Map map map 2
 



 

no news in this list.



            


            








Құқықтық қамтамасыз ету 

"Білім туралы" Қазақстан Республикасының Заңы 1999 жылғы 7 маусым N 389

Осы Заң бiлiм беру саласындағы қоғамдық қатынастарды реттейді, осы аядағы мемлекеттік саясаттың негізгі принциптерін белгілейді және Қазақстан Республикасы азаматтарының білім алуға конституциялық құқығын қамтамасыз етуге бағытталған.

 

1-тарау. Жалпы ережелер

 

1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негізгі ұғымдар

Осы Заңда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:

1) адъюнктура - әскери оқу орындарында біліктілігі жоғары ғылыми-педагог кадрлар даярлау нысаны;

2) академия - жоғары кәсіптік білім мен жоғары оқу орнынан кейін кәсіптік білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын; өндірістік, ғылыми және ғылыми-педагогикалық қызметтің белгілі бір саласы үшін жоғары кәсіптік білімі бар мамандар даярлауды, қайта даярлауды және (немесе) олардың біліктілігін арттыруды жүзеге асыратын; ғылымның немесе мәдениеттің көбінесе бір саласында ғылыми зерттеулерді орындайтын жоғары оқу орны; 

2-1) бiлiм беру ұйымдарын аккредитациялау – кәсiптiк жоғары және жоғары оқу орнынан кейiнгi кәсiптiк жоғары бiлiм берудiң білiм бағдарламаларын iске асыратын ұйымдардың мәртебесiн бiлiм бағдарламаларының тiзбесiн белгiлей отырып, олардың үлгiсi (жоғары оқу орны) мен түрiне қарай (институт, академия, университет) мемлекеттiң тануы (кезектi мерзiмге растауы). Бұл ұйымдардың бiтiрушiлерге аталған бағдарламалар бойынша бiлiм туралы мемлекеттiк үлгiдегi құжаттар беруге құқығы бар; 

3) аспирантура, докторантура - оқу орындары мен ғылыми мекемелерде білiктiлiгi жоғары ғылыми және ғылыми-педагог кадрлар даярлау нысаны; 

3-1) ассистентура-тағылымдама - өнер оқу орындарында жоғары бiлiктi ғылыми-педагог кадрлар даярлау нысаны; 

4) бiлiм беру ұйымдарын мемлекеттiк аттестаттay - тиiстi бiлiм беру деңгейiнде олар көрсететiн білiм беру қызметiнiң мемлекеттiк жалпы мiндеттi стандарт талаптарына сәйкестiгiн бақылау мақсатымен жүргiзiлетiн рәсiм;

4-1) педагогикалық қызметкерлердi аттестаттау - педагогикалық ғызметкердiң бiлiктiлiк деңгейiнiң бiлiктiлiк талаптарына сәйкестiгiн анықтау мақсатымен жүргiзiлетiн рәсiм;

5) бакалавр, магистр - жоғары кәсiптiк бiлiмнiң тиiстi бiлiм беру бағдарламаларын меңгерген адамдарға берiлетiн академиялық дәреже;

6) гимназия - негiзгi және қосымша жалпы бiлiм беру бағдарламаларын iске асыратын, оқушыларды олардың бейiмдiлiгi мен қабiлетiне сәйкес тереңдетiп, салаға бөлiп, саралап оқытуды көздейтiн, жалпы орта бiлiм беретiн оқу орны; 

6-1) мемлекеттiк атаулы стипендия - Қазақстан Республикасының Президентi және (немесе) Қазақстан Республикасының Үкiметi тағайындайтын стипендия; 

7) мемлекеттiк бiлiм беру тапсырысы - мемлекеттiк бюджет есебiнен қаржыландыру; кәсiптiк бастауыш, кәсiптiк орта, кәсiптiк жоғары және жоғары оқу орындарынан кейiн кәсiптiк бiлiм беру ұйымдарының бiлiм беру қызметiн сатып алу; конкурстық негiзде мемлекеттiк бiлiм беру гранттары мен кредиттерiн беру арқылы iске асырылатын, тиiстi мемлекеттiк органдар белгiлейтiн бiлiктi жұмысшылар мен мамандар даярлау жоспары; 

8) мемлекеттiк бiлiм беру кәсiпорны - Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi немесе Ұлттық Банкi не жергiлiктi атқарушы орган құратын ұйым; 

9) мемлекеттiк бiлiм беру мекемесi - Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес құрылатын бiлiм беру мекемесi; 

10) девианттық мiнез-құлық - балалар мен жасөспiрiмдердiң әкiмшiлiк жазалау шараларын қолдануға әкеп соғатын құқық бұзушылықтарды үнемi жасауы, оқудан, жұмыстан қасақана жалтаруы, отбасынан немесе балаларды оқыту-тәрбиелеу ұйымдарынан үнемi кетiп қалуы, сондай-ақ олардың қылмыстық жауаптылыққа жатпайтын қылмыс белгiлерi бар, қоғамға қауiптi әрекеттер жасауы; 

11) дистанциялық оқыту (алыстан бiлiм беру) - оқыту нысандарының бiрi, электрондық және телекоммуникациялық құралдар арқылы бiлiм беру ұйымдарынан алыста орналасқан адамдардың оқу-танымдық қызметi мен дамуына нысаналы және әдiстемелi түрде ұйымдастырылған басшылық жасау; 

12) қосымша бiлiм беру - азаматтардың, қоғам мен мемлекеттiң бiлiмге деген қажеттерiн жан-жақты қанағаттандыру мақсатымен барлық деңгейдегi қосымша бiлiм беру бағдарламаларының негiзiнде жүзеге асырылатын тәрбиелеу мен оқыту процесi; 

13) доцент, профессор: 

тиiстi жоғары оқу орны беретiн академиялық атақ; 

жоғары оқу орнының немесе ғылыми-зерттеу ұйымының өтiнiшi бойынша Қазақстан Республикасының мемлекеттiк аттестаттау органы беретiн ғылыми атақ; 

14) рухани (дiни) бiлiм беру ұйымдары - дiн қызметкерлерiн даярлаудың кәсiптiк бiлiм беру бағдарламаларын iске асыратын оқу орындары;

14-1) бiрыңғай ұлттық тестiлеу – кәсiптiк орта және кәсiптiк жоғары бiлiм беру ұйымдарына қабылдау емтихандарымен бiрiктiрiлген жалпы орта бiлiм беретiн оқу орындарында жоғары сатыда бiлiм алушыларды қорытынды мемлекеттiк аттестаттау нысандарының бiрi; 

15) жеке педагогикалық қызмет - жеке нысанда бiлiм беру қызметiн көрсетуге бағытталған қызмет; 

16) институт – кәсiптiк жоғары бiлiмнiң бiлiм беру бағдарламаларын iске асыратын және қолданбалы сипаттағы ғылыми зерттеулердi жүзеге асыратын жоғары оқу орны; 

17) интернаттық ұйымдар - белгiлi бiр санаттағы азаматтардың жатын орын берiле отырып, бiлiм алу құғығына мемлекеттiк кепiлдiктi ғамтамасыз ететiн орта бiлiм беру жүйесiнiң ұйымдары; 

18) интернатура - медициналық жоғары оқу орындарының студенттерiн нақты мамандық бойынша бiр жылдық даярлау нысаны; 

19) бiлiм алушыларды қорытынды мемлекеттiк аттестаттау - олардың тиiстi бiлiм деңгейiнiң мемлекеттiк жалпы мiндеттi стандартын меңгеру дәрежесiн анықтау мақсатымен жүргiзiлетiн рәсiм;

19-1) атаулы стипендия - тиiстi бiлiм беру бағдарламаларын ойдағыдай меңгерген, ғылыми-зерттеу жұмыстарымен шұғылданатын, оқу орнының қоғамдық, мәдени және спорттық өмiрiне белсене қатысатын неғұрлым қабiлеттi бiлiм алушыларды көтермелеу үшiн жеке немесе заңды тұлғалар тағайындайтын стипендия;  

20) бiлiктiлiк - бiтiрушiнiң бiлiмi туралы құжатында көрсетiлген кәсiптiк қызметтi орындауға немесе бiлiмiн жалғастыруға деген кәсiби даярлығының түрi мен дәрежесi; 

20-1) қабылдау квотасы - I, II топтағы мүгедектер, бала кезiнен мүгедектер, мүгедек балалар, ауыл (село) жастары арасынан шыққан азаматтар мен Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылмайтын ұлты қазақ адамдарды, сондай-ақ жетiм балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды кәсiптiк орта және кәсiптiк жоғары бiлiм беретiн бiлiм беру ұйымдарына қабылдау үшiн бөлiнетiн бiлiм беру гранттары мен кредиттерiнiң шектi саны;  

21) колледж - орта кәсiптiк бiлiмi бар мамандар даярлаудың бiлiм беру бағдарламаларын iске асыратын оқу орны;

21-1) кешендi тестiлеу - ақпараттық технологияларды қолдану арқылы бiрнеше оқу пәндерi бойынша бiр мезгiлде өткiзiлетiн емтихан нысаны;  

22) лицей - негiзгi және қосымша жалпы бiлiм беру бағдарламаларын iске асыратын, оқушыларды кәсiби бағдарлап оқытуды жүзеге асыратын жалпы орта бiлiм беретiн оқу орны; 

23) шағын жинақталған мектеп - сынып-жинақтамалары аралас және оқу сабақтарын ұйымдастырудың өзiндiк нысаны бар, оқушылар саны шағын жалпы бiлiм беретiн мектеп; 

24) бiлiм туралы құжаттарды нострификациялау - басқа мемлекеттерде, халықаралық немесе Қазақстан Республикасында құрылған шетелдiк оқу орындарында (олардың филиалдарында) бiлiм алған азаматтарға берiлген құжаттардың баламалылығын анықтау мақсатымен жүргiзiлетiн рәсiм; 

25) бiлiм беру - қоғам мүшелерiнiң адамгершiлiк, интеллектуалдық, мәдени және дене дамуы мен кәсiби бiлiктiлiгінiң жоғары деңгейiне қол жеткiзудi мақсат ететiн үздiксiз тәрбиелеу мен оқыту процесi; 

26) бiлім беру гранты - бiлiм алушыларға кәсiптiк бiлiмге төлеу үшiн тегiн берiлетiн нысаналы ақша сомасы; 

27) бiлiм беру кредитi - бiлiм алушыларға кәсiптiк бiлiм алуға төлеу үшiн берiлетiн нысаналы кредит;

27-1) бiлiм беру мониторингi - бiлiм беру процестерiн жүзеге асырудың нәтижелерi мен шарттарының, бiлiм алушылар контингентiнiң, бiлiм беру ұйымдары желiсiнiң жай-күйiн және өзгерiстер серпiнiн жүйелi түрде байқау, талдау, бағалау және болжау;  

28) жалпы бiлiм беретiн мектеп - негiзгi және қосымша жалпы бiлiм беру бағдарламаларын iске асыратын, әрқайсысы дербес жұмыс iстей алатын үш сатыдан: бастауыш, негiзгi және жоғары сатылардан тұратын жалпы орта бiлiм беретiн оқу орны; 

28-1) бiлiм алушыларды аралық аттестаттау - бiр оқу пәнiнiң оны бiтiргеннен кейiнгi бiр бөлiгiнiң немесе бүкiл көлемiнiң мазмұнын меңгеру сапасын бағалау мақсатында жүргiзiлетiн рәсiм;

28-2) аралық мемлекеттiк бақылау - бiлiм сапасын бiлiм беру ұйымдарына тәуелсiз бақылаудың бiр түрi;  

29) кәсiптiк мектеп - жалпы орта, кәсiптiк бастауыш бiлiмнiң бiлiм беру бағдарламаларын iске асыратын және еңбек қызметiнiң түрлi бағыттары бойынша бiлiктi еңбек қызметкерлерiн даярлауды қамтамасыз ететiн орта оқу орны; 

30) кәсiптік лицей - жалпы орта, бастауыш кәсiптiк бiлiмнiң бiлім беру бағдарламаларын iске асыратын және бiлiктiлiгi жоғары деңгейдегi жұмысшы кадрларын даярлауды жүзеге асыратын орта оқу орны; 

31) кәсiп - адамның бiлiмi туралы тиiстi құжаттармен расталған кәсiбiнiң, еңбек қызметiнiң негiзгi түрi; 

32) клиникалық ординатура - жоғары оқу орнынан кейiн тереңдетiлген медициналық бiлiм алу нысаны; 

33) мамандық - бiлiмi туралы тиiстi құжаттармен расталған белгілi бiр қызмет түрi үшiн қажеттi, мақсатқа сай даярлау және жұмыс тәжiрибесi арқылы алынған бiлiм, шеберлiк және дағдылар кешенi; 

34) стипендия - бiлiм алушыларға олардың тамағына, тұруына және оқу әдебиетiн сатып алуына жұмсалатын шығындарды iшiнара өтеу үшiн берiлетiн ақша сомасы; 

35) студенттiк кредит - бiлiм алушыларға тамағына, тұруына және оқу әдебиетiн сатып алуына жұмсалатын шығындарды iшiнара өтеуге берiлетiн нысаналы кредит; 

36) университет - мамандықтардың кең ауқымы бойынша жоғары кәсiптiк және жоғары оқу орнынан кейiнгi кәсiптiк бiлiмнiң бiлiм беру бағдарламаларын iске асыратын; жоғары кәсiптiк бiлiмi бар мамандарды, ғылыми және ғылыми-педагог қызметкерлердi қайта даярлауды және (немесе) олардың бiлiктiлiгiн арттыруды жүзеге асыратын; iргелi және қолданбалы ғылыми зерттеулер жүргiзетiн; өзiнiң қызмет саласында жетекшi ғылыми және әдiстемелiк орталық болып табылатын көп салалы жоғары оқу орны; 

37) оқу бағдарламасы - әрбiр оқу пәнi бойынша меңгерiлуге тиiстi бiлiмнiң, шеберлiк пен дағдылардың мазмұны мен көлемiн айқындайтын құжат; 

38) оқу жоспары - тиiстi бiлiм беру деңгейiндегi оқу пәндерiнiң тiзбесi мен көлемiн, оларды зерделеу тәртiбi мен бақылау нысандарын регламенттейтiн негiзгi құжат; 

39) бiлiм беру ұйымының филиалы - бiлiм беру ұйымының одан тыс жерде орналасқан және бiлiм беру бағдарламаларын осы Заңда белгiленген шекте iс жүзiне асыратын құрылымдық бөлiмшесi; 

39-1) штаттағы оқытушы - бiлiм беру ұйымының штат кестесiнде көзделген қызметтi атқаратын және жеке еңбек шартының негiзiнде лауазымдық мiндеттерiн орындайтын оқытушы; 

40) экстернат - бiлiм алушы сабаққа үнемi қатыспай-ақ бiлiм беру бағдарламасына сәйкес оқу пәндерiн өз бетiнше оқитын оқыту нысандарының бiрi; 

40-1) мектеп-гимназия (мектеп-лицей) - гимназияның жалпы бiлiм беру бағдарламаларын - гимназия сыныптарында; лицейдiң жалпы бiлiм беру бағдарламаларын лицей сыныптарында iске асыратын жалпы бiлiм беретiн орта оқу орны;

41) элитарлық бiлiм - ерекше дарынды азаматтар үшiн мамандандырылған бiлiм беру ұйымдарында iске асырылатын білiм беру бағдарламалары бойынша алынатын бiлiм.

41-1) эксперименттiк алаң - жаңа педагогикалық технологиялар мен бiлiм беру бағдарламаларын мақұлдаудан өткiзуге арналған эксперимент режимiнде бiлiм беру бағдарламаларын iске асыратын бiлiм беру ұйымы.

 

2-бап. Қазақстан Республикасының білiм беру саласындағы заңдары

1. Қазақстан Республикасының бiлiм беру саласындағы заңдары Қазақстан Республикасының Конституциясына негiзделедi, осы Заңнан және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтiк құғықтық актiлерiнен тұрады. 

2. Егер Қазақстан Республикасы бекiткен халықаралық шартта осы Заңдағыдан өзгеше ережелер белгiленсе, онда халықаралық шарттың ережелерi қолданылады.

 

3-бап. Бiлiм беру саласындағы мемлекеттiк саясаттың принциптерi

1. Бiлiм беру саласындағы мемлекеттiк саясаттың негiзгi принциптерi мыналар болып табылады: 

1) Қазақстан Республикасының барлық азаматтарының бiлiм алу құқықтарының теңдiгi; 

2) әрбiр азаматтың интеллектуалдық дамуы, психикалық-физиологиялық және жеке ерекшелiктерi ескерiле отырып, халықтың барлық деңгейдегi бiлiмге қол жеткiзуi; 

3) бiлiм берудiң зайырлы сипаты; 

4) жеке адамның бiлiмдiлiгiн ынталандыру және дарындылығын дамыту; 

5) бiлiм беру сатыларының сабақтастығын қамтамасыз ететiн бiлiм беру процесiнiң үздiксiздiгi; оқу мен тәрбиенiң бiрлiгi; 

6) бiлiм беру ұйымдарының меншiк нысандары бойынша, оқу мен тәрбиенiң нысандары, бiлiм беру бағыттары бойынша алуан түрлi болуы; 

7) бiлiм берудi басқарудың демократиялық сипаты және бiлiм беру ұйымдарының академиялық бостандықтары мен өкiлеттiгiн кеңейту; 

8) бiлiм берудiң iзгiлiктi және дамытушы сипаты; 

9) бiлiмнiң, ғылымның және өндiрiстiң интеграциялануы; 

10) оқушыларды кәсiптiк бағдарлау; 

11) бiлiм беру жүйесiн ақпараттандыру. 

2. Бiлім беру ұйымдарында саяси партиялар мен дiни ұйымдардың (бiрлестіктердiң) ұйымдық құрылымдарын құруға және олардың қызметiне жол берiлмейдi. 

 

 

4-бап. Азаматтардың бiлiм беру саласындағы құқықтарының мемлекеттiк кепiлдiктерi

1. Азаматтардың бiлiм алу құқығын мемлекет Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкес бiлiм беру жүйесiн дамыту және бiлiм алу үшiн тиiстi әлеуметтiк-экономикалық жағдайлар жасау арқылы қамтамасыз етедi. 

2. Мемлекет Қазақстан Республикасының азаматтарына тегiн жалпы орта бiлiм мен кәсiптiк бастауыш бiлiм алуға және егер азамат осы деңгейлердiң (олардың сатыларының) әрқайсысында бiрiншi рет бiлiм алатын болса, конкурстық негiзде мемлекеттiк бiлiм беру тапсырысына сәйкес бiлiм беру ұйымдарында мемлекеттiк жалпы мiндеттi стандарттар шегiнде тегiн кәсiптiк орта бiлiм мен кәсiптiк жоғары және жоғары оқу орнынан кейiнгi кәсiптiк бiлiм алуға кепiлдiк бередi. Бiлiм алушыларға бiлiмнiң тегiн берiлуi мемлекеттiк бiлiм беру ұйымдарын ұстауды бюджеттен қаржыландыру, бiлiм беру ұйымдарының бiлiм беру қызметiн сатып алуды бюджеттен төлеу, не мемлекеттiк бiлiм беру гранттарын беру арқылы iске асырылады. 

3. Кәсiптiк бiлiм алу үшін конкурстық негiзде берiлетiн мемлекеттiк бiлiм беру кредитi мен мемлекеттік студенттiк кредиттi қамтитын мемлекеттiк бiлiм беру кредитiнiң жүйесi де құрылады. 

Конкурс шарттары мемлекеттiк бiлiм беру гранттары мен кредиттердi тиiстi деңгейдегi бiлiм беру бағдарламаларын меңгеруге мейлiнше қабiлеттi және даярлығы бар азаматтардың алуына кепiлдiк беруге тиiс. 

Мемлекеттiк емес бiлiм беру кредитiн дамытуды мемлекет салық салу жөнiнен жеңiлдiктер беру арқылы ынталандырады. 

4. Мемлекеттiк бiлiм беру гранты, мемлекеттiк бiлiм беру кредитi мен мемлекеттiк студенттiк кредит туралы ереженi Қазақстан Республикасының Yкiметi бекiтедi. 

5. Мемлекет әлеуметтік көмекке мұқтаж азаматтардың бiлiм алуы кезеңiнде оларды ұстау шығындарын толық немесе iшiнара көтередi. 

әлеуметтiк көмек көрсетiлетiн азаматтардың санатына: 

жетiм балалар, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар; 

даму мүмкiндiктерi шектеулi балалар, мүгедектер және бала кезiнен мүгедектер, мүгедек балалар

көп балалы отбасыларының балалары; 

азаматтардың заңмен айқындалатын өзге де санаттары жатады. 

әлеуметтiк көмектiң мөлшерi мен көздерiн Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлейдi. 

6. Денсаулық жағдайына қарай ұзақ уақыт бойы жалпы бiлiм беретiн мектепке бара алмайтын азаматтар үшiн үйде немесе емдеу ұйымдарында жеке тегiн оқыту ұйымдастырылады. 

7. Мемлекет даму мүмкiндiктерi шектеулi азаматтардың бiлiм алуына, дамуындағы ауытқуды түзетуiне және әлеуметтiк бейiмделуiне жағдай жасауды қамтамасыз етедi. 

8. Мемлекет тұрғындар саны аз елдi мекендерде тұратын балалардың орта бiлiм алу құқығын қамтамасыз ету үшiн шағын жинақталған мектептер мен интернаттық ұйымдардың жұмыс iстеуiне кепiлдiк бередi. 

9. Мемлекет ерекше дарынды азаматтардың элитарлық бiлiм, оның iшiнде шетелде бiлiм алуына қажеттi жағдай жасайды. 

 

5-бап. Оқыту және тәрбиелеу тiлi

1. Бiлiм беру ұйымдарындағы тiл саясаты Қазақстан Республикасының Конституциясына және Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жүзеге асырылады. 

2. Меншiк нысандарына қарамастан, барлық оқу орындары әрбiр бiлiм деңгейi үшiн мемлекеттiк жалпы мiндеттi стандартқа сәйкес мемлекеттiк тiл ретiнде қазақ тiлiн бiлу мен дамытуды, сондай-ақ орыс тiлiн және бiр шетел тiлiн оқып-үйренудi қамтамасыз етуге тиiс. 

3. Ұлттық топтар үшiн олардың ана тілдерiн оқып-үйренуiне жағдай жасалады, ал олар жинақы тұратын жерлерде өз тілдерiнде оқытатын бiлiм беру ұйымдары немесе бөлiмшелерi (сыныптар, топтар және басқалар) құрылуы мүмкiн. 

 

6-бап. Бiлiм берудiң мемлекеттiк жалпы мiндеттi стандарттары

1. Қазақстан Республикасында әрбiр бiлiм беру деңгейi бойынша: 

бiлiмнiң мазмұнына; 

оқып және тәрбиеленiп жатқандардың оқу жүктемесiнiң ең көп көлемiне; 

бiлiм алушылардың даярлық қойылатын жалпы талаптардың жиынтығын айқындайтын бiлiм берудiң мемлекеттiк жалпыға бiрдей стандарттары белгiленедi

2. Тиiстi бiлiм беру деңгейлерiнiң мемлекеттiк жалпы мiндеттi стандарттары меншiк нысандарына, үлгiлерi мен түрлерiне қарамастан барлық бiлiм беру ұйымдары үшiн мiндетті.

3. Бiлiм берудiң мемлекеттік жалпы мiндеттi стандарттарын әзiрлеу, бекiту тәртiбi мен олардың қолданылу мерзiмiн Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлейдi.

 

7-бап. Бiлiм беру жүйесi

Қазақстан Республикасының бiлiм беру жүйесi өзара iс-қимыл жасайтын:

1) меншiк нысандарына, үлгiлерi мен түрлерiне қарамастан бiлiм беру ұйымдарының;

2) бiлiм берудiң түрлi деңгейлерiне арналған сабақтас бiлiм беру бағдарламалары мен бiлiм берудiң мемлекеттiк жалпы мiндеттi стандарттарының; 

3) бiлiм беру бағдарламаларының iске асырылуы мен бiлiм беру жүйесiнiң дамытылуын қамтамасыз ететiн бiлiм берудi басқару органдары мен оларға қарасты ұйымдардың жиынтығы болып табылады. 

 

8-бап. Бiлiм беру жүйесiнiң мiндеттерi

1. Бiлiм беру жүйесiнiң басты мiндетi - ұлттық және жалпы адамзаттық құндылықтар, ғылым мен практика жетiстiктерi негiзiнде жеке адамды қалыптастыруға, дамытуға және кәсiби шыңдауға бағытталған бiлiм алу үшiн қажеттi жағдайлар жасау. 

2. Бiлiм беру жүйесiнiң басым мiндеттерi мыналар болып табылады: 

1) бiлiм беру бағдарламаларын меңгеру үшiн жағдайлар жасау; 

2) жеке адамның шығармашылық, рухани және дене мүмкiндiктерiн дамыту, адамгершiлiк пен салауатты өмiр салтының берiк негiздерiн қалыптастыру, жеке басының дамуы үшiн жағдай жасау арқылы интеллектiн байыту; 

3) азаматтық пен елжандылыққа, өз Отаны - Қазақстан Республикасына сүйiспеншiлiкке, мемлекеттiк рәмiздердi құрметтеуге, халық дәстүрлерiн қастерлеуге, Конституцияға қайшы және қоғамға қарсы кез келген көрiнiстерге төзбеуге тәрбиелеу; 

4) республиканың қоғамдық-саяси, экономикалық және мәдени өмiрiне қатысу қажеттiгiн, жеке адамның өз құқықтары мен мiндеттерiне саналы көзқарасын қалыптастыру; 

5) әлемдiк және отандық мәдениеттiң жетiстiктерiне баурау, қазақ халқы мен республиканың басқа да халықтарының тарихын, әдет-ғұрпы мен дәстүрлерiн зерделеу, мемлекеттiк тiлдi, орыс, шетел тiлдерiн меңгеру; 

6) бiлiм беру ұйымдарының еркiндiгiн, дербестiгiн кеңейту, бiлiм беру iсiн басқаруды демократияландыру және орталықсыздандыру;

7) оқытудың жаңа технологияларын енгiзу, бiлiм берудi ақпараттандыру, халықаралық ғаламдық коммуникациялық желiлерге шығу;

8) еңбек рыногында бәсекелесуге қабiлеттi бiлiктi жұмысшылар мен мамандар даярлау, оларды қайта даярлау және бiлiктiлiгiн арттыру;

9) жұмыстан босатылған қызметкерлердi және жұмыспен қамтылмаған халықты қайта оқыту және қайта даярлау;

10) алуан түрлi және көп қызметтi бiлiм беру ұйымдарының тиiмдi дамуына жәрдемдесу.

 

2-тарау. Білім беру ұйымдары

 

9-бап. Бiлiм беру ұйымдары

1. Бiр немесе бiрнеше бiлiм беру бағдарламаларын iске асыратын және (немесе) бiлiм алушылардың, тәрбиеленушiлердiң күтiмi мен тәрбие алуын қамтамасыз ететiн заңды тұлғалар бiлiм беру ұйымдары болып табылады.

Бiлiм беру ұйымдарын Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жеке және заңды тұлғалар (құрылтайшылар) құрады.

Бiлiм беру ұйымдарының қызметi Қазақстан Республикасының Үкiметi бекiтетiн тиiстi үлгiдегi Бiлiм беру ұйымдары қызметiнiң үлгiлiк ережелерiмен және солардың негiзiнде әзiрленген жарғылармен реттеледi.

2. Бiлiм беру ұйымының бiлiм беру қызметiн жүргiзу құқығы лицензия алған кезден бастап туындайды және Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен ол қайтарып алынған немесе жарамсыз деп танылған сәттен бастап тоқтатылады.

3. Бiлiм беру ұйымының мәртебесiн (үлгiсiн, түрiн) оның құрылтайшылары айқындайды және осы Заңның талаптары, бiлiм беру қызметiн лицензиялау кезiндегi бiлiктiлiк талаптары, тиiстi үлгiдегi Бiлiм беру ұйымдары қызметiнiң үлгi ережелерi ескерiле отырып, оның жарғыларында көрсетiледi.

Бiлiм беру ұйымдарының мәртебесiн растау немесе өзгерту мемлекеттiк аттестаттау қорытындылары бойынша жүзеге асырылады.

4. Бiлiм беру ұйымдары:

1) мемлекеттiк (бiлiм беру мекемелерi және бiлiм беру кәсiпорындары);

2) жеке меншiк болуы мүмкiн.

5. Бiлiм беру ұйымдары:

1) мектепке дейiнгi, мектептен тыс, арнаулы және жетiм балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған ұйымдар;

2) жалпы орта, кәсiптiк бастауыш, кәсiптiк орта, жоғары кәсiптiк, жоғары оқу орнынан кейiнгi кәсiптiк және қосымша кәсiптiк бiлiмнiң бiлiм беру бағдарламаларын iске асыратын оқу орындары болып бөлiнедi.

Бiлiм беру ұйымдары түрлерiнiң номенклатурасын Қазақстан Республикасының бiлiм беру саласындағы орталық атқарушы органы бекiтедi.

6. Жеке адамды тәрбиелеуде, оқытуда, кәсiби қалыптастыруда аса зор үлес қосқан жекелеген мемлекеттiк бiлiм беру ұйымдарына Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң шешiмiмен ерекше мәртебе берiлуi мүмкiн.

Жекелеген жағдайларда ерекше мәртебенi Қазақстан Республикасының Президентi беруi мүмкiн.

 

10-бап. Бiлiм беру ұйымының жарғысы

1. Бiлiм беру ұйымының жарғысында мыналар белгіленуге тиiс:

1) атауы, орналасқан жерi (заңды мекен-жайы);

2) құрылтайшылары;

3) бiлiм беру ұйымының ұйымдық-құқықтық нысаны, үлгiсi мен түрi;

4) бiлiм беру ұйымының мiндетi мен қызметi;

5) бiлiм беру процесiнiң мақсаты, iске асырылатын бiлiм беру бағдарламаларының тiзбесi;

6) бiлiм беру ұйымдарына қабылдау тәртiбi;

7) бiлiм беру процесiн ұйымдастыру (оның iшiнде оқыту және тәрбиелеу тiлi (тiлдерi), бiлiм алушылардың, тәрбиеленушiлердiң сабақ режимi);

8) бiлiмдi ағымдағы бақылау, бiлiм алушыларды аралық аттестаттау жүйесi, оларды өткiзудiң нысандары мен тәртiбi;

9) ақылы бiлiм беру қызметiн көрсетудiң тiзбесi мен тәртiбi;

10) бiлiм беру ұйымдары мен бiлiм алушылардың, тәрбиеленушiлердiң және (немесе) олардың ата-аналарының және өзге де заңды өкiлдерiнiң қатынастарын регламенттеу мен ресiмдеу;

11) бiлiм беру ұйымдарына құрылтайшы бекiтiп берген меншiк объектiлерiнiң пайдаланылу тәртiбi;

12) бiлiм беру ұйымының өз қызмет процесiнде сатып алған меншiгiн қалыптастыру тәртiбi;

13) бiлiм беру ұйымын қаржыландыру көздерi, олардың қызметiн материалдық-техникалық жағынан қамтамасыз ету;

14) кәсiпкерлiк қызметiнiң болуы және түрлерi;

15) құрылтайшының құзыретi;

16) бiлiм беру ұйымының құрылымы, басқару органдарын құру тәртiбi, олардың құзыретi және қызметiн ұйымдастыру тәртiбi;

17) бiлім беру ұйымдары қызметкерлерiнiң штатын толықтыру тәртiбi, еңбекке ақы төлеу шарттары, олардың құқықтары мен мiндеттерi;

18) бiлім беру ұйымының қайта ұйымдастырылу және таратылу тәртiбi;

19) бiлiм беру ұйымының жарғысын өзгерту тәртiбi.

2. Мемлекеттiк бiлiм беру ұйымының жарғысында алқалы басқару органдары, олардың құрылу тәртiбi мен құзыретi көзделуге тиiс.

3. Бiлiм беру ұйымының жарғысында оның қызметiне қатысты және Қазақстан Республикасының заңдарына қайшы келмейтiн өзге де ережелер болуы мүмкiн.

4. Бiлiм беру ұйымының жарғысын оның құрылтайшылары бекітедi.

 

11-бап. Бiлiм беру ұйымдарын құру, қайта ұйымдастыру және тарату

1. Бiлiм беру ұйымдарын құру, қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жүзеге асырылады. 

2. Бiлiм беру ұйымдарының филиалдары бiлiм беру ұйымдары құрылтайшыларының келiсiмiмен құрылады. 

3. құрылтайшылар таратылатын бiлiм беру ұйымдарының бiлiм алушыларына басқа бiлiм беру ұйымдарында оқу жылын аяқтап шығу үшiн шаралар қолдануға мiндеттi. 

 

12-бап. Бiлiм беру қызметiн лицензиялау

1. Ведомстволық бағыныстылығына және меншiк нысанына қарамастан, заңды тұлғалардың (бұдан әрi - лицензиат) бiлiм беру қызметi Қазақстан Республикасының лицензиялау туралы заңдарына сәйкес лицензиялануға тиiс.  

2. Бiлiм беру ұйымдарының филиалдары олар үшiн лицензияға жеке қосымшалар берiле отырып, бiлiм беру ұйымдарының құрамында лицензияланады. Филиал туралы Ереже мен тiркеу құжаттары лицензиарға табыс етiлуге тиiс. 

3. Бiлiм беру қызметiн жүргiзу құқығына лицензияны (рұқсатты) бiлiм берудi басқаратын мемлекеттiк орган (лицензиар): 

1) осы тармақтың 3) тармақшасында аталғандардан басқа, жалпы бастауыш, жалпы негiзгi немесе жалпы орта және кәсiптiк бастауыш бiлiм беретiн заңды тұлғаларға, сондай-ақ мектеп жасына дейiнгi және мектептен тыс ұйымдарға - облыстық, республикалық маңызы бар қала мен астананың білiм беру басқармалары (департаменттерi); 

2) кәсiптiк орта, кәсiптiк жоғары және жоғары оқу орнынан кейiнгi кәсiптiк бiлiм беретiн бiлiм беру ұйымдарына - Қазақстан Республикасының бiлiм беру саласындағы орталық атқарушы органы; 

3) жалпы орта бiлiм беретiн халықаралық, шетелдiк, мемлекеттiк емес, сондай-ақ республикалық бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттiк бiлiм беру ұйымдарына Қазағстан Республикасының бiлiм беру саласындағы орталық атқарушы органы бередi. 

4. Халықаралық және шетелдiк оқу орындары немесе олардың Қазақстан Республикасының аумағында құрылған филиалдары Қазақстан Республикасының оқу орындары сияқты шартпен және сондай тәртiппен лицензиялануға тиiс.

5. Лицензия алу үшiн мынадай құжаттар қажет:

1) нысанын Қазақстан Республикасының Yкiметi бекiтетiн белгіленген Үлгiдегi арыз;

2) лицензиаттың бiлiктiлiк талаптарына сәйкестiгiн растайтын құжаттар;

3) қызметтiң жекелеген тәрлерiмен шұғылдану құқығы үшiн лицензиялық алым төлегенiн растайтын құжат;

4) мемлекеттiк тiркеу туралы куәлiктiң көшiрмесi;

5) жұмыс бабындағы оқу жоспарлары;

6) штаттағы оқытушылардың бар екенiн растайтын құжат; 

7) дербес оқу-материалдық базасының бар екендiгiн растайтын құжаттар. 

Лицензиялар құжаттар тапсырылған күннен бастап екi ай мерзiмнен кешiктiрiлмей берiледi.

Лицензия беруден бас тартылған жағдайда лицензия беру үшiн белгiленген мерзiм iшiнде өтiнiш берушiге жазбаша түрде дәлелденген жауап қайтарылады. 

6. Кәсiптiк мектептердiң, кәсiптiк лицейлердiң, колледждер мен жоғары оқу орындарының бiлiм беру қызметiн олар үшiн жаңа кәсiптер мен мамандықтар бойынша лицензиялау, оларда лицензиялардың болуына қарамастан, жалпы негiздерде жүргiзiледi. 

7. Лицензиардың қажет болған жағдайда лицензияны беру, керi қайтарып алу немесе оның қолданылуын тоқтата түру мәселелерiн алқалы түрде және жария қарау үшiн консультациялық-кеңесшi орган құруға құқығы бар.

8. Лицензиардың білім беру қызметін жүргізу құқығына берiлген лицензияны кері қайтарып алуға немесе оның қолданылуын тоқтата тұруға құқығы бар.

Лицензияның қолданылуын алты ай мерзiмге дейiн тоқтата тұруға:

көрсеткiштердiң бiлiм беру қызметiн лицензиялау кезiнде қойылатын бiлiктiлiк талаптарымен белгiленгеннен төмендеп кетуi;

бiлiм беру сапасының мемлекеттiк жалпы мiндеттi бiлiм беру стандарттарына сәйкес келмеуi негiз болады.

Лицензияны керi қайтарып алуға:

лицензиаттың лицензиядағы талаптарды орындамауы;

лицензиатқа өзiнiң жүзеге асыруына лицензиясы бар қызмет түрiмен айналысуына соттың тыйым салуы;

лицензияның қолданылуын лицензиар тоқтатқан себептердiң жойылмауы;

лицензиаттың лицензия алу кезiнде көрiнеу дәйексiз ақпарат беруi негiз болып табылады. 

9. Бiлiктiлiк талаптары мен бiлiм беру қызметiн лицензиялау тәртiбiн Қазақстан Республикасының Үкiметi бекiтедi.

 

13-бап. Бiлiм беру ұйымдарына бiлiм алушылар мен тәрбиеленушiлердi қабылдауға қойылатын жалпы талаптар

1. Азаматты бiлiм беру ұйымына қабылдау кезiнде сол ұйым оны және (немесе) оның ата-анасын немесе өзге де заңды өкiлдерiн бiлiм беру ұйымының жарғысымен, бiлiм беру қызметiн жүргiзу құқығына берiлген лицензиямен, қабылдау тәртiбiн және оқу-тәрбие процесiн ұйымдастыруды регламенттейтiн басқа да құжаттармен таныстыруға мiндеттi.

қабылдау тәртiбi тиiстi үлгiдегi оқу орындарына қабылдау ережелерiне сәйкес белгiленедi.

2. Осы аумақта тұратын және тиiстi сатыда бiлiм алуға құқығы бар барлық азаматтардың қабылдануын қамтамасыз ететiн бастауыш жалпы, негiзгi жалпы және орта жалпы бiлiм беру сатыларындағы бiлiм беру ұйымдарына, сондай-ақ кәсiптiк бастауыш бiлiм беретiн бiлiм беру ұйымдарына қабылдаудың тәртiбiн құрылтайшы белгiлейдi.

3. Азаматтарды кәсiптiк орта, кәсiптiк жоғары бiлiм алу үшiн бiлiм беру ұйымдарына қабылдау азаматтардың өтiнiшi бойынша конкурстық негiзде жүзеге асырылады. Конкурстың шарттары азаматтардың бiлiм алу құқықтарын сақтауға кепiлдiк берiп, неғұрлым қабiлеттi және тиiстi деңгейдегi бiлiм беру бағдарламаларын меңгеруге дайындығы бар азаматтарды қабылдауды қамтамасыз етуге тиiс.

Конкурс:

1) ағымдағы жылғы бiрыңғай ұлттық тестiлеудiң нәтижелерi бойынша берiлген сертификаттар баллдарының негiзiнде;

2) осы Заңның 35-бабының 6-тармағында аталғандарға жатпайтын адамдар үшiн кешендi тестiлеу нысанында өткiзiлген түсу емтихандарының нәтижелерi бойынша берiлген сертификаттар баллдарының негiзiнде өткiзiледi.

Бiлiм беру гранттарын (гранттар болмаған жағдайда - кредиттердi) алуға конкурс өткiзiлген кезде:

1) "Алтын белгi" белгiсiмен марапатталған оқушылардың;

2) тiзбесiн Қазақстан Республикасының бiлiм беру саласындағы орталық атқарушы органы айқындайтын жалпы бiлiм беретiн пәндер бойынша халықаралық олимпиадалар мен ғылыми жарыстардың (бiрiншi, екiншi және үшiншi дәрежелi дипломдармен марапатталған) республикалық және халықаралық орындаушылар конкурстары мен спорттық жарыстардың (бiрiншi, екiншi және үшiншi дәрежелi дипломдарымен марапатталған) соңғы үш жылдағы жеңiмпаздарының, сондай-ақ өздерi таңдаған мамандығының олар жеңiмпазы болып табылатын олимпиаданың, конкурстың немесе спорттық жарыстың пәнiне сәйкес келген жағдайда, жалпы бiлiм беретiн пәндер бойынша республикалық олимпиадалар мен ғылыми жарыстардың (бiрiншi, екiншi және үшiншi дәрежелi дипломдармен марапатталған) ағымдағы жылғы жеңiмпаздарының басым құқығы болады.

Бiлiм беру гранттары мен кредиттерiн алуға арналған конкурсты өткiзу кезiнде көрсеткiштер бiрдей болған жағдайда медициналық-әлеуметтiк сараптаманың қорытындысына сәйкес тиiстi бiлiм беру ұйымдарында оғуға болатын жағдайда I және II топтағы мүгедектердiң, бала кезiнен мүгедектердiң, мүгедек-балалардың және үздiк бiлiмi туралы құжаттары (куәлiктерi, аттестаттары, дипломдары) бар азаматтардың басым құқығы болады.

4. Азаматтарды жоғары оқу орнынан кейiнгi кәсiптiк бiлiм алу үшiн жоғары оқу орындарына және ғылыми-зерттеу ұйымдарына қабылдау Қазақстан Республикасының бiлiм беру саласындағы орталық атқарушы органы белгiлеген тәртiппен конкурстық негiзде азаматтардың өтiнiштерi бойынша жүзеге асырылады.

5. Кәсiптiк орта және кәсiптiк жоғары бiлiм беретiн бiлiм беру ұйымдарына оқуға түсу кезiнде Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлейтiн мөлшерде:

1) I, II топтағы мүгедектер, бала кезiнен мүгедектер, мүгедек балалар арасынан шыққан азаматтар үшiн;

2) ауылдың (селоның) әлеуметтiк-экономикалық дамуын айқындайтын мамандықтар бойынша ауыл (село) жастары арасынан шыққан азаматтар үшiн;

3) Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылмайтын ұлты қазақ адамдар үшiн;

4) жетiм балалар және ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балалар үшiн қабылдау квотасы көзделедi.

6. Азаматтарды арнаулы немесе шығармашылық дайындықты қажет ететiн мамандықтарға қабылдау арнаулы немесе шығармашылық емтихандар нәтижелерiн ескере отырып жүзеге асырылады. Мамандықтардың және арнаулы немесе шығармашылық емтихандар еткiзу тәртiбiнiң тiзбесi үлгiлiк қабылдау ережелерiмен белгiленедi. 

7. Рухани (дiни) бiлiм беру ұйымдарына қабылдау орта бiлiмi бар азаматтар арасынан жүзеге асырылады.

8. Кәсiптiк орта және кәсiптiк жоғары бiлiм берудiң мемлекеттiк құпиялармен жұмыс iстеудi талап ететiн жекелеген мамандықтары бойынша Қазақстан Республикасының азаматтарын қабылдау мамандандырылған мемлекеттiк оқу орындарында және басқа да мемлекеттiк оқу орындарының факультеттерiнде (бөлiмдерiнде) мемлекеттiк бiлiм беру тапсырысы бойынша ғана жүзеге асырылады.

Мамандықтардың тiзбесiн Қазақстан Республикасының Үкiметi айқындайды.

9. Бiлiм беру ұйымдарына азаматтарды қабылдау тәртiбiн осы Заңмен реттелмеген бөлiгiнде құрылтайшы белгiлейдi және ол бiлiм беру ұйымының жарғысында бекiтiледi.

 

14-бап. Оқу-тәрбие процесiн ұйымдастыру

1. Бiлiм беру ұйымдарының оқу-тәрбие қызметi мемлекеттiк жалпыға мiндеттi бiлiм беру стандарттары негiзiнде әзiрленген оқу жоспарлары мен бағдарламаларына сәйкес жүзеге асырылады.

2. Жалпы негiзгi, жалпы орта, кәсiптiк бастауыш, кәсiптiк орта және кәсiптiк жоғары бiлiм беретiн бiлiм беру бағдарламаларын меңгеру бiлiм алушыларды мiндеттi мемлекеттiк қорытынды аттестаттаумен аяқталады. 

3. Бiлiм беру ұйымдары бiлiм алушыларды аралық аттестаттаудың нысандарын, тәртiбiн және мерзiмдiлiгін таңдауда дербес болады. 

4. Бiлiм беру ұйымдарында тәртiп бiлiм алушылардың, тәрбиеленушiлердiң, педагогтардың адамдық қадiр-қасиетін өзара құрметтеу негiзiнде сақталады. Бiлiм алушылар мен тәрбиеленушiлерге қатысты күш көрсету, моральдық және психикалық қысым жасау әдiстерiн қолдануға жол берiлмейдi. 

5. Кәмелетке толмаған бiлiм алушылардың, тәрбиеленушiлердiң ата-аналарына және өзге де заңды өкiлдерiне бiлiм беру процесiнiң барысымен және мазмұнымен, сондай-ақ бiлiм алушылардың үлгерiм бағаларымен танысу мүмкiндiгi қамтамасыз етiлуге тиiс. 

6. Оқу орындарында оқыту төмендегiдей нысандарда: күндiзгi, сырттай, кешкi оқу, дистанциялық оқыту және экстернат нысандарында жүзеге асырылуы мүмкiн. 

Бiлiм алудың әртүрлi нысандарын ұштастыруға жол берiледi. 

7. Бiлiм беру ұйымдарындағы тәрбие бағдарламалары бiлiм беру бағдарламаларының құрамдас бөлiгi болып табылады және бiлiм алушылардың, тәрбиеленушiлердiң елжандылық, азаматтық, интернационалдық, жоғары моральдық және адамгершiлiк сезiмiн қалыптастыруға, сондай-ақ жан-жақты ынта-ықыласы мен қабiлеттерiн дамытуға бағытталуға тиiс. 

8. Бiлiм беру ұйымдарында нәсiлдiк, ұлттық, дiни, әлеуметтік ымырасыздық пен айырықшылықты насихаттауға, милитаристiк және де халықаралық құқық пен iзгiлiктiң жалпы танылған принциптерiне қайшы келетiн өзге идеяларды таратуға тыйым салынады. 

9. әскерге шақырылуға дейiнгi және шағырылу жасындағы оқушы жастардың негiзгi жалпы бiлiм беру базасындағы бастапқы әскери даярлығы - жалпы бiлiм беретiн оқу орындарында (арнаулы оқу орындарын қоспағанда), кәсiптiк бастауыш және кәсiптiк орта бiлiм беру ұйымдарында, ал студенттердің әскери даярлығы жоғары оқу орындарының әскери кафедраларында Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен жүргiзiледi.

 

14-1-бап. Оқу-әдiстемелiк жұмысты ұйымдастыру

Оқу-тәрбие процесiн қамтамасыз ету және жетiлдiру, оқытудың жаңа технологияларын әзiрлеу және енгiзу, педагогикалық қызметкерлердiң бiлiктiлiгiн арттыруды қамтамасыз ету мақсатында бiлiм беру ұйымдарында оқу-әдiстемелiк жұмыс жүзеге асырылады.

 

15-бап. Бiлiм алушылардың кәсiптiк практикасы

1. Бiлiм алушылардың кәсiптiк практикасы мамандар мен жұмысшылар даярлаудың бiр бөлiгi болып табылады, ол практика базасы болып табылатын тиiстi ұйымдарда жүргiзiледi және бiлiм беру ұйымдарындағы оқыту процесiнде алған бiлiмдi бекiтуге практикалық дағдылар алу мен озық тәжiрибенi меңгеруге бағытталған. 

2. Кәсiптiк практиканың түрлерi, мерзiмi мен мазмұны бiлiм берудiң мемлекеттiк жалпыға бiрдей мiндеттi стандарттарының талаптарына сәйкес жұмыстық оқу жоспарларымен және бағдарламаларымен белгiленедi. 

3. Бiлiм беру ұйымдары кәсiптiк практиканы өткiзу үшiн шарттық негiзде практика базасы ретiндегi ұйымдарды анықтайды, олармен келiсiлген практиканы өткiзудiң бағдарламаларын және күнтiзбелiк кестесiн бекiтедi

Шарттарда бiлiм беру ұйымдарының, практика базасы болып табылатын ұйымдардың және бiлiм алушылардың мiндеттерi белгiленедi. 

4. Кәсiптiк практикаға жұмсалатын шығындарды бiлiм беру ұйымдары мен практика базасы болып табылатын ұйымдар қарастырады. 

Бұл шығындардың мөлшерi жасалған шарттарда белгіленедi. 

5. Практиканы дайындау мен өткiзу үшiн бiлiм беру ұйымдарының және практика базасының басшылары жауапты болады. 

 

16-бап. Бiлiм туралы құжаттар

1. Лицензиясы бар, мемлекеттiк аттестаттаудан өткен және жалпы бiлiм беру (мектепке дейiнгiнi қоспағанда) мен (немесе) кәсiптiк бiлiм беру бағдарламаларын iске асыратын бiлiм беру ұйымдары қорытынды мемлекеттiк аттестаттаудан өткен азаматтарға бiлiм және (немесе) бiлiктiлiк деңгейi (сатысы) туралы мемлекеттiк үлгiдегi құжаттар бередi. 

2. Тиiстi бiлiм деңгейi туралы мемлекеттiк үлгiдегi құжат келесi деңгейдегi бiлiм беретiн ұйымдарда бiлiм алуды жалғастырудың қажеттi шарты болып табылады. 

Кәсiптiк бастауыш, кәсiптiк орта және кәсiптiк жоғары бiлiмi туралы құжаттарында көрсетiлген бiлiктiлiгіне, сондай-ақ жоғары оқу орнынан кейiнгi кәсiптiк бiлiмi туралы құжаттарында көрсетiлген ғылыми дәрежелерiне сәйкес азаматтардың кәсiптiк қызметпен, оның iшiнде бiлiм деңгейiне бiлiктiлiк талаптары қойылатын қызметпен айналысуға құғығы бар. 

3. Бiлiм алуды аяқтамаған азаматтарға белгіленген үлгiдегi анықтама берiледi. 

4. Қазақстан Республикасының бiлiм беру ұйымдарын бiтiргенi туралы құжаттардың Қазақстан Республикасынан тыс жерлерде танылуы тиiстi халықаралық шарттар (келiсiмдер) негiзiнде жүзеге асырылады. 

5. Шетелдiк бiлiм беру ұйымдары берген бiлiм туралы құжаттар Қазақстан Республикасының аумағында халықаралық шарттар (келiсiмдер) негiзiнде танылады.

Бiлiм туралы құжаттарды нострификациялау тәртiбiн бiлiм беру саласындағы орталық атқарушы орган белгiлейдi.

Халықаралық шарттар (келiсiмдер) болмаған жағдайда азаматтардың Қазақстан Республикасынан тыс жерлерде алған бiлiмi туралы құжаттарының Қазақстан Республикасында танылуы және тиiстi куәлiктер берiлуi білiм беру саласындағы орталық атқарушы органдар белгiлеген тәртiппен жүзеге асырылады.

 

17-бап. Бiлiм беру жүйесiндегi бiрлестiктер

Бiлiм беру жүйесiндегi бiлiм беру қызметi субъектiлерiнiң мүдделерiн Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес құрылған және жұмыс iстеп тұрған олардың бiрлестiктерi бiлдiре алады.

 

3-тарау. Білім беру бағдарламалары мен білім деңгейлері

 

18-бап. Бiлiм беру бағдарламалары

1. Бiлiм беру бағдарламалары тиiстi деңгейлер мен олардың сатыларының бiлiм беру мазмұнын айқындайды. Қазақстан Республикасында жалпы бiлiм беретiн (негiзгi және қосымша) және кәсiптiк (негiзгi және қосымша) болып бөлiнетiн бiлiм беру бағдарламалары iске асырылады. 

2. Жалпы бiлiм беретiн бағдарламалар жеке адамның жалпы мәдениетiн қалыптастыру, жеке адамды қоғамдағы өмiрге бейiмдеу мiндеттерiн шешуге, кәсiптi, мамандықты саналы түрде таңдау мен меңгеру үшiн негiз жасауға бағытталған. 

3. Кәсiптiк бағдарламалар тиiстi кәсiбилiгi мен бiлiктiлiгi бар жұмысшылар мен мамандар даярлауға, бiлiм алушылардың кәсiптiк және жалпы бiлiм деңгейiн дәйектi түрде арттыруға бағытталған. 

4. Негiзгi жалпы бiлiм беретiн бағдарламалар мен негiзгi кәсiптiк бағдарламалар тиiстi мемлекеттiк жалпы мiндеттi бiлiм беру стандарттарының негiзiнде әзiрленедi. 

5. Қосымша бiлiм беретiн бағдарламалар азаматтардың, қоғамның, мемлекеттiң бiлiмге және мәдениетке деген қажеттерiн жан-жақты қанағаттандыру мақсатында iске асырылады. 

Қосымша бiлiм беру бағдарламаларына: 

1) тиiстi мемлекеттік жалпы мiндеттi бiлiм беру стандарттарынан тыс жалпы бiлiм беру және кәсiби даярлық жүргiзiлетiн бiлiм беру ұйымдарында; 

2) қосымша бiлiм беру ұйымдарында; 

3) жеке педагогикалық қызмет арқылы iске асырылатын әртүрлi бағыттағы бiлiм беру бағдарламалары жатады. 

6. Ерекше дарынды бiлiм алушылардың әлеуеттi мүмкiндiктерiн мейлiнше толық дамыту үшiн дарынды балаларға арнап мамандандырылған мектептерде iске асырылатын бiлiм беру бағдарламалары әзiрленедi. 

7. Азаматтардың жекелеген санаттары үшiн психологиялық-медициналық-педагогикалық консультациялардың ұсыныстарын ескере отырып анықталатын бiлiм алушылар мен тәрбиеленушiлердiң даму ерекшелiктерi мен әлеуеттi мүмкiндiктерi ескерiлген арнаулы білiм беру бағдарламалары әзiрленедi. 

8. Оқытудың жаңа технологияларын сынақтан өткiзу, бiлiм берудiң жаңа мазмұнын енгiзу үшiн бiлiм беру ұйымдарында (эксперименттiк алаңдарда) эксперимент тәртiбiмен iске асырылатын бiлiм беру бағдарламалары әзiрленуi мүмкiн.

 

19-бап. Бiлiм берудiң балалар мен жасөспiрiмдерге арналған қосымша дамыту бағдарламалары

1. Бiлiм берудiң қосымша дамыту бағдарламалары мектептен тыс ұйымдарда iске асырылады. 

2. Мемлекет мемлекеттiк мектептен тыс ұйымдардың бiлiм беру қызметтерiне қол жеткiзудi қамтамасыз етедi. 

3. Мектептен тыс ұйымдар балалардың жеке басының дамуына, кәсiптiк бағдарын айқындауына, шығармашылық еңбегiне, олардың қабiлеттерiн iске асыруына, қоғам өмiрiне бейiмделуiне, азаматтық сана-сезiмiнiң, жалпы мәдениетінің, салауатты өмiр салтының қалыптасуына, бос уақытын мазмұнды ұйымдастыруына жағдай жасайды. 

4. Мектептен тыс ұйымдарға балалар мен жасөспiрiмдердiң шығармашылық сарайлары, үйлерi, орталықтары, кешендерi, студиялары; жас техниктердiң, туристердiң, натуралистердiң станциялары мен базалары; балалардың музыкалық, көркемөнер және спорт мектептерi, өнер мектептерi; ынта-ықыластары бойынша клубтар; спорттық, сауықтыру, туристiк лагерьлер; балалар парктерi, стадиондар, галереялар және басқа да ұйымдар жатады. 

5. Мектептен тыс ұйымдардың қызметi Қазақстан Республикасының Үкiметi бекiтетiн тиiстi ережемен белгiленедi. 

 

20-бап. Арнаулы бiлiм беру бағдарламалары

1. Арнаулы бiлiм беру бағдарламаларын арнаулы бiлiм беру ұйымдары iске асырады. 

2. Дамуында түрлi ауытқулары мен кенжелеушiлiгi бар, емделуге және психологиялық-педагогикалық тұрғыда түзелуге, диагноз қоюға мұқтаж балалар үшiн арнаулы ұйымдар (оңалту орталықтары, бала бақшалары, психологиялық-медициналық-педагогикалық консультациялар) құрылады. 

3. Ұзақ емделуге мұқтаж адамдар үшiн, сондай-ақ әдеттегi бiлiм беру ұйымдарында оқытуға кедергiсi болатын даму мүмкiндiктерi шектеулi балалар мен жасөспiрiмдер үшiн толық мемлекет қамтамасыз ететiн арнаулы түзету ұйымдары ұйымдастырылады. Балалар мен жасөспiрiмдер бұл ұйымдарға ата-аналарының және өзге де заңды өкiлдерiнiң келiсiмiмен ғана психологиялық-медициналық-педагогикалық консультациялар арқылы жiберiледi. 

Даму мүмкiндiктерi шектеулi балалар мен жасөспiрiмдердi кәсiптiк даярлауға мемлекет жәрдемдеседi. 

4. Девианттық мiнез-құлықты адамдар үшiн адамгершiлiк сипатта ерекше ұсталатын бiлiм беру ұйымдары мен арнаулы бiлiм беру ұйымдары құрылады, олар тәрбиелеу мен оқытуды, әлеуметтiк оңалтуды қамтамасыз етедi және оларды мемлекет толық қамтамасыз етiп отырады.

Балалар мен жасөспiрiмдердi арнаулы ұйымдарға жiберу аудан, қала әкiмдерi жанындағы кәмелетке толмағандардың құқықтарын қорғау жөнiндегi комиссия арқылы, ал ерекше режимде ұстау ұйымдарында сот шешiмi негiзiнде жүзеге асырылады.

 

21-бап. Жалпы және кәсiптiк бiлiм беру

1. Iске асырылатын бiлiм беру бағдарламаларының сипатына қарай бiлiм беру жалпы бiлiм және кәсiптiк білiм беру болып бөлiнедi.

2. Жалпы бiлiм беруге:

1) мектепке дейiнгi тәрбиелеу мен оқыту;

2) жалпы бастауыш бiлiм беру;

3) жалпы негiзгi бiлiм беру;

4) жалпы орта бiлiм беру;

5) жалпы қосымша бiлiм беру кiредi.

Жалпы бiлiм берудiң әрбiр сатысындағы бiлiм беру мазмұны тиiстi жалпы бiлiм беру бағдарламасымен белгiленедi.

3. Кәсiптiк білім беруге:

1) кәсiптiк бастауыш бiлiм беру;

2) кәсiптiк орта бiлiм беру;

3) кәсiптiк жоғары бiлiм беру;

4) жоғары оқу орнынан кейiнгi кәсiптiк бiлiм беру;

5) қосымша кәсiптiк бiлiм беру кiредi.

Кәсiптiк бiлiм берудiң әрбiр сатысындағы бiлiм беру мазмұны тиiстi кәсiптiк бағдарламамен белгіленедi.

 

22-