Map map map 5
 



 

no news in this list.



            


            








Құқықтық қамтамасыз ету 

“Қазақстан Республикасы Президентінің 2004 жылғы 14 мамырдағы N1368 "Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір жарлықтарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Жарлығын іске асыру шаралары туралы” Қазақстан Республикасы Білім және ғылым Министрлігінің 17 мамыр 2004 ж. N429 БҰЙРЫҒЫ

 

Қазақстан Республикасы Президентінің 2004 жылғы 14 мамырдағы N1368 "Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір жарлықтарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Жарлығын іске асыру мақсатында БҰЙЫРАМЫН:

1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Президентінің 2004 жылғы 14 мамырдағы N1368 "Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір жарлықтарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Жарлығын іске асыру жөніндегі іс-шаралар Жоспары (бұдан әрі - Жоспары) бекітілсін.

2. Департамент директорлары, Білім беру мен тестілеудің мемлекеттік стандарттары ұлттық орталығының, "Дарын" Республикалық ғылыми-практикалық орталығының басшылары жоспарда қарастырылған іс-шараларды орындау жөнінде нақты шаралар қабылдасын.

3. Қазақстан Республикасының жоғары оқу орындарының, ғылыми ұйымдарының және ведомстволық бағынысты ұйымдардың басшылары Қазақстан Республикасы Президентінің "Болашақ" халықаралық стипендиясына үміткерлерді іріктеу және оны тағайындау туралы Ережесінің талаптарына сәйкес үміткерлердің конкурсқа қатысуын қамтамасыз етсін.

4. Үміткерлердің іріктеу конкурсын өткізу және Қазақстан Республикасы Президентінің "Болашақ" халықаралық стипендиаттарын 2004-2005, 2005-2006 оқу жылдарына оқуға жіберу жөніндегі іс-шараларын ұйымдастыру Білім беруді дамыту стратегиясы және халықаралық ынтымақтастық департаментіне (C. Ырсалиев) жүктелсін.

5. 2004 жылға "Болашақ" бағдарламасы шеңберінде шетелдегі жоғары оқу орындарында мамандар даярлау" 020.106 қаржылық бағдарламасымен қарастырылған қаржыны уақытылы қаржыландыруын және қаражатты мақсатты пайдалануын Қаржы департаменті (Қ. Какаманов) қамтамасыз етсін.

6. Осы бұйрықтық бақылауын өзіме қалдырамын.

 

 

  Министр                                                                                                   Ж.Құлекеев