|
||||||||||||||
![]() no news in this list. |
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесі Жалпы орта білім
Жалпы орта бiлiмМемлекеттiк жалпы орта бiлiм мекемелеiнiң желiсiнде 8164 күндiзгi жалпы бiлiм беретiн мектеп, онда 3095,6 мың. шамасында бала оқып, тәрбиеленедi және 617 мектептен тыс ұйымда, 266,5 мың. бала оқып, тәрбиеленедi. 1999 жылы ҚР “Бiлiм беру туралы” жаңа заңы бекiтiлдi, оны iске асыру нәтижесiнде 70-тен аса ҚР Үкiметiнiң қаулылары қабылданды.Республикада оқушылардың құқығын қорғау, олардың бiлiм алуы мен тәрбиеленуiне оңтайлы жағдай жасау бағытында қажеттi нормативтiк құқықтық база жасалды. Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2000 жылғы 30 қыркүйектегi ғ 448 Жарлығымен бекiтiлген “Бiлiм беру” мемлекеттiк бағдарламасының аясында бiлiм беру жүйесiнiң ұлттық моделiн 2005 жылға дейiн дамыту бағыттары белгiлендi. Ауылдық жерде бiлiм беру ұйымдарының материалдық -техникалық базасын кезең-кезеңмен нығайту, бiлiм беру ұйымдарының желiсiн сақтау мен дамыту үшiн 2003 жылы “Ауыл мектебi” бағдарламасы бекiтiлдi. 1998-2000 жылдары жасөспiрiмдер арасында құқық бұзушылыққа қарсы кешендi бағдарламаны iске асыру нәтижесiнде әр түрлi методикалық нұсқаулықтар, психологиялық-педагогикалық қызметiнiң типтiк ережесi әзiрлендi. Бiлiм беру ұйымдарында тәрбие берудiң кешендi бағдарламасы бекiтiлдi. Оқушылардың бiлiм деңгейi мен орта бiлiм беру мазмұның жақсарту мақсатында көптеген жұмыстар атқарылды. ҚР Бiлiм және ғылым министрлiгiнiң 2002 жылғы 24 қыкүйектегi N693 бұйрығы негiзiнде 34 жалпы бiлiм беретiн пәндер бойынша мемлекеттiк стандарттар мен базистiк оқу жоспары бекiтiлдi. Ы.Алтынсарин атындағы Қазақ Бiлiм академиясында оқулықтарды экспертизалау және мониторинг жасау центрi құрылды. Жетiм балалардың құқығын қорғау мақсатында ҚР Үкiметi 2000 жылы 17 мамырда N738 “Мұқтаж азаматтарға олардың бiлiм алуы кезеңiнде берiлетiн әлеуметтiк көмектiң мөлшерi мен көздерi туралы”қаулы қабылдады. Республикада бiрiншi рет “Даму мүмкiндiктерi шектеулi балаларды әлеуметтiк және медициналық педагогтық қолдау туралы”, “Бала құқығы туралы” заңдары қабылданды. Республикада алғаш рет жалпы бiлiм беретiн мектептерде оқу процесiне қазақ, орыс, өзбек және ұйғыр тiлiнде барлық пәннен отандық жаңа буын оқулықтары шыға бастады. Бүгiнгi күндерi 1-6 сынып оқушылары жаңа оқулықтармен оқуда. 2003-2004 оқу жылында 7 сыныпқа арналған жаңа буын оқулығын енгiзу жоспарлануда. 1-3 сыныптарға арналған оқулықтар қайта басып шығарылды. 1998 жылы “Дарын” мемлекеттiк бағдарламасын iске асыру бағытында, және дарынды балаларды қолдау мақсатында Республикалық ғылыми-практикалық “Дарын” орталығы ашылды. Жылдан жылға Қазақстан командаларының дайындығы мен оқушылардың халықаралық олимпиадалар мен ғылыми жарыстарда жүлделi орын алуы өсуде. 1998 жылы оқушылар 11 медаль жеңiп алса, 1999 –24, 2002 жылы –41, оның iшiнде 26 медаль халықаралық олимпиадалардан (3 алтын, 10 күмiс,13 қола), 15 медаль халықаралық ғылыми жоба жарыстарынан жеңiп алынды Министрлiк жұмысының негiзгi бағыттарының бiрi-жалпы орта бiлiм жүйесiн ақпараттандыру туралы мемлекеттiк бағдарламасын iске асыру. 2001 жылы жалпы бiлiм беретiн мектептердi компьютерлендiру аяқталды. 1997 жылдан берi 8196 мектеп әр түрлi модификациядағы компьютерлермен жарақтандырылды, оның iшiнде 6227 ауыл мектептерi, 4229 шағын кешендi мектептер. Барлық оқушыларды оқумен қамту мақсатында ҚР Үкiметi 1998 жылы 28 тамызда N812 “Қазақстан Республикасында орта бiлiм жүйесiн одан әрi реформалау жөнiндегi шаралар туралы” қаулысы қабылданды. Күндiзгi жалпы бiлiм беретiн мектептерде жалпыға мiндеттi орта бiлiм беру фонды туралы ереже бекiтiлдi. 1999 жылы фонд қаржысы 295 млн. тенге, 2002 жылы-664 млн. тегенi құрады. Өткен оқу жылдарымен салыстырғанда ыстық тамақпен қамтылған оқушылар саны 5-10 пайызға өстi. Жылдан жылға мемлекеттiк тiлде бiлiм беретiн мектептер саны өсуде (266 бiрлiкке), оқушылар саны 152 мыңға өстi. Басқа тiлде бiлiм беретiн мектептер саны сақталуда (тәжiк тiлiнде-3, өзбек-78, ұйғыр-14, украин тiлiнде-1). Жалпы орта бiлiм департаментi жұмыстарының негiзгi бағыттары мыналар: 1) жалпы орта бiлiм беру жүйесiн тұрақты дамыту үшiн нормативтiк құқықтық базаны жетiлдiру; 2) 5-6 жастағы балаларды мектептке дейiнгi дайындықпен қамту, мектепке дейiнгi ұйымдардын желiсiн дамыту; 3) ауыл мектептерiнiң жұмысын жақсарту, материалдық-техникалық базаны нығайту; 4) бiлiм берудiң сапасы мен мазмұнын жақсарту, жалпы бiлiм беретiн пәндер бойынша мемлекеттiк стандарттарды енгiзу, “Тiлдер туралы” ҚР Заңын iске асыру, дарынды балалармен жұмысты жақсарту; 5) бiлiм беру ұйымдарында салауатты өмiр сүру салтын енгiзу, Қазақстанның патриот азаматын тәрбиелеу; 6) мемлекеттiң қамқорлығына мұқтаж балаларға әлеуметтiк көмек беру; 7) мектеп жасындағы балаларды жалпы мiндеттi оқумен қамтамасыз ету; 8) педагогикалық кадрлардың кәсiптiк деңгейi мен статусын көтеру; |
|||||||||||||
|
|
||||||||||||||