Map map map "Алтын белгі" туралы Ереже
 



 

no news in this list.



            


            








Қазақстан Республикасының білім беру жүйесі  Жалпы орта білім 

"Алтын белгі" туралы Ереже



 

Қазақстан Республикасы 
Үкiметiнiң               
1999 жылғы 23 тамыздағы        
N 219 қаулысымен            
бекiтiлген                

                "Алтын белгі" туралы ереже 

      1. Осы Ереже "Бiлiм туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес әзiрлендi. 
      2. "Алтын белгi" белгiсiмен мына талаптардың жиынтығына сәйкес келген жағдайда: 
      1) үлгiлi мiнез-құлық көрсеткен және мемлекеттiк жалпыға мiндеттi бiлiм стандарттарына сәйкес оқу жоспарының барлық пәндерi бойынша оқу кезеңiнде орта бiлiмнiң негiзгi және жоғары сатыларында "5" деген жылдық қорытынды бағалары бар; 
      2) жалпы орта білiм курсы үшiн мемлекеттiк қорытынды аттестаттаудан өте жақсы деген бағамен мараппатталады; 
      3) <*>
      Ескерту. 2-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 2004.04.16. N 428 қаулысымен. 
      3. "Алтын белгi" белгiсiмен оқушылар облыстар, Астана және Алматы қалалары бiлiм басқармаларының (департаменттерiнiң) марапаттауға ұсынылатын оқушының осы Ереженiң талаптарына сай екендiгiн растайтын құжаттары қоса берiлген ұсыныстарының негiзiнде Қазақстан Республикасының бiлiм беру саласындағы уәкілетті орталық атқарушы органының бұйрық шығаруы жолымен марапатталады. 
      4. "Алтын белгi" белгiсiмен марапаттау салтанатты жағдайда өткiзiледi. 
      5. "Алтын белгі" белгісiмен марапатталған оқушылардың Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттiк білiм беру гранттарын (гранттар болмаған жағдайда кредиттердi) алуға басым құқығы бap.
      Ескерту. 5-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2005.02.04. N 107 қаулысымен
      6. Заңдарда белгіленген тәртіппен таңдаған жағдайда "Алтын белгі" белгісімен марапатталғандарға: 
      1) Қазақстан Республикасының мемлекеттік емес жоғары оқу орындарына мемлекеттік білім беру гранты Қазақстан Республикасының жоғары оқу орындары үшін көзделген мөлшерде беріледі; 
      2) "Алтын белгі" белгісімен марапатталушы Қазақстан Республикасының денсаулық жағдайы бойынша арнайы талаптар көзделген жоғары оқу орындарына, денсаулығы Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген арнайы талаптарға сәйкес келген жағдайда ғана қабылдана алады. 
      Ескерту. 6-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2005.02.04. N 107 қаулысымен
      7. Осы Ереже меншік үлгісіне, түріне, нысанына және ведомстволық бағыныстылығына қарамастан, белгіленген тәртіппен жалпы орта білім беру бағдарламасын іске асыратын барлық білім ұйымдарының оқушыларына қолданылады.