|
||||||||||||||
![]() no news in this list. |
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесі Жалпы орта білім
Ойыншықтарды психологиялық-педагогикалық сараптамадан өткізу ерҚазақстан Республикасы Білім және ғылым Министрінің 2008 жылғы «10» ___06____ № 337 бұйрығымен бекітілген Ойыншықтарды психологиялық-педагогикалық сараптамадан өткізу ережесі 1. Жалпы ережелер 1. Осы Ойыншықтарды психологиялық-педагогикалық сараптамадан өткізу ережесі (бұдан әрі – Ереже) «Ойыншықтардың қауіпсіздігі туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 21 шілдедегі Заңын іске асыру мақсатында әзірленді және ойыншықтарды психологиялық-педагогикалық сараптамадан (бұдан әрі – ойыншықтар сараптамасы) өткізу тәртібін анықтайды. 2. Ойыншықтар сараптамасы балаларға арналған ойыншықтар қауіпсіздігінің психологиялық-педагогикалық өлшемдеріне сәйкестігін белгілеу, сондай-ақ балалардың адамгершілік-эмоционалдық саулығын сақтау мақсатында өткізіледі. 3. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Орта білім департаменті (бұдан әрі – уәкілетті орган) ойыншықтар сараптамасын ұйымдастыру мен өткізуді қамтамасыз етуді жүзеге асырады және ойыншықтарды психологиялық-педагогикалық сараптамадан өткізу жұмысын үйлестіреді.
2. Ойыншықтар сараптамасын өткізу тәртібі
4. Облыстық, Астана және Алматы қалалық білім департаменттері ойыншықтарды сарапатамадан өткізу жөніндегі Сараптамалық кеңесті (бұдан әрі – Сараптамалық кеңес) құру және жүргізу жұмыстарын ұйымдастырады. 5. Сараптамалық кеңестің құрамы облыстық, Астана және Алматы қалалық білім департаменттерімен бекітіледі. 6. Сараптамалық кеңес құрамына білікті мамандар: педагогтар, психологтар, дизайнерлер, суретшілер (бұдан әрі – сарапшылар) кіреді. 7. Сараптамалық кеңестің негізгі міндеттері: 1) ойыншықтарға сараптама жүргізу; 2) Ойыншықтардың психологиялық-педагогикалық қауіпсіздік талаптарын бағалау өлшемдері (1-қосымша) негізінде қорытынды шығару. 8. Ойыншықтарды Қазақстан Республикасының рыногында орналастыратын тұлғалар (бұдан әрі – өтініш беруші) оларды Сараптама кеңесінің қарауына ұсынады. 9. Ойыншықтарға сараптама өткізу үшін өтініш беруші мемлекеттік және орыс тілдерінде Департаменттерге: 1) өтінішті (2-қосымша); 2) «Ойыншықтардың қауіпсіздігі туралы» Қазақстан Республикасының Заңындағы 7-баптың 4-тармағында қарастырылған ақпараттар бар екі дана ойыншық үлгісін (макет, модель); 3) 15х20 көлеміндегі ойыншық үлгісінің (макет, модель) түрлі-түсті суретін; 4) санитарлық-эпидиомологиялық қорытындысын ұсынады. 10. Ережедегі 9-тармақта көрсетілген барлық материалдар бар болған жағдайда ойыншықтарды сараптамадан өткізуге өтініш берушілердің өтініштері Департаменттердің Тіркеу журналында (3-қосымша) тіркеледі. 11. Сараптама сарапшыларға осы ереженің 9-тармағында көрсетілген материалдарды ұсынған күннен бастап отыз күнтізбелік күннен аспайтын мерзімде өткізіледі. 12. Сараптаманы өткізу үшін қосымша материалдар мен ақпаратты зерделеу қажет болған кезде сараптаманы өткізу мерзімі отыз күнтізбелік күнге дейін ұзартылады. 13. Сарапшылар ойыншықтарды сараптамадан өткізу бойынша ойыншықтардың психологиялық-педагогикалық талаптарға сәйкестігі (сәйкес еместігі) жөнінде қорытынды береді. Қорытынды мотивті, объективті толық негізделуі тиіс (4-қосымша). 14. Қорытындыда көрсетілуі тиіс: 1) сараптама өткізетін Департаменттің атауы; 2) заңды тұлғалар үшін – өтініш берушінің атауы және мекен-жайы; 3) жеке тұлғалар үшін – тегі, аты, әкесінің аты, төлқұжат мәліметтері (сериясы, нөмірі, қашан және кім берген), өтініш берушінің заңды мекен-жайы. 4) ойыншықтың атауы; 5) дайындаушының атауы; 6) ойыншық арналған баланың жасы, оның қолданылу аясы; 7) ойыншықтар қауіпсіздігінің психологиялық-педагогикалық өлшемдеріне сәйкес (сәйкес емес) дәрежесінің сапалы бағасы; 8) қорытынды берілген күні және тіркелген нөмірі; 9) қорытындының іске асу мерзімі; 10) Сараптама кеңесі төрағасының қолы. 15. Қорытынды үш жылға жарамды. 16. Өткізілуде жатқан ойыншықтарда қауіпті психологиялық-педагогикалық факторлардың бар екендігі анықталған жағдайда уәкілетті орган олар туралы бұқаралық ақпарат құралдары арқылы хабарлайды. 17. Дайындаушы және (немесе) өтініш беруші жарамсыз деп танылған сараптама қорытындысының мәселелері бойынша қорытынды алған күннен бастап бір ай мерзімінде жетіспеушіліктері жойып, қайта сараптама өткізу үшін Департаменттерге жүгінуге болады. Жазбаша сұранысқа жауап өтініш берушіге 30 күнтізбелік күн мерзім өткенге дейін жіберіледі. |
|||||||||||||
|
|
||||||||||||||