Map map map Жоғары білім беретін білім беру ұйымдарында экстернат нысанындаб
 



 

no news in this list.



            


            








Құқықтық қамтамасыз ету 

Қазақстан Республикасы 
                                                                                                   Білім және ғылым министрінің
                                                                                                    2007 жылғы 3 желтоқсан                                                                                                  № 602 бұйрығымен бекітілген 


Жоғары білім беретін білім беру ұйымдарында экстернат нысанындабілім алуға рұқсат беру ережесі

1. Осы Ереже жоғары білім беретін білім беру ұйымдарында экстернат нысанында білім алуға рұқсат беру тәртібін айқындайды (бұдан әрі - Ереже).
2. Экстернат - білім алушы сабаққа үнемі қатыспай-ақ тиісті білім беру бағдарламасының оқу пәндерін өз бетімен оқитын оқыту нысандарының бірі;      3. Экстернат 
нысанында  оқуға  мүмкіндігі  шектеулі білім алушылар, денсаулық жағдайына байланысты ұзақ мерзімі бойы білім беру ұйымдарына бара алмайтын мүгедектер қабылданады. 
Сонымен қатар білім беру ұйымының мынадай білім алушылары алдынғы оқу кезеніндегі үлгерімі «жақсы» немесе "өте жақсы"  деген бағадан төмен болмаған жағдайда  экстернат  нысанында  оқуға ауысуы мүмкін:
 1) шетелде оқитын күндізгі нысандағы білім алушылар бір жылдық мерзімге дейін, Қазақстан Республикасы Президентінің «Болашақ» стипендиясяның иегерлерінен басқалар;
2) ұзақ қызметтік іссапарда жүрген сырттай оқитын білім алушылар бір жылдық мерзімге дейін;
 3) ғылыми-зерттеу жұмыстарымен айналысатын халықаралық және республикалық ғылыми конференциялар мен конкурстардың қатысушылары мен жеңімпаздары.
4. Экстернат нысанында жоғары білiм алуға тiлек бiлдiрген бiлiм алушылар білiм беру ұйымы басшысының атына өтініш бередi. Кәмелетке толмағандар - ата-аналарының немесе өзге де заңды өкілдерінің өтініші бойынша.
5. Мүмкіндігі шектеулі білім алушылар және мүгедектер экстернат нысанында оқуға қабылданған кезде өтінішіне қоса тиісті дәрігерлік-консультациялық комиссияның тұжырымын береді.
6. Шетелде оқу оқитын күндізгі нысандағы білім алушылар, экстернат нысанында оқуға ауысқанда, өтінішіне қоса шетелге іссапарға жіберілгені туралы бұйрықтың көшірмесін және жұмыч істейтін орнынан қолдау хат береді.
7. Ұзақ қызметтік іссапарда жүрген сырттай оқитын білім алушылар, экстернат нысанында оқуға ауысқанда, өтінішіне қоса іссапар туралы бұйрығын көшірмесі мен жұмыс істейтін орнынан қолдау хат береді.
8. Кейбір білім алушылар, экстернат нысанында оқуға құрылымдық бөлімшелер басшысының берген дәлелді қорытындысы бойынша ғана ауыса алады. Ол үшін білім алушының барлық оқу мерзіміндегі үлгерімі «жақсы» және "өте жақсы" деген бағадан төмен болмауы тиіс.

9. Білiм алушының (ата-анасының немесе өзге де заңды өкілдерінің) экстернат нысанында оқуға қабылдануы немесе ауысуы туралы өтініші он күндік мерзімде бiлiм беру ұйымның ғылыми кеңесiнiң отырысында қаралады.
Қарау қорытындылары бойынша тиісті шешім қабылданады.
Мәселе дұрыс шешілген жағдайда, білім алушының экстернат нысанында оқуға қабылдануы немесе ауысуы туралы құжаттары (білім алушының жеке өтініші немесе ата-анасының немесе өзге де заңды өкілдерінің өтініші, анықтамалары және уәждемелік растайтын құжаттар, білім беру ұйымының мөрмен расталған кеңесінің шешімі білім беру саласындағы үәкілетті  органға жіберіледі.
Білім беру саласындағы үәкілетті  орган білім алушылардың құжаттарын екі апта мерзімде қарайды. Қараудың қорытындылары бойынша білім алушыға экстернат нысанында оқуға рұқсат беру немесе бермеу туралы шешім қабылданады.
Экстернат нысанында оқуға білім алушыға келісім бермеудің негізі осы Ереженің 3 тармағында көрсетілген талаптардың орындалмауы болып табылады.
Білім беру саласындағы үәкілетті  органнан білім алушыны экстернат нысанында оқуға ауыстыруға рұқсат алынғаннан кейін, білім беру ұйымының басшысы тиісті бұйрық шығарады.