Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003-2006 жылдарға арналған іс-қимыл бағдарламасын іске асыру және мектепке дейінгі тәрбие мен бастауыш мектеп сабақтастығын қамтамасыз ету үшін жағдайлар жасау мақсатында БҰЙЫРАМЫН: 1.Орта білім департаменті (С. Есбосынова), Қостанай облыстық білім департаменті (Г.Шек) “Степ бай степ” білім орталығымен бірлесіп (келісім бойынша) 2004 жылғы 13-17 қыркүйекте Қостанай облысының білім беру ұйымдарының негізінде “Мектеп алдындағы 5 жыл: проблемалар мен перспективалар” халықаралық ғылыми-практикалық конференциясын (бұдан әрі - Конференция) өткізсін. 2. Бекітілсін: 1-қосымшаға сәйкес ұйымдастыру комитетінің құрамы; 2-қосымшаға сәйкес Конференцияны ұйымдастыру және өткізу жөніндегі іс-шаралар жоспары. 3. Орта білім департаменті (С. Есбосынова), Республикалық білім беру жүйесіндегі басшы және ғылыми-педагогикалық кадрлардың біліктілігін арттыру институты (Б.Әлмұхамбетов), Ы.Алтынсарин атындағы Қазақ білім академиясы (Қ.Арынов), облыстардың, Астана, Алматы қалаларының білім басқармаларының (департаменттерінің) басшылары, жоғары оқу орындарының ректорлары, педагогикалық колледждердің директорлары 3-қосымшаға сәйкес мектепке дейінгі тәрбие мен бастауыш оқу орындары қызметкерлерінің қатысуын қамтамасыз етсін. 4. “Қазақстан мұғалімі” (М.Сермағамбетов), “Учитель Казахстана” (А.Тхостова) газеттерінің, “Бастауыш мектеп” (С.Елубаева), “Начальная школа Казахстана” (С.Елубаев), “Отбасы және балабақша” (Н.Байжанова), “Детский мир” (Л.Артюкина, келісім бойынша) журналдарының редакцияларына осы бұйрықты және Конференция жұмысын жариялауды қамтамасыз ету ұсынылсын. 5.Осы бұйрықтың орындалуын бақылау вице-министр К.Шәмшидиноваға жүктелсін. Министр Ж.Құлекеев Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2004 жылғы “12” шілдедегі N617 бұйрығына 1-қосымша “Мектеп алдындағы 5 жыл: проблемалар мен перспективалар” халықаралық конференцияны ұйымдастыру комитетінің құрамы 1. | Шәмшидинова Күләш Ноғатайқызы | Қазақстан Республикасы Білім және ғылым вице-министрі, төрайымы | 2. | Баймағамбетова Бағила Бірмағамбетқызы | Қостанай облысы әкімінің орынбасары (келісім бойынша) | 3. | Есбосынова Светлана Бағытқызы | Орта білім департаментінің директоры, төрайымның орынбасары | 4. | Жүкенов Жұмажан Қамкенұлы | Орта білім департаменті директорының орынбасары | 5. | Шек Генрих Генрихович | Қостанай облысы білім департа-ментінің бастығы | 6. | Нұрмұхаметова Жазира Ғадылқанқызы | Мектепке дейінгі тәрбие және жалпы орта білім басқармасының бас маманы | 7. | Саймасаева Гаухар Айтжанқызы | Мектепке дейінгі тәрбие және жалпы орта білім басқармасының бас маманы | 8. | Әлмұхамбетов Берікжан Айтқұлұлы | Республикалық білім жүйесіндегі басшы және ғылыми-педагогикалық кадрлардың біліктілігін арттыру институтының директоры | 9. | Баталова Эльонора Нығметқызы | “Алматыкітап” баспасының президенті (келісім бойынша) | 10. | Сатыбалдиев Ерлан Әбенұлы | “Мектеп” баспасының директоры (келісім бойынша) | 11. | Райымбеков Қазбек | “Аруна ЛТД” баспасының директоры (келісім бойынша) | |