Map map map тілдерді оқыту проблемалары жөніндегі республикалық кеңестің қа
 



 

no news in this list.



            


            







Қазақстан Республикасының білім беру жүйесі  Жалпы орта білім 

Қазақстан Республикасының жалпы білім беретін мектептеріндегі тілдерді оқыту проблемалары жөніндегі республикалық кеңестің қатысушыларының Ұсыныстары

Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігінің ұйымдастыруымен 2004 жылғы 12-13 ақпан күндерінде Астана қаласында өткізілген мемлекеттік, орыс және шетел тілдерін оқыту проблемалары жөніндегі Республикалық кеңес (бұдан әрі - Кеңес) мектептердегі тілдерді оқыту проблемаларын және оларды шешу жолдарын талқылау мақсатын көздеді. Кеңес жұмысына жалпы орта, кәсіптік бастауыш және орта, жоғары білім жүйесінің мамандары, Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің, Премьер-Министр Кеңсесінің қызметкерлері, Парламент Сенаты мен Мәжілісінің депутаттары, Білім және ғылым министрлігінің, барлық деңгейдегі білім басқару органдарының, педагогикалық кадрлар біліктілігін арттыру жүйесінің басшылары мен қызметкерлері қатысты.

Кеңестің күн тәртібіндегі өзекті мәселелерді талқылау тілші-мұғалімдердің оқытудың болашақ бағыттарын, тіл пәндерін оқытудың сапасын арттырудың тиімді жолдарын айқындауда ізденісті еңбек етіп отырғандарын байқатты.

Кеңеске қатысушылар республика мектептеріндегі тілдерді оқытудың оң нәтижелерін атай отырып, мына мәселелерге назар аударады: орыс мектептерінде оқытылатын мемлекеттік тілдің, орыс тілінің және шетел тілдері оқулықтарының сапасы қазіргі заманғы әдістемелік талаптарға сай келмейді, білім ұйымдарындағы тілдерді оқыту әдістемесі жетілдіруді қажет етеді, оқу жоспарларында тілдерді оқытуға бөлінетін уақыт жеткіліксіз, тілші мұғалімдерді даярлау, қайта даярлау және біліктілігін арттыру жүйесін түбегейлі реформалау қажет.

Республиканың білім беру жүйесінің басшылары мен қызметкерлерінің баяндамалары мен сөйлеген сөздерін тыңдай және талқылай келе, Республикалық кеңестің қатысушылары ұсынады:

1. білім ұйымдарындағы тілдерді оқытудың проблемалары бойынша ғылыми-қолданбалы зерттеулер жүргізілсін;

2. тіл пәндерінің оқулықтарын жасауға қойылатын талаптар әзірленсін;

3. орыс тілінде оқытатын мектептегі мемлекеттік тілдің жаңа оқулықтары мен оқу-әдістемелік кешендерінің, жалпы білім беретін мектептердегі ағылшын тілі оқулықтарының конкурсы өткізілсін;

4. қазақ емес тілде оқытатын мектептердегі мемлекеттік тілдің электрондық оқулықтары жасалсын;

5. мемлекеттік тіл мұғалімдерінің тілді білу деңгейлерін анықтау мақсатында аттестация өткізілсін;

6. Мәдениет, ақпарат министрліктерімен бірлесіп, мемлекеттік тілді оқытудың жеделдетілген курсының бірыңғай әдістемесі әзірленсін;

7. 2004-2005 оқу жылынан бастап маман педагогтармен, жабдықталған кабинеттерімен қамтамасыз етілген мектептерде 2-сыныптан ағылшын тілін оқыту енгізілсін;

8. қазақ, ұйғыр, өзбек, тәжік тілдерінде оқытатын мектептерде орыс тілін оқыту 2-сыныптан енгізілсін және 5-9-сыныптардағы ”Русская речь” курсы ”Русский язык” және ”Русская литература” пәндеріне бөлінсін;

9. шетелдердегі шетел тілдерін оқыту және пайдаланатын оқулықтары бойынша тәжірибелері зерттелсін;

10. 2004-2005 оқу жылынан бастап әрбір облыстың бір мектебінде эксперимент ретінде пәндерді бір мезгілде үш тілде оқыту енгізілсін;

11. республиканың жоғары оқу орындарында қазақ емес тілде оқытатын мектептердегі қазақ тілі мен әдебиетінің және ағылшын тілінің мұғалімдерін даярлауға мемлекеттік тапсырыс көлемі арттырылсын;

12. мемлекеттік мамандықтар жіктеуішіне 030700 “Қазақ тілі мен әдебиеті” мамандығын “Қазақ тілінде оқытатын мектептегі қазақ тілі мен әдебиеті” және “Қазақ емес тілде оқытатын мектептегі қазақ тілі мен әдебиеті” мамандықтарына бөлу жөнінде өзгеріс енгізілсін;

13. қазіргі заманғы әдістемелік және инновациялық технологияларды ескере отырып, педагогикалық кадрлар даярлығының сапасын жақсарту жөнінде шаралар қолданылсын;

14. ағылшын тілінде оқытатын пән мұғалімдерін даярлау ұйымдастырылсын;

15. тіл мұғалімдерін даярлау, қайта даярлау және біліктілігін арттыру жүйесінің жаңа бағыттары әзірленсін;

16. кеңінен және дәстүрлі емес үлгіде тәжірибе алмасу мақсатында педагог-филологтардың қауымдастығы, білім ұйымдарында тіл пәндері мұғалімдерінің әдістемелік бірлестіктері құрылсын.

 

ҚР жалпы білім беретін мектептердегі тілдерді

оқыту проблемалары жөніндегі

Республикалық кеңеске қатысушылар қабылдаған

2004 жылғы 12 ақпан, Астана қалас