосымша бiлiм беру мектептен тыс мекемелер ұйымдары
 



 

no news in this list.



            


            








Қазақстан Республикасының білім беру жүйесі  Жалпы орта білім 

Қосымша бiлiм беру мектептен тыс мекемелер ұйымдары



Қосымша дамыту бiлiм беру бағдарламалары мектептен тыс мекемелерiнде iске асырылады.

Мектептен тыс мекемелер балалар мен жастардың әлеуметтiк және кәсiби өзiн-өзi табуындағы қабiлеттерi мен мүдделерiнiң дамуының бiрден бiр анықтау факторлары болып табылады.

Казiргi қосымша дамыту жүйесi бiлiм алушыларға өз тiлектерiне, мүдделерiне, потенциалдық мүмкiншiлiгiне сәйкес көркем және техникалық өнерпаздықпен, туристiк-өлкетану, эколого-биологиялық, әскери-патриоттық қызметпен, спортпен және зерттеу жұмыстарымен айналысуға мумкiншiлiк бередi. Бүгiнгi күнге республикада 629 мектептен тыс мекемелер жұмыс iстеуде. Ондағы дәрiс алушылар саны- 270 мыңнан астам бала.

Өндiрiстiн дамуы, ғылым және техника саласындағы жетiстiктердi арттыру тек балалар мен жастардын шығармашылық техникалық қабiлеттерiн ерте дамыту, дарынды балаларды анықтау, олардың шығармашылық еңбегiне қажеттi жағдай жасау арқылы мүмкiн. Осы мақсатта республикада жылына екi рет жас техниктер, рационализаторлар форумы және «Жастар шығармашылығың көрмесi өткiзiлiп тұрады.

Көптүрлi қосымша дамыту мектептен тыс мекемелер арасында аула клубтары ерекше орын алады. Республикада тиянақты қызмет ететiн клубтар саны-219

Клубтық қызмет негiзiнде әр түрлi денгейдегi халықты қамтуға арналған, отбасына көмек теседi және клуб жұмысына отбасының қатысуын қамтамасыз етедi.

Қосымша дамыту балаларға-жалпы бiлiм беру ұйымдарындағы мектепке дейiнгi жастан бастап мектеп бiтiрушiлерге дейiн, сонымен бiрге олардың ата-аналары, сондай-ақ осы жүйеде жұмыс iстейтiн ұстаздар үшiн қажет болып табылады. Мектептен тыс мекемелердегi балалар саны жылдан-жылға көбейюде. Ал бұл, балалардың сабақтан бос уақытта сүйiктi жұмысымен айналысатының бiлдiредi. Сонымен, мектептен тыс мекемелер тек дамыту, тәрбиелеу ғана емес сондай-ақ алдын-алу функциясын атқарады.