Map map map АНЫҚТАМА
 



 

no news in this list.



            


            








Қазақстан Республикасының білім беру жүйесі  Қазақстандағы жастар саясаты  АНЫҚТАМА 

«Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік жастар

саясаты туралы» Қазақстан Республикасы Заңының орындалуы туралы

парламенттік тыңдауға

АНЫҚТАМА



Қазақстандағы жастардың жалпы саны 2008 жылғы 1 қаңтар бойынша 4,5 млн. жуық адамды құрайды. Яғни, қазіргі заманғы қазақстандық қоғамның құрылымында жас азаматтардың жастық категориясы республика халқының жалпы санының 27,8% құрайды.

Жастар саясаты саласындағы қолданыстағы заңнамалар.

  1. «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік жастар саясаты туралы» Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 7 шілдедегі № 581 Заңы;

  2. Қазақстан Республикасы Президентінің «Қазақстан Республикасының азаматтарына патриоттық тәрбие берудің 2006-2008 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы туралы» 2007 жылғы 10 қазандағы № 200 Жарлығы;

  3. Қазақстан Республикасы Президентінің «Қазақстанның 2030 жылға дейінгі даму стратегиясын әрі қарай іске асыру жөніндегі шаралар туралы» 2007 жылғы 6 сәуірдегі № 310 Жарлығы (Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007-2009 жылдарға арналған бағдарламасының 4.3.6-тармақтары);

  4. Қазақстан Республикасы Президентінің «Қазақстан Республикасының мемлекеттік жастар саясаты тұжырымдамасы туралы» 1999 жылғы 28 тамыздағы № 73 Өкімі;

  5. «Жастар саясатының 2005-2007 жылдарға арналған бағдарламасы туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 18 шілдедегі № 734 қаулысы;

  6. «Қазақстан Республикасының азаматтарына патриоттық тәрбие берудің 2006-2008 жылдарға арналған бағдарламасын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 9 желтоқсандағы № 1187 қаулысы;

  7. «Азаматтарға патриоттық тәрбие беру жөніндегі республикалық кеңес туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 11 наурыздағы № 174 қаулысы;

  8. «Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 31 шілдедегі № 1165 қаулысына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 26 сәуірдегі № 333 қаулысы;

  9. «2008-2010 жылдарға арналған «Жасыл ел» бағдарламасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 16 қазандағы № 958 қаулысы;

  10. «Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығы туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1996 жылғы 7 тамыздағы № 983 қаулысы;

  11. «Жастардың бәсекеге қабілеттілігін қолдау және дамытудың 2008-2015 жылдарға арналған тұжырымдамасы туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 20 маусымдағы № 516 қаулысы;

  12. «Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық дамуының 2008-2010 жылдарға арналған орта мерзімді жоспары туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 29 тамыздағы қаулысы (3.2.8-тармағы);

  13. «Мемлекет басшысының 2005-2007 жылдардағы жыл сайынғы Қазақстан халқына жолдауларын және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007-2009 жылдарға арналған бағдарламасын іске асыру жөніндегі негізгі бағыттардың (іс-шаралардың) Жалпыұлттық жоспарын орындау жөніндегі іс-шаралар жоспарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 20 сәуірдегі № 319 қаулысы (58, 181, 148-154-тармақтары);

  14. «Қазақстан Республикасындағы есірткіге және есірткі айналымына қарсы күрестің 2006-2008 жылдарға арналған бағдарламасы туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 5 сәуірдегі № 240 қаулысы;

  15. «Салауатты өмір салтының» 2008-2016 жылдарға арналған бағдарламасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 21 желтоқсандағы № 1260 қаулысы;

  16. «Қазақстан Республикасындағы ЖҚТБ эпидемиясына қарсы іс-әрекет жөніндегі 2006-2010 жылдарға арналған бағдарламасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 15 желтоқсандағы № 1216 қаулысы;

  17. «Қазақстан Республикасында дене тәрбиесі мен спортты дамытудың мемлекеттік бағдарламасын іске асыру жөніндегі 2007-2009 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 19 наурыздағы №209 қаулысы;

  18. «Қазақстан Республикасында дене тәрбиесі мен спортты дамытудың 2007-2011 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 29 желтоқсандағы №231 қаулысы;

  19. Қазақстан Республикасы Президентінің «Қазақстан Республикасында туризмді дамытудың 2007-2011 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы туралы» 2006 жылғы 29 желтоқсандағы №231 Жарлығы;

  20. «Қазақстан Республикасында туризмді дамытудың мемлекеттік бағдарламасын іске асыру жөніндегі 2007-2009 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 28 ақпандағы №156 қаулысы;

  21. «Жастар ұйымдарымен өзара қарым-қатынас және ынтымақтастық жөніндегі Кеңесті бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2007 жылғы 24 қыркүйектегі №451 бұйрығы;

  22. «Жастар ұйымдарының мемлекеттік жастар саясатын іске асыру жөніндегі жобалық ұсыныстарының конкурсын өткізудің ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2007 жылғы 15 қазандағы № 479 бұйрығы.


Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдарының мемлекеттік жастар саясатын іске асыру жөніндегі құзыреті.

Қазақстан Республикасында мемлекеттік жастар саясатын іске асырудың құрылымы мемлекеттік атқарушы және өкілді, консультативтік-кеңесші органдардың, сондай-ақ жастар коммерциялық емес ұйымдардың республикалық, сонымен бірге өңірлік деңгейлерде қатысуын қарастырады.

Республикалық деңгейде жастар саясатын іске асыруға жауапты орган Білім және ғылым министрлігі болып табылады.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанында ҚР Білім және ғылым министрі басқаратын консультативтік-кеңесші орган - Жастар ісі жөніндегі кеңес және Азаматтарға патриоттық тәрбие беру жөніндегі республикалық кеңес жұмыс істейді. Кеңестердің құрамына атқарушы және өкілді билік органдарының, коммерциялық емес ұйымдардың өкілдері енеді. Облыстар, Астана және Алматы қалалары әкімдерінің жанында консультативтік-кеңесші орган ретінде жастар ісі жөніндегі кеңестер жұмыс істейді, олардың негізгі мақсаттары мемлекеттік жастар саясатын іске асыру саласында мемлекеттік органдардың және үкіметтік емес ұйымдардың қызметтерін үйлестіру болып табылады.

Облыстық деңгейде жастар саясатын жүргізуді үйлестіру жөніндегі қызметтер Ішкі саясат департаменттеріне, қалаларда және аудандарда мемлекеттік жастар саясатын іске асыруға жауапты құрылымдық бөлімшелерге жүктелген, ішкі саясат, мәдениет және тіл бөлімдері бар.


Жастар саясатын іске асырудың схемасы


 




Жастардың әлеуметтік құқықтарын іске асыру


1. Қазақстан Республикасындағы білім берудің 2005-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы.

2. «Салауатты өмір салты» бағдарламасы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 21 желтоқсандағы № 1260 қаулысымен бекітілген мақсатты тобы жас жтекіншектер мен жастар болып табылады.

3. «Білім беру ұйымдары қызметкерлерінің типтік штаттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 4 қарашадағы № 1168 қаулысы. Қаулының шеңберінде Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі облыстардың, Астана және Алматы қалалырының әкімдерімен бірлесе отырып, республикадағы жалпы білім беру мектептеріндегі медициналық пункттерді (кабинеттерді) қалпына келтіру, оларды медициналық кадрлармен жинақтау және қажетті медициналық жабдықтармен жасақтау жөніндегі жұмыстар жалғасын тапты.

4. «Жастар достастықтарының қызметін енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2006 жылғы 19 қазандағы № 491 бұйрығы. Жастарға медициналық қызмет көрсетуді жетілдіру мақсатында халықаралық тәжірибенің негізінде жастар достастықтарының қызметі енгізілуде және жастар денсаулық орталықтары құрылуда. Жастар достастықтарының қызметі кешенді болып табылады және сонымен бірге медициналық көмек, әлеуметтік, психологиялық, құқықтық көмектің жалпы блогына ие. Өзіндік мәні қызмет көрсетудегі қолжетімділік, өзіндік еріктілік, сенімділік, еріктілік және кешенділік болып табылады.

Ауыл жастары қатарындағы азаматтар үшін техникалық және кәсіптік кәсіби оқу бағдарламаларын, орта білімнен кейінгі және жоғары білімді іске асыратын білім беру ұйымдарына оқуға түсу кезінде ауылдың әлеуметтік-экономикалық дамуын анықтайтын мамандықтарға қабылдау квотасы қарастырылған. Осыған байланысты, білім беру гранты бойынша оқитындар ай сайын шәкіртақы алып отырады.

Мемлекеттік органдар Қазақстан Республикасының заңнамаларына сәйкес, жастарға арналған әлеуметтік инфрақұрылымдардың объектілерін құру мен жұмыс жасауын қымтамасыз етеді.

Республика бойынша жастарға арналған мына әлеуметтік инфрақұрылымдар объектілері жұмыс жасайды: кітапханалар – 3664 бірлік, клуб түріндегі мәдениет мекемелері – 2409 бірлік, мұражайлар – 187 бірлік; театрлар – 51 бірлік.

2008 жылдың басында жергілiктi өкiлдi органдардың шешімi бойынша бiлiм беру ұйымдарының күндiзгi оқу нысанында оқитындар мен тәрбиеленушiлер үшiн қоғамдық көлікте (таксиден басқа) жеңiлдiкпен жүру республиканың бірнеше өңірлерінде ғана жүзеге асырылуда. Олардың қатарында: Алматы қаласы, Алматы, Ақтөбе, Қарағанды, Жамбыл, Атырау облыстары бар. Аталған өңірлерде оқушылар мен студенттер үшін қоғамдық қалалық көліктегі жолақыға шектеулі жеңілдік мөлшері енгізілген. Заңның нормалары жергілікті бюджет қаражаты есебінен қамтамасыз етіледі.

Басқа қалаларда жеңілдікпен жол жүру қарастырылмаған немесе мектеп оқушылары мен колледж оқушыларына ғана қарастырылған (Шығыс Қазақстан, Павлодар, Қызылорда, Солтүстік Қазақстан, Батыс Қазақстан, Маңғыстау облыстары).

Астана қаласы, Оңтүстік Қазақстан, Ақмола облыстарында жеңілдікті аз қамтамасыз етілген немесе көп балалы отбасынан шыққан студенттер мен оқушылардың жекелеген топтары ғана пайдаланады.

Қостанай облысында тек Рудный қаласында ғана студенттер үшін қоғамдық көліктердегі жолақының 50 % жеңілдігі қарастырылған.

Яғни, қазіргі таңда «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік жастар саясаты туралы» Қазақстан Республикасының Заңындағы 6-баптың 4-тармағы 16 өңірдің 6 өңірінде ғана орындалуда, бұл 37,5 % құрайды. 2006 жылмен салыстырғанда жеңілдетілген жолақысы берілетін 2 өңір қосылғанын ескеруге болады.

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің мәліметі бойынша 2007 жылы жас жеткіншектер қылмысының деңгейі өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 7,4 %-ға төмендеді, үлес салмағы елімізде орын алған қылмыстың жалпы санының 6,5 % құрады. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің өткізген қылмыстық жағдай талдауына сәйкес, елімізде соңғы 4 жылда жас жеткіншектер арасында жастардың жасаған қылмыс саны өсуінің төмендеу үрдісі байқалады. Қазақстан Республикасындағы кәмелетке толмағандардың арасындағы құқық бұзушылықтың, бақылаусыздықтың алдын алу жөніндегі 2008-2009 жылдарға арналған жоспар әзірленді, осының шеңберінде еліміздегі жас жеткіншектер қылмысының алдын алу жөніндегі іс-шаралар іске асырылады.

Халықаралық еңбек ұйымымен бірлесе отырып, республикадағы балалар еңбегін жою жөніндегі бағдарламаның шеңберінде Қазақстан Республикасында ХЕҰ № 182 халықаралық Конвенциясын іске асыру мақсатында балалар еңбегінің нашар түрлерін жою жөніндегі өңірлік жоба жүзеге асырылуда.

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің қолдауымен өңірлерде 2007 жылы білім беру ұйымдарына бекітілген қосымша 135 қызметтік учаскелік полиция инспекторлары (мектеп инспекторлары) енгізілді. Қазіргі уақытта олардың саны 677-ге жетті.

Бүгінгі күні ішкі істер органдарында алдын алу есебінде 20 мыңнан астам жас жеткіншектер тұр, олардың ауытқыған мінез-құлықтағысы – 15 мыңға жуық, кәмелетке толмағандардың 2,5 мыңнан астам топтары қоғамға қарсы бағытта, 12 мыңнан астамы нашар отбасылардан, онда 34 мыңға жуық балалар тұрады.

Жастар Қазақстан Республикасының басқа азаматтарымен тең атаулы әлеуметтік көмекке құқығы бар.

«Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек туралы» Қазақстан Республикасы Заңының негізінде, егер жастар тұрып жатқан отбасының орташа табысы кедейшілік шегінің көлемінен аспайтын болса, белгіленген облыста (республикалық маңызы бар қалада, астанада) атаулы әлеуметтік көмек көрсетіледі. Атаулы әлеуметтік көмектің мөлшері орташа табыс пен кедейшілік арасындағы айырмашылықпен есептелінеді. 2007 жылы атаулы әлеуметтік көмекті 224,8 мың адам, оның ішінде 18 жасқа дейінгі 137,6 мың балалар және күндізгі оқу нысанындағы 4,8 мың студент алды.

Балалары бар жас отбасылар егер отбасының орта табысы азық-түлік кәрзеңкесінің (2008 ж. 1 тоқсанға 5994 теңге) бағасынан төмен болса 18 жасқа дейінгі балаларға мемлекеттік жәрдемақысын және тұру жәрдемақысын алуға ниет білдіре алады.

Өңірлерде жергілікті атқарушы органдар өздерінің азаматтардың жекелеген санаттарын әлеуметтік қорғаудың қосымша түрлерін орнату құқықтарын пайдалана отырып, аз қамтамасыз етілген отбасылардан шыққан студенттердің жоғары және орта арнаулы оқу орындарында оқу төлемақысына әлеуметтік көмек көрсетеді.


Жастардың еңбек және жұмыспен қамту саласындағы кепілдіктері, тұрғын үй мәселесін шешуге көмек беру.

Қазақстан Республикасы Статистика агенттігінің мәліметі бойынша жұмыссыз жастар үлесінің жалпы саны (15-24 жастағылар) 18,5 %, яғни 107,3 адамды құрайды. Бұл 2006 жылға қарағанда 38,9 мың адамға (26,6 %-ға) төмен.

Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің мәліметі бойынша 2007 жылы жұмыспен қамту органдарына жұмысқа орналасуға көмек сұрап 70,1 мың адам өтініш білдірген, жұмыссыз ретінде 66,5 мың адам тіркелген, олардың ішінде 61,7 мың адам жұмысқа орналасқан. Қоғамдық жұмыстарға 21 жасқа дейінгі жастар, сондай-ақ 23 жасқа дейінгі балалар үйлерінің тәрбиеленушілерінен 11,9 мың адам қатысты. 11,8 мың адам кәсіптік оқуды аяқтады, оның ішінде 9,0 мың адам бірінші рет оқытылды, 2,1 мың адам қайта даярлаудан өткізілді, 311 адам екі мамандықты игерді, 339 адам біліктілігін арттырды. Оқудан өткендердің қатарынан 10,6 мың адам жұмыспен қамтылды, оның ішінде 333 адам жеке істерін ашты. 350 адам оқуды және қайта даярлануды жалғастыруда.

2007 жылы жастар тәжірибесіне оқу орындары түлектерінің 8,5 мыңы қатысты, олардың 5,6 мың адамы (65,9 %) жұмыспен қамтылды.

Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыстың шеңберінде Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі арқылы жастарға экономика саласында қолдау көрсетуге бағытталған төрт әлеуметтік маңызды жобаларды іске асыруға республикалық бюджеттен 5 100,0 мың теңге бөлінді.

Республикалық және өңірлік деңгейде студенттік құрылыс жастар еңбек жасақтарының жұмысы мен «Жасыл Ел» жалпы республикалық бастамасы қолдау тауып келеді.


Жасыл ел.

2005 жылдың қорытындысы бойынша «Жасыл Ел» жасақтары сарбаздарының саны 28 000 адамды құрады. 8 мың гектар аумақты көгалдандыру мен көркейту бойынша жұмыстар жүргізілді, 7 млн. астам көшеттер отырғызылды. «Жасыл ел» республикалық штабының акциялары мен іс-шараларына еліміздің 1 млн. тұрғындары қатысты, 400-ден астам мақалалар жарық көрді.

2006 жылы «Жасыл ел» сарбаздарының саны 32 000 мың адамға артты. 16 мың гектар аумақта жұмыс жүргізілді, 11 млн. көшеттер отырғызылды. 2005 жылдағыдай акциялар мен іс-шараларға қатысушылардың саны 1 млн. адамды құрады. Өткізілген кампанияның шеңберінде Мемлекет Басшысының жеке бастамасын танымал ету бойынша бұқаралық ақпарат құралдарының барлық түрлерінде 1000-ға жуық мақала жарық көрді.

2007 жылдың ішінде «Жасыл Ел» республикалық штабы арқылы «Жасыл Ел» бастамасын танымал етуге бағытталған, жастарды табиғатқа деген жауапкершілікке тәрбиелеу және халықтардың және «Жасыл Ел» сарбаздарының арасында бос уақытты қызықты өткізуді ұйымдастыру мақсатында 50-ден астам іс-шаралар өткізілді.

«Жасыл Ел» жасақтарына 2007 жылы 12 мыңнан астам жастар тартылды, негізгі жұмыстар өзендер мен көлдердің жағалауларын тазалауға, сексеуілдерді қалпына келтіруге, гүлзарлар отырғызуға бағытталды. Шөлге қарсы күрес, өртенген жерлерді тазалау, қайындарды және ленталы ормандарды қалпына келтіру бойынша жұмыстар жалғасты. Орта еңбекақы 30 000 теңгені құрады. Игерілген жұмыстың көлемі 2 млрд. астам теңгені құрады.


Студенттік құрылыс жастар еңбек жасақтары.

Студенттік құрылыс жастар еңбек жасақтары Республикалық штабының жұмыстарының қорытындысы бойынша, 2005 жылғы үшінші еңбек семестрінде республика бойынша саны 8 696 сарбаздарды құрайтын 331 студенттік құрылыс жасақтары жасақталды. СҚЖЕЖ жасақтарының игерген жұмыс көлемі 2005 жылғы жазғы кезеңде 750 млн. теңгені құрады. Бір сарбаздың орташа еңбекақысы 31 500 теңгені құрады.

2006 жылғы маусымның үшінші еңбек семестрінде 16 мыңға жуық студенттен тұратын 640 СҚЖ жасақталды (оның ішінде ауыл жастары), СҚЖ жасақтарының игерген жұмыс көлемі 1 млрд. 560 млн. 226 мың 561 теңгені құрайды. Бір сарбаздың орташа еңбекақысы республика бойынша 36 500 теңгені құрады.

2007 жылы еліміз бойынша барлығы 19 757 студенттік жастар еңбек жасақтарының сарбаздары жұмыс жасады. Игерілген жұмыс көлемі 2 млрд. астам теңгені құрады. Орташа еңбекақы 44 800 теңгені құрады.

2005 жылмен салыстырғанда республика бойынша СҚЖ игерген жұмыс көлемі, жасақталған жасақтардың және тартылған студенттердің саны 2 есеге артты.


Жастар жүзеге асыратын кәсіпкерлік қызметті мемлекеттік қолдау.

Жастардың әлеуметтік-экономикалық өзін-өзі іске асыруға, қазіргі заманғы рыноктық жағдайда қолдау мен бейімдеу жүйесін қалыптастыруға, кәсіби өсу үшін жағдай жасауға қабілетті жастарды жұмыспен қамтуды мемлекеттік қолдаудың негізгі шараларының қатарында жастардың кәсіпкерлік қызметін дамыту қажеттілігін атап өту керек.

Жастар саясатының 2005-2007 жылдарға арналған бағдарламасын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарына сәйкес, жастар қоғамдық бірлестіктерінің базасында кәсіпкерлікті дамытуға бағытталған әлеуметтік қызметтер құрылды. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі арқылы әлеуметтік қызметтерді құруға 2007 жылы республикалық бюджеттен 9 969,5 мың теңге бөлінді.

Әлеуметтік қызметтер жұмыстарының шеңберінде орта және шағын бизнес, аграрлық сектор, бос уақытты тиімді өткізу мен демалыс, туризм және спорт, қызмет көрсету салаларындағы инновациялық жобалар мен бизнес идеяларының республикалық конкурсы өткізілді. Ақпараттық бюллетеньдер, әдістемелік құралдар әзірленіп шығарылды. Қолданыстағы техникалық және ұйымдастырушылық құрылымға, қазіргі заманғы ғылыми-техникалық процесстердің басым үрдістеріне бейімделген ауылдарда компьютерлік сауаттылықты және арнайы өндірістік білім мен дағдыларды арттыру бойынша

жастар қатарындағы кәсіпкерлерге консультациялық қызметтер көрсетілді.

Жас отбасыларды мемлекеттік қолдау.

Тұрғын үй құрылысын дамытудың 2008-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасында «Жас отбасы» санаты басым санат ретінде белгіленген.

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 1 қыркүйектегі № 923 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасында тұрғын үй құрылысын дамытудың 2005-2007 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыру шеңберінде облыстардың, Астана және Алматы қалаларының жергілікті атқарушы органдары іске асыратын Қазақстан Республикасының азаматтарының тұрғын үй ережесіне «Мемлекеттік жастар саясаты туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес «жас отбасы» түсінігін анықтау бөлігіне түзетулер енгізу туралы ұсыныс енгізді.

Облыстарда жас жұмысшыларға ипотекалық тұрғын үй алу, жалға берілетін тұрғын үйлерді беру мен тұрғын үй алу үшін пайызсыз займ беру көмектері көрсетілуде.

Жергілікті деңгейлерде жас отбасыларды қолдау мақсатында отбасылық өмірдің проблемаларына консультациялар беру жүйесін құру, жас отбасылардың психологиялық-педагогикалық, құқықтық және басқа мәселелері, жазғы демалыс мекемелері жүйесін сақтау мен дамыту және балалар мен жастарды сауықтыру бойынша жұмыстар ұйымдастырылды.


Талантты жастарды мемлекеттік қолдау.

Жас таланттарды қолдау мен дамыту мақсатында жыл сайын Ұлттық жастар Дельфийлік ойындары өткізіліп отырады. Ұлттық ойындарды дайындауды ұйымдастыру мен өткізу, сондай-ақ өңірлік ойындарды үйлестіру мәселелері Қазақстан Ұлттық Дельфийлік комитетінің отырысында қарастырылады.

Қазақстанның Үшінші Ұлттық жастар Дельфийлік ойындары 2007 жылғы маусымда Алматы облысының Талдықорған қаласында өтті. Ойындарға еліміздің 16 өңірінен 500-ге жуық жастар қатысты.

Жыл бойында қайырымдылық акциялардың сериясы өткізіледі, сондай-ақ мемлекет тәрбиесінің қарауындағы жеткіншектер мен жастардың проблемаларына мониторинг жүргізіледі.

Еліміздің барлық жоғары оқу орындарында конкурстық негізде дарынды және талантты жастарды оқу бағдарламасына, алыс және жақын шетелдердің білім беру және ғылыми-зерттеу ұйымдарында қайта даярлау және сынақтан өту, онын ішінде «Болашақ» Президенттік бағдарламасы және Қазақстан Республикасының жас таланттарын қолдаудың «Дарын» мемлекеттік бағдарламасы бойынша оқу мүмкіндігі қамтамасыз етілген.

Жоғары оқу орындарының студенттері ғылыми жұмыспен айналыса отырып, Ресейдің, алыс және жақын шетелдердің жоғары оқу орындарымен тығыз байланыс орнатқан, халықаралық ғылыми конференцияларға, конкурстарға, олимпиадаларға, семинарларға және т. б. қатысып отырады.


Жастардың халықаралық ынтымақтастығына көмек көрсету.

Жастар саясатын іске асырудың негізгі басымдықтарының бірі қазақстандық жастарды халықаралық жастар ынтымақтастығы бағдарламасын дамыту, жастармен жұмыс саласындағы тәжірибе алмасу жолымен халықаралық мәдени, экономикалық, ғылыми және білім беру процесстеріне тарту болып табылады.

Бүгінгі күні Германия Федеративті Республикасымен, Катар мемлекетімен, Сауд Аравия Корольдігімен, Украина, Беларус Республикасымен, Әзірбайжан Республикасымен, Қырғыз Республикасымен, Тәжікстан Республикасымен келісім орнатылған. Қазақстан Республикасы Үкіметі мен Ресей Федерациясының Үкіметі, сондай-ақ Қытай Халықтық Үкіметі арасындағы Жастар саясаты саласындағы ынтымақтастық туралы үкіметаралық келісімнің жобасы әзірленді және қазіргі уақытта Қазақстан Республикасында мүдделі мемлекеттік органдармен келісілу үстінде.

Келісімнің шеңберінде осы елдердегі жастармен жұмыс тәжірибесін зерделеуге бағытталған әр түрлі іс-шаралар өткізіліп тұрады. Қазақстан ТМД елдерінің Жастар ісі жөніндегі мемлекеттік органдары басшылары кеңесінің отырыстарына қатысады.


Мемлекеттік жастар саясатын қаржылық қамтамасыз ету.

Республикалық бюджетте 2008 жылға 040 «Жастар саясатын жүргізу» бюджеттік бағдарламасының шеңберінде 591 314 сомасында шығыстар қарастырылған, оның ішінде:

- жастар саясаты бойынша іс-шаралар өткізуге - 201 763 мың теңге немесе 2007 жылмен салыстырғанда 43 931 теңгеге артқан;

- Қазақстан Республикасының азаматтарына патриоттық тәрбие беру мемлекеттік бағдарламасының шеңберінде іс-шараларды іске асыруға - 48 404 теңге немесе 2007 жылмен салыстырғанда 1 243 мың теңгеге артқан.

- жастардың қатысуымен «Жасыл ел» ұлттық жобасын іске асыруға – 341 147 мың теңге немесе 2007 жылмен салыстырғанда 106 377 мың теңгеге төмендеген.

2008 жылы республикалық бюджеттен жастарға арналған ауқымды іс-шаралар қаржыландырылатын болады, оның қатарында әдістемелік семинар, әскери жиындар, Халықаралық Форум, Дельфийлік ойындар, Жалпыреспубликалық жастар форумы, Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы Жастар ісі жөніндегі кеңестің отырысы, жастар пікір-сайыс ойындарының турнирі және Мемлекет басшысының ұлттық мәдени орталықтарының жастар қанаты көшбасшыларымен кездесуі бар.

Осымен бірге, жүйелі жұмысты ұйымдастыруға бағытталған қосымша іс-шаралар қарастырылған, олардың қатарында, стандарттарды әзірлеу, жастар саясатын іске асыру саласындағы әдістемелік құралдар мен ұсынымдар кәсіптік бағдарлау жұмыстарын жетілдіру жөніндегі шаралар бар.

Осымен қатар, 006 «Өкілдік шығыстар» бюджеттік бағдарламасы бойынша, 2008 жылы 27 863,8 мың теңге сомасында жастар саясаты саласындағы мамандармен алмасу халықаралық бағдарламаларын ұйымдастыру шығыстарын қаржыландыру қарастырылған. Бөлінген қаражаттардың шеңберінде Әзірбайжаннан, Беларустан, Қырғызстаннан, Тәжікстаннан, Украинадан, Өзбекстаннан және Германиядан жастар делегациясын қабылдау жоспарланған.

Жергілікті деңгейлерде жастар саясатын іске асыру жергілікті бюджет қаражаты есебінен өңірлік бағдарламалар шеңберінде жүзеге асырылуда.

Яғни, жергілікті атқарушы органдар тиісті 2007 жылғы қаржысымен қоса төмендегі бағдарламаларды әзірлеп, қабылдады:

  1. Ақмола облысында – «Ақмола облысының жастар саясатының 2006-2007 жылдарға арналған бағдарламасы»; Қаржыландыру көлемі 2007 жылы 18 237,0 мың теңгені құрады;

  2. Алматы облысында – «Алматы облысында мемлекеттік жастар саясатын іске асырудың 2006-2007 жылдарға арналған бағдарламасы»; Қаржыландыру көлемі 2007 жылы 14906,0 мың теңгені құрады;

  3. Атырау облысында - «Атырау облысында мемлекеттік жастар саясатын дамытудың 2006-2007 жылдарға арналған бағдарламасы»; Қаржыландыру көлемі 2007 жылы 15000,0 мың. теңгені құрады;

  4. Ақтөбе облысында – «Ақтөбе облысының жастар саясатының 2006-2007 жылдарға арналған бағдарламасы»; Қаржыландыру көлемі 2007 жылы 39600,0 мың. теңгені құрады;

  5. Шығыс Қазақстан облысында – «Шығыс Қазақстанның жастары - 2006-2007»; Қаржыландыру көлемі 2007 жылы 54669,0 мың. теңгені құрады;

  6. Жамбыл облысында – «Жамбыл облысында мемлекеттік жастар саясатын іске асырудың 2005-2007 жылдарға арналған бағдарламасы»;

  7. Батыс Қазақстан облысында – «Жастар саясатының 2006-2007 жылдарға арналған өңірлік бағдарламасы»; Қаржыландыру көлемі 2007 жылы 318626,0 мың. теңгені құрады, оның ішінде 274000,0 мың теңге - жас отбасыларға арналған тұрғын үй құрылысына;

  8. Қарағанды облысында – «Қарағанды облысының жастары – 2005-2007»; Қаржыландыру көлемі 2007 жылы 34516,0 мың. теңгені құрады;

  9. Қостанай облысында – «Қостанай облысының 2006-2008 жылдарға арналған өңірлік жастар бағдарламасы»; Қаржыландыру көлемі 2007 жылы 32372,0 мың теңгені құрады;

  10. Қызылорда облысында – «Қызылорда облыстық жастар жастар саясатының 2006-2008 жылдарға арналған бағдарламасы»; Қаржыландыру көлемі 2007 жылы 8908,0 мың теңгені құрады;

  11. Маңғыстау облысында – «Маңғыстау жастары – 2006-2008»; Қаржыландыру көлемі 2007 жылы 24940,0 мың теңгені құрады;

  12. Павлодар облысында – облыстық 2006-2008 жылдарға арналған «Жастар» бағдарламасы; Қаржыландыру көлемі 2007 жылы 84937 мың теңгені құрады;

  13. Солтүстік Қазақстан облысында –«Жастар – 2005-2007» облыстық кешенді бағдарламасы; Қаржыландыру көлемі 2007 жылы 12390,0 мың теңгені құрады;

  14. Оңтүстік Қазақстан облысында – «Оңтүстік Қазақстан облысының 2006-2007 жылдарға арналған өңірлік жастар саясатының бағдарламасы»; Қаржыландыру көлемі 2007 жылы 6523,0 мың теңгені құрады;

  15. Алматы қаласында – «Алматы қалалық «Жастар және жас өспірімдер» 2006-2007 жылдарға арналған мақсатты бағдарламасы; Қаржыландыру көлемі 2007 жылы 72000,0 мың теңгені құрады;

  16. Астана қаласында – «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік жастар саясаты туралы» Қазақстан Республикасының Заңы қабылданған кезден бастап қазіргі уақытқа дейін өңірлік бағдарлама қабылданбаған; Қаржыландыру көлемі 2007 жылы 71549,0 мың теңгені құрады.



Жастар саясатын іске асыруды республикалық

бюджеттен қаржыландыру динамикасы



Көрсеткіш

2005 ж.

2006 ж.

2007 ж.

2008 ж.

Өткен кезеңмен салыстырғандағы ауытқу (2007 ж.)

Абсо-люттік

Қатысты ауытқу

млн. теңге

млн. теңге

млн. теңге

млн. теңге

млн. теңге

%,

есе

1

«Жасыл ел» жастар еңбек жасақтары

400

397

423

341

-82

-19,4

2

Студенттік құрылыс жастар жасақтары

0

18

25

0

-25

-100

3

Мемлекеттік жастар саясатын іске асыруға бағытталған республикалық іс-шаралар

20

110

50

55,5

5,5

11

4

Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс, оның ішінде

127

107

110

146

36,5

32,7

4.1

Жастар үшін әлеуметтік қызметтер

70

60

60

90

30

50

4.2

Жастар әлеуметтік жобалары

57

47

50

56,5

6,5

13

5

Азаматтарға патриоттық тәрбие беру бағдарламасы


0

18

44

48

8

9%

Барлығы:

547

650

652

591

-61

- 9,4 %




Жастар саясатын 2007 жылы жергілікті бюджеттен

қаржыландыру




Облыс, республикалық мәні бар қала

Нормативтік негіз

Облыстың бюджеті,

млн. тг

Үлесі, жалпы көлемдегі %

Облыстың аудандарының және қалаларының бюджеті, млн. тг


Барлығы

1

Ақмола

2005 жылғы 7 желтоқсандағы № 3С-16-8 Ақмола облысының 2006-2007 жылдарға арналған жастар саясаты бағдарламасы


7,90

1,03

10,336

18,24

2

Алматы

2006-2007 жылдарға арналған Алматы облысында мемлекеттік жастар саясатын іске асыру бағдарламасы

8,70

1,13

облыс бюджетінің есебінен

8,70

3

Атырау

Атырау облысының 2006-2007 жылдарға арналған мемлекеттік жастар саясаты бағдарламасы

10,00

1,30

1,38

11,38

4

Ақтөбе

2005 жылғы 1 желтоқсандағы №201 Ақтөбе облысындағы 2006-2007 жылдарға арналған жастар саясаты бағдарламасы

39,56

5,14

облыс бюджетінің есебінен

39,56

5

ШҚО

2006-2007 жылдарға арналған «Шығыс Қазақстан облысының жастары» бағдарламасы

26,60

3,46

27,2

53,80

6

Жамбыл

2004 жылғы 27 тамыздағы №5-6 Жамбыл облысының 2005-2007 жылдарға арналған мемлекеттік жастар саясатын іске асыру бағдарламасы

53,70

6,98

94

147,70

7

БҚО

2005 жылғы 10 желтоқсандағы №24-15 2006-2007 жылдарға арналған өңірлік жастар саясаты бағдарламасы

319,00,

соның ішінде 210 млн. тг

жас отбасыларға арналған үйдің құрылысының ТЭН дайындауға

41,45

облыс бюджетінің есебінен

319,00

8

Қарағанды

2004 жылғы 11 желтоқсандағы 2005-2007 жылдарға арналған «Қарағанды жастары» бағдарламасы

34,52

4,48

облыс бюджетінің есебінен

34,52

9

Қостанай

2005 жылғы 6 желтоқсандағы №227 2006-2008 жылдарға арналған Қостанай облысының өңірлік жастар бағдарламасы

32,44

4,21

17,4679

49,90

10

Қызылорда

2005 жылғы 20 желтоқсандағы №246 Қызылорда облыстық жастар саясаты бағдарламасы

12,00

1,56

облыс бюджетінің есебінен

12,00

11

Манғыстау

«Маңғыстау жастары 2006-2008» өңірлік бағдарламасы

24,95

3,24

облыс бюджетінің есебінен

24,95

12

Павлодар

2005 жылғы 24 наурыздағы №15/18 2006-2008 жылдарға арналған «Жастар» облыстық бағдарламасы

37,90

4,92

облыс бюджетінің есебінен

37,90

13

СҚО

2005 жылғы 19 қазандағы №19/2 «Жастар 2005-2007» Солтүстік Қазақстан облыстық кешенді бағдарламасы

7,89

1,03

4,5

16,37

14

ОҚО

2005 жылғы 6 желтоқсандағы №20/203-ІІІ Оңтүстік Қазақстан облысындағы 2006-2007 жылдарға арналған өңірлік жастар саясаты бағдарламасы

18,508

2,40

облыс бюджетінің есебінен

18,51

15

Алматы қаласы

2006-2007 жылдарға арналған «Жастар және жасөспірімдер» Алматы қалалық мақсатты бағдарламасы

65,00

8,45

облыс бюджетінің есебінен

65,00