Map map map 10
 



 

no news in this list.



            


            







Қазақстан Республикасының білім беру жүйесі  Жалпы орта білім 

Қазақстан Республикасында адам құқықтары саласындағы білім беру жөніндегі 2006 – 2007 жылдарға арналған ұлттық іс-қимыл жоспары

                                                       Қазақстан Республикасы Үкіметінің        

                                            2006 жылғы  «30»  маусымдағы   N629 қаулысымен       

                                            бекітілген

 

 

 

 

 

 

Қазақстан Республикасында  адам құқықтары саласындағы білім беру жөніндегі 2006 – 2007  жылдарға арналған ұлттық іс-қимыл  жоспары

 

 

 

Мазмұны

 

  1. Кіріспе ..........................................................................................................3
  2. Ұлттық  жоспардың мақсаттары мен басымдықтары...............................5
  3. Адам құқықтары саласындағы білімге шолу  ...........................................5
  4. Ұлттық жоспардың іс-шаралары.................................................................8
  5. Қорытынды  ..................................................................................................9
  6. Ұлттық жоспардың іс-шаралар  жоспары.................................................11
  7. Ескертпелер ................................................................................................20

 

 

1.       Кіріспе

 

Қазақстан Республикасы Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас Ассамблеясы ұсынған Адам құқықтары саласындағы дүниежүзілік бағдарламаның мақсаттарын қолдайды және адам құқықтары саласындағы білім беру адам құқықтарын жүзеге асыру ісіне  зор үлес  қосатынын  атап өтеді.

Дүниежүзілік бағдарламаның бірінші кезеңінің  (2005 – 2007 жылдар) шеңберінде адам құқықтары жөніндегі комиссияның 2004/71 қарарында   бастауыш және орта білім беру жүйелеріне басты назар аударылады.   Осыған байланысты Қазақстан Республикасы өзіне орта мектеп жүйесінде адам құқықтары саласындағы білім беру мәселелері бойынша зерттеулер жүргізу және Адам құқықтары саласындағы 2006 – 2007 жылдарға арналған ұлттық    іс-қимыл жоспарын (бұдан әрі – Ұлттық жоспар) әзірлеу жөнінде міндеттемелер алды.

Тәуелсіздік жылдарында Қазақстан заңнаманы жетілдіру және оны біздің ел ратификациялаған адам құқықтары туралы халықаралық құжаттардың нормаларына сәйкес келтіру жөнінде орасан зор жұмыстар атқарды.

Қазақстан өзіне алған міндеттемелерге сәйкес құқықтық реформаларды белсенді жүргізуде. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы             19 шілдедегі № 999 қаулысымен Қазақстан Республикасында Әйелдердің жағдайын жақсарту жөніндегі ұлттық іс-қимылдар жоспары бекітілді. Білім беру саласында да реформалар белсенді жүргізілуде. Қазақстанның Дакар   іс-қимыл шеңберіне қол қоюы баршаға арналған  Білім беру жөніндегі кешенді ұлттық іс-қимыл жоспарын әзірлеу қажеттілігін негіздеді.

Осыған байланысты Қазақстанның Адам құқықтары саласындағы дүниежүзілік білім беру бағдарламасы бойынша науқанға қатысуы адам құқықтарын қалыптастыру, дамыту және қамтамасыз ету жағына  жасалған  тағы да бір оң қадам деп бағалауға болады.

Аталған бағдарлама адам құқықтары саласындағы білім берудің көп жылдық  процесіндегі алғашқы емес екендігін атап айту керек. Адам құқықтары  мәселелері бойынша ағарту саласындағы бастамаларға жәрдем көрсету мақсатында ұлттық деңгейде адам құқықтары саласындағы білім беру мүддесінде бәрін қамтитын, тиімді және тұрақты стратегиялар әзірлеуге және жүзеге асыруға ықпал еткен БҰҰ-ның 1995 – 2004  жылдарға арналған Адам құқықтары саласындағы білім берудің онжылдығы сияқты нақты халықаралық іс-қимыл шеңбері қабылданды.

Дүниежүзілік бағдарлама біліммен алмасу, дағдыларды бойына сіңірту және:

 адам құқықтарын және негізгі еркіндіктерді құрметтеуді нығайтуға;

 адамдық жеке тұлғаны және адамгершілік ар-намыс сезімін жан-жақты дамытуға;

өзара түсіністікке, шыдамдылыққа,  ер адам мен әйел адам арасындағы теңдікке және барлық ұлттардың, байырғы халықтың және нәсілдік, ұлттық, этникалық, діни және тілдік топтар арасындағы достыққа жәрдем көрсетуге;

 құқық үстемдік ететін еркін және демократиялық қоғам өміріне барлық адамдардың тиімді қатысу мүмкіндіктерін қамтамасыз етуге;

 бейбітшілікті құруға және қолдауға;

 қоғам және  әлеуметтік әділдік мүддесінде тұрақты дамуды қамтамасыз етуге бағытталған ұстанымдарды қалыптастыру  жолымен адам құқықтарының жалпыға бірдей мәдениетін қалыптастыру үшін қабылданатын білім беру, оқыту мен ақпараттандыру жөніндегі күш ретінде айқындалуы мүмкін «адам құқықтары саласындағы білім беру» ұғымының  контексін және оны айқындауды көздейді.

Тиімділікті арттыру және мәселеге неғұрлым сапалы келу мақсатында осы Ұлттық жоспарды әзірлеу процесінде Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі сарапшылар мен социологиялық ұйымдарды тарта отырып, жалпы орта білім беретін мектептерде адам құқықтары саласындағы білім беру мәніне ұлттық зерттеу жүргізді.

Осыған сәйкес адам құқықтары жөніндегі білім монинторингі үшін көрсеткіштер әзірленді. Олардың ішінде: адамның негізгі құқықтары туралы мектеп оқушыларының хабардар болу көрсеткіші, адам құқықтарын оқытуға бөлінетін сағаттар саны, адам құқықтары жөніндегі оқулықтармен және оқу құралдарымен қамтамасыз етілу т.б. бар.

Жүргізілген зерттеулер жиынтығында орта мектептегі адам құқықтары саласындағы білім бойынша  жалпы көріністі көруге мүмкіндік берді.

Әртүрлі сыныптарда адам құқықтарын оқытуға арналған сағаттар саны айына төрттен беске дейінгі сағатты құрайды, осыған қосымша факультативтер, сынып сағаттары, мектептен тыс іс-шаралар өткізіледі.

Сұрау салу нәтижелері оқушылардың мектептегі өз құқықтарын неғұрлым терең зерделеуге үлкен қызығушылық (96%) танытатынын көрсетті. Егер құқықтары бұзылса, қайда жүгінетінін білетін балалардың пайызы төменгіден  жоғарғы сыныптарға қарай (43-тен 58-ға дейін) ұлғайып отырады.

Адам құқықтары мәселелері бойынша балалардың білімін қалыптастыруда және оларға  парактикалық көмек көрсетуде ата-аналар мен отбасылардың рөлі аса зор, өйткені оқушылардың жартысынан көбі адам құқықтары туралы ақпаратты өз ата-аналарынан алады және егер олардың құқықтары бұзылса, олар тағы да ата-аналарына жүгінеді.

Зерттеу нәтижелерін кеңінен талқылау, сондай-ақ әзірленген ұсынымдар мен ұсыныстар адам құқықтары саласындағы білім беруді жетілдіруге, азаматтануды және адам құқықтарын оқытудың маңыздылығын ескере отырып түзетуге жәрдемдеседі. Ұлттық зерттеу жобасын талқылау мақсатында Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкілмен, үкіметтік емес ұйымдармен бірлесіп, ЕЫҚҰ орталығының қолдауымен бірқатар іс-шаралар өткізілді.

Республикада адам құқықтары саласындағы білім беру жағдайындағы оң үрдістерді атап өту маңызды. Адам құқықтары барлық білім беру жүйесі шеңберінде және білім берудің барлық деңгейлерінде  енгізіледі  және іске асырылады.

Сонымен қатар Қазақстан Республикасында адам құқықтары саласындағы білім беру мәселелері нақты пысықтауды талап етеді.  Ұлттық жоспарды әзірлеу кезінде министрліктер мен ведомостволардан түскен  материалдар адам құқықтарына нақты тоқталмай-ақ, құқықтық және азаматтық білім беру туралы куәлік етеді.

 

        2. Ұлттық жоспардың мақсаттары  және басымдықтары

 

Адам құқықтары мәдениеті білімін жетілдіру;

адам құқықтары саласындағы білім берудің негізгі қағидаттары мен әдістерін  жалпы түсінуге қол жеткізу;

ұлттық және халықаралық деңгейлерде адам құқықтары саласындағы білім беруге деген ерекше назарды күшейту;

барлық мүдделі тараптардың адам құқықтары саласындағы білім беруді дамыту мен жетілдіру ісіндегі өзара іс-қимылын және ынтымақтастығын кеңейту;

Қазақстан Республикасында мектептік және кәсіптік-техникалық білім берудің және формальды және формальды емес оқытулардың барлық деңгейлерінде адам құқықтары саласында білім беруді одан әрі дамытудың қажеттілігін бағалау және оның тиімді стратегияларын әзірлеу;

жаңа бағдарламалар әзірлеу және қолданыстағыларын түзету,  адам құқықтары саласында білім беру үшін педагогтар мен оқытушыларды даярлау (қайта даярлау);

адам құқықтары саласында білім беруге арналған оқулықтар және оқу-әдістемелік материалдар   әзірлеуді  үйлестіру;

адам құқықтары саласындағы білім беруді көтермелеу ісінде бұқаралық ақпарат құралдарының рөлі мен мүмкіндіктерін нығайту.

 

3. Адам құқықтары саласындағы білімге шолу

 

Қазақстанда орта білім беру жүйесі 2,8 млн. оқушылар контингенті бар                              8171 мектепті қамтиды. Олардың ішінде 1246 бастауыш, 218 негізгі,          5423 орта мектеп.   

1,3 млн. оқушылар контингенті бар 6034 ауыл мектептері, 1,4 млн. оқушылар контингенті бар 1853 қалалық мектептер.

Республика заңнамасының нормативтік құқықтық  базасы халықаралық деңгейде қолданылатын контексте және айқындамада орта білім беруде  адам құқықтары саласындағы білім беруді  жетілдіруге сәйкес келеді. 

 Нормативтік базаға енгізілетін бірқатар елеусіз өзгерістер адам құқықтары саласындағы білім беруді нақтылауға және жетілдіруге мүмкіндік береді.

Адам құқықтары білім беру мақсаттарының бірі ретінде және білім беруді бағалаудың сапалы өлшемдері сияқты білім беру мәселелері жөніндегі негізгі нормативтік құжаттарға енгізілуі қажет.

Адам құқықтары саласындағы білім беру жөнінде ғылыми-практикалық конференцияларды, семинарлар мен симпозиумдарды өткізу, халықаралық ынтымақтастық шеңберінде білімді тарату және ересектерді оқытудың  қажеттілігін атап өткен жөн.  

Адам құқықтары саласындағы білім беру  мәселелерін көрсететін   бағдарламалық нормативтік құқықтық кесімдерді талдау мемлекеттің салааралық деңгейде барлық билік құрылымдарының  өзара  іс-қимыл жасауы жолымен адам құқықтары саласындағы білім беру бойынша ұзақ мерзімді айқын саясат жүргізіп отырғанын көрсетеді.

 «Қазақстан Республикасында  жалпыға бірдей құқықтық оқуды ұйымдастыру жөніндегі  шаралар  туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 1995 жылғы 21 маусымдағы N2347 қаулысын орындау үшін Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1995 жылғы 13 мамырдағы                      N591 қаулысымен Қазақстан Республикасында жалпыға бірдей құқықтық оқудың 1996 – 1998  жылдарға арналған кешендік бағдарламасын бекітті. Үкіметтің 2004 жылғы 24 желтоқсандағы N1382 қаулысымен  Құқықтық түсіндіру жұмысы, құқықтық мәдениетті қалыптастыру азаматтарды құқықтық оқыту  мен тәрбиелеу жөніндегі 2005 – 2007  жылдарға арналған жаңа бағдарламасы қабылданды.

Қазақстан Республикасы Президентінің 2004 жылғы 11 қазандағы Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2005 – 2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасында білім алушылардың құқықтық дайындығын нығайту арқылы адам құқықтары мен бостандығын құрметтеуге тәрбиелеу негізгі міндеттердің бірі болып табылады.

«Қазақстан Республикасы Конституциясының әлеуетін одан әрі пайдалану жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы    Президентінің 2005 жылғы 4 мамырдағы  N1568 Жарлығымен Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігіне білім беру ұйымдарында осы ұйымдарға қажетті әдістемелік көмек көрсете отырып, конституциялық құрылыстың негіздерін, адамның және азаматтың конституциялық құқықтары мен бостандықтарын оқытудың сапасын арттыру жөніндегі шаралар қабылдау  тапсырылды.

  Мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттарға сәйкес жалпы білім беретін мектептерде қоғамдық-құқықтық пәндер топтамасы: бастауыш сыныптарда «Дүниетану», жоғары сыныптарда «Тарих», «Қоғамтану негіздері» мен «Құқықтану негіздері» пәндері оқытылады.  Бұдан басқа әр түрлі курстар, мысалы 670 мектептің 44 мыңға жуық оқушысын қамтитын  «Азаматтануға кіріспе» бағдарламасы бойынша  Сайлау Жүйелерінің Халықаралық Қоры  әзірлеген курс өткізілуде. 

Адам құқықтары бойынша да, қоғамдық-құқықтық пәндер бойынша да жекелеген оқу құралдарының белгілі бір саны бар.  Республика мектептерінде барынша кеңінен пайдаланылатын оқу құралдарына мыналарды жатқызуға болады:  

Қазақстан мемлекеті мен құқығының негіздері. Ғ.С.Сапарғалиев / Алматы, Атамұра, 1998 ж.

Адам және қоғам. Н.Р. Күнқожаев / Алматы, Мектеп, 2002 ж.

Адам және қоғам. К.М. Жүкеш / Алматы, Глобус, 2003 ж.

Азаматтық білім беруге кіріспе. Дж.Пилон және басқалар / Алматы, 2003 ж.

Азаматтық және басқаруға қатысу 21 ғасырдың азаматтық қоғамындағы сіздің рөліңіз. Дж. Пилон және басқалар / Алматы, СЖХҚ,   2004 ж.

Бірқатар құралдар  үкіметтік емес  ұйымдардың тікелей қатысуымен, ал құқықтық пәндер бойынша  Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Халыққа құқықтық көмек және заңгерлік қызмет көрсетуді ұйымдастыру комитетінің қатысуымен дайындалды және жарияланды. Бұл                           Ө. Акыпбековтың «Құқық әліппесі», Р.Завотпаевтың «Терроризм әліппесі», Көші-қон жөніндегі  халықаралық ұйымның сынып сағаттарын өткізу жөніндегі «Не соглашайся на рабство» атты құралы, «Қамқор» дағдарыс орталығының «қазіргі заманғы қоғам балалары» деген материалдар жинағы, «Құқық және білім» деген электрондық материалдардың жинағы.

 Адам құқықтары саласындағы білім беру контексіндегі білім  беру қызметінің  қосымша нысандары аудиториялық сабақ жүйесіне енбейтін   түрлі мектептен тыс іс-шаралар түрінде іске асырылды. Республикада адам құқығы мен демократия мәселелері  бойынша жасөспірімдердің құқықтарын қорғау форумдары, құқықтық олимпиадалар, семинар-тренингілер, құқықтық білім викториналары, құқықтың ең үздік білгірлеріне арналған конкурстар, құқықтық идеялар фестивалдары, әлемдегі және елдегі  саяси оқиғаларды талқылау жөніндегі брифингтер сияқты іс-шаралар өткізіледі.

Қазақстанда адам құқықтары саласындағы білім беруге арналған кадрларды даярлау мәселелерімен Білім беру жүйесінің басшы және ғылыми-педагогикалық кадрларының біліктілігін арттыру республикалық  институты,  облыстық біліктілікті арттыру институттары, әділет органдары қызметкерлерінің біліктілігін арттыру институттары, үкіметтік емес ұйымдар  айналысады.

Адам құқықтары саласындағы білім беру жөніндегі мемлекеттік органдардың қызметі тұтастай алғанда мемлекеттік қолдаудың қажетті деңгейін көрсетеді. Алайда, осы мәселе бойынша олардың өзара іс-қимылы мен келісімділігі әлі де пысықтауды талап етеді. Адам құқықтары саласындағы білім беру процесіне білім беру органдарымен қатар құқықтық мәдениет пен халықты ағартудың ұдайы және тұрақты өсуіне барынша мүдделілер ретінде әділет органдары мен құқық қорғау органдары белсенді түрде тартылған. Адам құқықтары саласындағы білім беруді жетілдіру мемлекеттің қаржылық-ұйымдастырушылық қолдаумен тікелей байланысты.  Құқықтық түсіндіру жұмысы, құқықтық мәдениетті қалыптастыру, азаматтарды құқықтық оқыту мен тәрбиелеу жөніндегі                                 2005 – 2007 жылдарға арналған бағдарламаны іске асыру үшін ғана республикалық бюджет қаражатынан 198 млн. теңге бөлінді.

Адам құқықтары саласындағы білім беруді  жүзеге асыру процесіне үкіметтік емес ұйымдардың қатысу үлесі елеулі. Үкіметтік емес ұйымдардың адам құқықтары саласындағы білім беруді жетілдіруге қатысуы қажеттілігін қосымша ұйымдастырушылық-қаржылық және оқу-әдістемелік ресурстар ретінде қарастыруға толық негізделген алғышарттар бар. Білім беру ұйымдарымен бірлесіп, адам құқықтары бойынша мектептік білім беру саласындағы белсенді қызметті мынадай үкіметтік емес ұйымдар: Сайлау Жүйесінің Халықаралық Қоры халықаралық ұйымдар өкілдігі, «Street-Law-Казахстан», «Ашық әлем» Қоғамдық ақпараттық орталығы», «Тең-теңге», «Бітімгершілік», Адам құқықтары және заңдылықты сақтау жөніндегі Қазақстан халықаралық Бюросы, «Жас көшбасшылар ассоциациясы», «Конфликтологиялық орталық» қоғамдық ұйымдары, сондай-ақ Қазақстан Республикасындағы Қызыл Жарты ай  қоғамы  және басқалар жүзеге асырады.

 

4. Ұлттық жоспардың іс-шаралары

 

                Ұлттық жоспар мәлімделген басымдықтарды негізге ала отырып, іске асырылуы адам құқықтары саласында білім беру  бойынша қойылған мақсаттарға қол жеткізуге ықпал ететін іс-шаралар топтарын қамтитын өзара байланысты бірнеше блоктардан тұрады.

                Қазақстан Республикасының  қолданыстағы заңнамасына өзгерістер енгізуді және БҰҰ Адам Құқықтарының Жалпыға бірдей Декларациясы қағидаттары мен ережелерін насихаттауды көздейтін блок шүбәсіз негізгі  болып табылады. Негізгі министрліктердің осы блок бойынша келісілген жұмысы, белгіленген іс-шараларды іске асырып қана қоймай, сонымен бірге  біздің елдегі   орта білім беру саласын ғана қозғамайтын дайындалып жатқан заң жобаларына басқаша қарауға мүмкіндік береді.

                Білім беру саласындағы және адам құқықтары саласындағы қызметтің мониторингі мен оны талдау жөніндегі іс-шаралар блогына келетін болсақ, осы блокта топтастырылған іс-шаралар кері байланысты, білім беру мекемелерінде адам құқықтары саласындағы білім беру жағдайын тиісті бағалауды қамтамасыз етеді, ал қажетті  жағдайда Ұлттық жоспар                 іс-шараларына жедел ден қою және оларды  түзету мүмкіндігін береді. Блоктың нақты мониторингтері адам құқықтары саласындағы білім беру ахуалын толық көрсетуге арналған.

                Осы Ұлттық жоспарда ең көлемдісі іс-шаралардың үшінші блогы:  жалпы орта білім беру жүйесінде құқықтық пәндерді оқытуды оқу-әдістемелік қамтамасыз ету болып табылады. Еш күмәнсіз, нақ осы блок мәлімделген мақсаттар мен басымдылықтарға барынша толық  жауап береді.

 Ең маңызды аспектілердің бірі – Ұлттық жоспардың іс-шараларын іске асыруға түрлі деңгейдегі үкіметтік емес ұйымдардың қатысуы.

    Оқушылар, жастар, ата-аналар, оқытушылар өмір сүретін ортаның таптаурындарын жеңбестен, орта білім берудегі бұқаралық ақпарат құралдарының елеулі әсерінсіз қоғамдық процестерге мүмкіндігінше, қатысушылардың барынша кең  жігін тартпай, адам құқықтарының құндылықтарын  қалыптастыру мүмкін емес. Ұлттық жоспардың                   іс-шаралары мемлекеттік басқару органдары мен биліктің қолда бар резервтері мен тетіктеріне олардың адам құқықтары саласындағы білім берудегі орнын анықтау үшін байыппен қарауға мүмкіндік береді, өйткені бірқатар ұстанымдар бойынша мемқұрылымдардың, үкіметтік емес ұйымдардың (оның ішінде халықаралық) білім беру мекемелерінің өкілдерінің ынтымақтастық пен сындарлы диалогы шарттарында бірлескен қатысуы көзделеді.

 

5. Қорытынды

 

                Осы Ұлттық жоспар ұлттық зерттеу жүргізу нәтижелері бойынша айқындалған мақсаттарды, басымдылықтарды, сондай-ақ оны іске асыру жөніндегі іс-шараларды қамтиды.  Ұлттық жоспарда Адам құқықтары саласындағы дүниежүзілік  білім беру бағдарламасы ұсынған орта мектепте адам құқықтары саласында білім беру компоненттері ескеріле отырып жасалған  8 басымдық көзделген.

                Ұлттық жоспардың мақсатына қол жеткізудің 2006 – 2007  жылдарға арналған қысқа мерзімді сипаты бар,  бұл Дүниежүзілік бағдарламаның                бірінші кезеңін (2005 – 2007  жылдар) іске асыру қажеттілігінен туындаған. Осы Ұлттық жоспарды іске асыру қорытындылары бойынша жетістіктерді бағалау  жөніндегі жұмыстарды жүргізу және  Дүниежүзілік бағдарламаның келесі кезеңдерін іске асыру жоспарын  әзірлеу жоспарланған.

                Ұлттық жоспардың негізі мақсаттары: адам құқықтары білімінің мәдениетін жетілдіру, адам құқықтары саласында білім берудің негізгі қағидаттары мен әдістерін жалпы түсінуге  қол жеткізу, адам құқықтары саласындағы білім беруге ұлттық және халықаралық деңгейде айырықша назар аудару, барлық мүдделі тараптардың адам құқықтары саласындағы білім беруді дамыту және жетілдіру ісіндегі өзара іс-қимылы мен ынтымақтастығын кеңейту, сондай-ақ адам құқықтары саласындағы білім берудің қолданыстағы оқу бағдарламаларын жетілдіру болып табылады.

                Ұлттық жоспар іс-шараларын іске асыру өз құқықтарын белсенді және сауатты пайдалануға қабілетті, мектеп оқушысында адам құқықтары мәдинетін қалыптастырудан, оқушылардың құқықтық санасы деңгейін көтеруден, балалар қылмысын азайтудан, сондай-ақ құқықтық тұрғыдағы басқа да оң көріністерден білінетін тиімділік беруге арналған. Алайда,  адам құқықтары саласындағы жүйелі білім беруді жетілдіру және оқушыларды адам құқықтарын құрметтеу рухында тәрбиелеу жөніндегі жұмыс үлкен қиындықтарға   байланысты  және оларды шешу ұзақ және мақсатқа сай жұмыстар жолымен ғана мүмкін болатынын еске сақтаған жөн.

                Қойылған мақсаттарды іске асыру мақсатында осы  процеске   мүдделі барлық қатысушылардың: мемлекеттік органдардың, халықаралық ұйымдардың, үкіметтік емес сектордың, сондай-ақ педагогикалық қызметкерлер мен оқушылардың өздерінің тығыз ынтымақтастығы қажет.                                  Осы Ұлттық жоспар Қазақстан Республикасындағы  орта білім беру   шеңберінде адам құқықтары саласында білім беруді жетілдіруге бағытталған бірқатар бірінші кезектегі жоспарланған нақты іс-қимылды білдіреді.

 

_______________