Map map map “Жаңа буын оқулықтары мен оқу-әдістемелік кешендерінің сапалық м
 



 

no news in this list.



            


            








Қазақстан Республикасының білім беру жүйесі  Жалпы орта білім 

“Жаңа буын оқулықтары мен оқу-әдістемелік кешендерінің сапалық мониторингін жетілдіру” атты 2004 жылғы 18-19 ақпанда Шығыс Қазақстан облысы Өскемен қаласында өткен республикалық семинардың ҰСЫНЫСТАРЫ

Республиканың білім беру ұйымдарында жаңа буын оқулықтары мен оқу-әдістемелік кешендерінің практикалық сараптамасының сапасын арттыру мақсатында “Жаңа буын оқулықтары мен оқу-әдістемелік кешендерінің сапалық мониторингін жетілдіру” тақырыбында 2004 жылғы 18-19 ақпанда Шығыс Қазақстан облысы Өскемен қаласында республикалық семинар өтті.

Семинар жұмысына ғалымдар, жаңа буын оқулықтарының (химия, физика, геометрия, қазақ тілі), авторлары, облыстық білім департаменттерінің (басқармаларының), кадрлардың біліктілігін арттыру және қайта даярлау институттарының өкілдері тірек мектептерінің басшылары мен мұғалімдері, әдістемелік кабинеттердің меңгерушілері және баспа өкілдері қатысты.

Семинар барысында қатысушылар жаңа буын оқулықтарын сынақтан өткізу және оның сапасы туралы мәселені талқылады. “Дөңгелек үстелде” және Зыряновск қаласының N12 лицейімен Күржім ауданының К.Нұрғалиев атындағы гимназиямен жүргізілген телекөпір кезінде мұғалімдер және оқулықтар авторларының арасында сындарлы әңгіме-диалогқа қол жетті және оқулықтардың сапасын арттыруға байланысты нақты ұсыныстар енгізілді.

N18, N3 тірек орта мектептерінің мұғалімдері өткізген ашық сабағына қатысу барысында және семинар жұмысының қорытындысы бойынша жаңа буын оқулықтарын сынақтан өткізуді облыстың білікті мұғалімдері жүргізетінін және сынақтан өткізу барысында мұғалімдер әдістемелік ұсыныстарды, тест, бақылау тапсырмаларын және тұлғаны жетілдіруге бағытталған басқа да іс-шаралрды әзірлейтінін атап айтуға болады.

Сонымен қатар сынақтан өткізуді ұйымдастыру, оқулықтар мен оқу-әдістемелік кешенінің сапасын арттыру одан әрі жетілдіруді талап етеді. Семинарға қатысушылар семинардың маңыздылығын ескере отырып, төмендегідей ұсыныс енгізеді:

- Ы. Алтынсарин атындағы Қазақ білім академиясы (ҚБА) оқулықтардың теориялық және практикалық сараптама өлшемдерінің жүйесін жетілдіруге байланысты жұмысты жүргізуді жалғастырсын;

- Ы. Алтынсарин атындағы Қазақ білім академиясы әзірлеген “Оқулықтары мен оқу-әдістемелік кешендердің сапалық мониторингі” әдістемелік құрал басшылыққа алынсын.

- білім департаменттерінде (басқармаларында) бақылауды күшейтсін және олардың жұмысын үйлестіру жөнінде жұмыс кеңестерінде жүйелі түрде тыңдай отырып, үйлестірсін;

- республикалық білім мен ғылым қызметкелерінің біліктілігін арттыру және қайта даярлау институтты эксперимент режимінде жұмыс істеп жүрген басшылар мен мұғалімдерге әдістемелік көмек көрсету бойынша курстық қайта даярлауды әзірлесін;

- 9 сынып жаңа буын оқулықтарын сынақтан өткізуді тиімді ұйымдастыру мақсатында Республикалық білім мен ғылым қызметкелерінің біліктілігін арттыру және қайта даярлау институттары ескертулер мен ұсыныстарды өңдеу жөнінде әдістемелік (пәндік) кеңестер ұйымдастырсын.