Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 3 қыркүйектегі N1305 қаулысымен бекітілген Білім беру ұйымдарын мемлекеттік аттестаттау туралы ереженің 12-бабына сәйкес БҰЙЫРАМЫН: 1. “2003-2004 оқу жылында Қазақстан Республикасының кәсіптік орта және кәсіптік жоғары білім ұйымдарында мемлекеттік аттестаттау және білім беру қызметінің лицензия талаптарына сәйкестігіне тексеріс өткізу кестелерін бекіту туралы” Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2003 жылғы 16 шілдедегі N500 бұйрығына мынадай өзгерістер енгізілсін: көрсетілген бұйрықтың 1-қосымшасында: реттік нөмірлері 24, 26, 27, 28, 29, 30, 32, 33, 34, 35, 36, 38, 39, 40, 41, 43, 44, 45, 46, 47, 48, 49, 51, 52, 53 - жолдар алынып тасталсын: көрсетілген бұйрықтың 2-қосымшасында: реттік нөмірлері 1, 3, 23, 26, 27, 28, 31, 33, 34, 35, 36, 38, 39 - жолдар алынып тасталсын: 2. Мемлекеттік инспекциялау және білім беруді ақпараттандыру департаменті (М.Нұрғожин) осы бұйрықты білім беру ұйымдары басшыларының назарына жеткізсін. 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Мемлекеттік инспекциялау және білім беруді ақпараттандыру департаментіне (М.Нұрғожин) жүктелсін. Министр Ж. Құлекеев |