Түймебаев Жансейіт Қансейітұлы - 1958 жылы түған. 1980 жылы С.М.Киров атындағы ҚазМУ-дың филология факультетің, 2000 жылы Мәскеу мемлекеттік әлеуметтік университетінің зан факультетін бітірген. Филология ғылымдарының кандидаты (1987), профессор (2005). 1980-1993 жылдары ҚазМУ-да ассистент, аға оқытушы, доцент болып жұмыс істеді.
1993 жылдан дипломатиялық қызметте болды. 1993-1994 жылдары ҚР сыртқы істер министрлігінде бірінші хатшы, бөлім бастығы, 1997-1999 жылдары ҚР Президенті протокол қызметінің бас сарапшысы, 1999 жылы Қазақстан Республикасының Стамбул қаласындағы Бас консулы, 1999-2004 жылдары ҚР Президенті протоколының бастығы, 2004 жылдан 2006 жылға дейін ҚР Президенті протоколының бастығы – ҚР Президентінің кеңесшісі. 2006 жылдың ақпанынан 2007 қантарына дейін Қазақстан Республикасының Ресей Федерациясындағы Төтенше және Өкілетті елшісі. 2007 жылдың қантарынан ҚР Білім және ғылым министрі.