Барлық деңгейдегі білім беру ұйымдары үшін оқу әдебиеттерін әзірлеу, басып шығару және кейіннен оларды қолдану процестерін үйлестіру мақсатында БҰЙЫРАМЫН: 1. Білім беру ұйымдары үшін оқу әдебиеттерін дайындау мен басып шығаруды ұйымдастырудың нұсқаулығы бекітілсін. 2. Орта білім департаменті (С.Б.Есбосынова) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігіне мемлекеттік тіркеуге ұсынсын. 3. Осы бұйрық тіркеуден өткен күнінен бастап күшіне енеді. 4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау вице-министр К.Н.Шәмшидиноваға жүктелсін. Министр Ж. Құлекеев “Білім беру ұйымдары үшін оқу әдебиеттерін дайындау мен басып шығаруды ұйымдастыру жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы” Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2004 жылғы “ 24 ” мамыр N454 бұйрығымен бекітілген Білім беру ұйымдары үшін оқу әдебиеттерін дайындау және басып шығаруды ұйымдастыру жөніндегі нұсқаулық 1. Жалпы ережелер 1. Білім беру ұйымдары үшін оқу әдебиеттерін, оның ішінде электронды оқулықтарды дайындау және басып шығаруды ұйымдастыру жөніндегі нұсқаулығы “Білім туралы” Қазақстан Республикасы Заңының 30-бабына сәйкес әзірленген және барлық деңгейдегі білім беру ұйымдары үшін оқу әдебиеттерін әзірлеу, басып шығару процессін үйлестіруге бағытталған. 2. Осы Нұсқаулықта мынадай терминдер мен анықтамалар қолданылады: оқулық – белгіленген ғылым саласында білім негіздері баяндалған, мемлекеттік жалпы білім беру стандартының, типтік оқу жоспарының, оқу бағдарламаларының талаптарына сәйкес кітап; оқу-әдістемелік құрал – оқу-тәрбие процесінде қолданылатын және оқу бағдарламаларында көзделген білімді кеңейтуге, тереңдетуге және жақсы меңгеруге арналған оқу құралы (хрестоматия, әдістемелік басшылық, анықтамалықтар, тапсырмалар мен жаттығулар жинақтары, дидактикалық материалдар, жұмыс дәптерлері, тест материалдары, сөздіктер және басқалар); оқу әдебиеті – оқытудың, тәрбиелеу мен дамытудың мақсаттары мен міндеттеріне жауап беретін оқулықтар мен оқу-әдістемелік құралдардың жиынтығы; оқу әдебиеттерінің макеті – оқу әдебиеттерінің алдын ала жасалған макеті; оқу әдебиетінің мониторингі – білім беру ұйымдарында оқу әдебиеттерін пайдалану туралы ақпараттарды өңдеуді, жинауды ұйымдастыру нысаны; оқу әдебиеттерін әзірлеуші – оқу әдебиеттерін әзірлейтін жеке немесе заңды тұлға. 2. Оқу әдебиеттерін әзірлеу және басып шығару 3. Оқу әдебиеттерін әзірлеуші білім беру саласындағы Қазақстан Республикасының орталық атқарушы органына (бұдан әрі – орталық атқарушы орган) оқу әдебиеттерінің макеттерін, ғылымның тиісті саласына сәйкес ғылым дәрежесі бар мамандардан 3 пікір (жыл сайын 30 желтоқсанға дейін) ұсынады. 4. Оқу әдебиеттерін әзірлеумен байланысты барлық шығыстарға әзірлеуші жауап береді. 5. Республикалық бюджеттің есебінен оқу әдебиеттерін әзірлеу кезіндегі міндетті шарттардың бірі орталық атқарушы орган үшін ерекше құқықтарды сақтау болып табылады. 6. Білім беру ұйымдары үшін оқу әдебиеттерін әзірлеу орталық атқарушы орган бекіткен мемлекеттік жалпы білім беру стандартына, типтік оқу жоспарлары мен бағдарламаларына сәйкес жүзеге асырылады. 7. Орталық атқарушы органның шешімімен жыл сайын ғылым саласы мамандарының арасынан білім берудің барлық деңгейлері бойынша сарапшылардың Деректер банкі құрылады. 8. Орталық атқарушы орган ұсынылған оқу әдебиеттерінің макеттерін сарапшылардың қарауына жібереді. Сарапшылардың оқу әдебиеттерінің макеттерін қарау мерзімі келіп түскен күннен кейін үш айдан аспауы керек. 9. Оқу әдебиеттерінің сараптамасы республикалық бюджеттің есебінен жүзеге асырылады. 10. Сарапшылардың оң қорытындысын алған оқу әдебиеттері орталық атқарушы органның алқасында қарастырылады. 11. Алқаның оң шешімін алған оқу әдебиеттерін білім беру ұйымдарында қолдануға рұқсат етілген Әдебиеттердің тізбесіне енгізу ұсынылады. 12. Білім беру ұйымдарында пайдалануға рұқсат етілген оқулықтардың тізбесі оқу орындарының оқу әдебиеттерін таңдау мүмкіндігін қарастырады (бір пәннен 5-тен аспайтын оқулық және оқу-әдістемелік құрал). 13. Алқаның теріс шешімін алған оқу әдебиеті қайта қаралмайды. 14. Оқу әдебиетінің сапасын анықтау мақсатында Ы. Алтынсарин атындағы Қазақ білім академиясы мен орталық атқарушы орган анықтаған ұйымдар білім беру ұйымдарында оқу әдебиеттерінің қолдану мониторингісін жүзеге асырады. 15. Әзірлеуші оқу әдебиетті білім беру ұйымдарының сараптамасы нәтижетсіне сүйене отырып толықтырылады. 16. Білім беру ұйымдарына қолдануға арналған оқу әдебиеті әзірлеушінің есебінен басылып шығарылады. 17. Осы нұсқаулықтың 5-тармағында көзделген тәртіппен әзірленген оқу әдебиеті республикалық бюджет қаражаты есебінен сынама тиражбен басылып шығады. |