 no news in this list.
|
Құқықтық қамтамасыз ету
Қазақстан Ресупбликасы
Білім және ғылым министрлігі
2007 жылғы 14 желтоқсандағы
№ 631 бұйрығымен бекітілген
Казахстан Республикасының Әділет министрлігінің
2008 жылы 3 қаңтарда № 5077 тіркеуінен өткен.
Инновациялық білім беру бағдарламаларын
Енгізетін университеттердің конкурстық іріктеу
ЕРЕЖЕСІ
Жалпы ережелер
Осы ереже «Білім туралы» Қазақстан Республикасы Заңы 5-бабының 7) тармақшасына сәйкес әзірленген және инновациялық білім беру бағдарламаларын енгізетін университеттерді конкурстық іріктеуді өткізудің тәртібі мен өлшемдерін айқындайды.
Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талап
Конкурсқа қатысушы университеттер төмендегі өлшемдер бойынша іріктеледі:
стратегиялық бағдарламасы дамыған менеджмент сапасының жүйесі енгізілуі тиіс; халықаралық және ұлттық деңгейде сый ақысы бар болуы керек; ғылыми және ғылыми-технологиялық жобаларды, оның ішінде шетелдік серіктестерімен өткізілуі тиіс; ғылыми – зерттеу институты және ғылыми қызметкерлердің штат кестесі болуы тиіс; құрылған ашық құрал – жабдықтары бар ғылыми обьектісі болуы тиіс; әр түрлі отандық және шетелдік университтер мен белсенді қызметтес шарттар болуы тиіс; жоғары, жоғары оқу орнынан кейінгі және қосымша біілм беру бағдарламаларының болуы; ғылыми қызметті коммерциализациялауды қолдау жүйесі болуы тиіс; жетілген ақпараттық базасы, Web - порталы, Интернетке қосылған компьютер желісі болуы тиіс.
Конкурсқа хабарландыру беру тәртібі
Білім саласындағы уәкілетті орган конкурстық іріктеуді өткізуге бұқаралық ақпарат құралдары арқылы хабарландыру жібереді. Конкурс өткізу туралы хабарландыру мынадай мәліметтерден тұруы тиіс:
өтінімдерді қабылдайтын уәкілетті органдардың мекенжайы (қажет болған жағдайда қабылдау уақыты, бөлменің нөмірі көрсетілуі тиіс); өтінімдерді қабылдаудың мерзімі (конкурс өткізу туралы хабарландыру шыққанннан кейін отыз күнтізбелік күн); конкурс өткізудің күні, уақыты және орны; конкурсқа қатысу туралы өтінішке қоса құжаттардың тізімі.
Конкурстық комиссияның қалыптасуының тәртібі
Инновациялық білім беру бағдарламаларын енгізетін университеттерді конкурстық іріктеу құрылған конкурстық комиссияның (бұдан әрі - комиссия) құрылуы және оның құрамы білім саласындағы уәкілетті органның басшысының бұйрығымен бекітіледі.
Комиссияның құрамына: төраға, төрағаның орынбасары, хатшысы және мүшелері кіреді. Комиссияның құрамының саны кем дегенде тоғыз адамнан аспауы қажет.
Комиссияның құрамына тәуелсіз сарапшылап, мамандар және республикадағы жетекші мамандар тартылады.
Конкурсқа қатысатын комиссияның құрамы және құжат тапсыру уақыты жыл сайын Қазақстан республикасы Білім және ғылым министрінің бұйрығымен бекітіледі.
Конкурсқа Қазақстан Республикасының барлық унвиерситеттері қатыса алады.
Конкурсты өткізу тәртібі
Конкурсқа қатысушы унвиерситет конкурс өткізу туралы хабарландыруда көрсетілген мерзімде комиссияға төмендегі құжаттарды тапсырады: конкурсқа қатысуға өтінім; инновациялық университеттің мәртебесін беру туралы құжаттардың жобасы; мемлекеттік тіркеуден өткен заңды тұлғаның көшірмесі; білім беруді іске асыруға құқығы бар лицензияның көшірмесі; университеттің жарғысының көшірмесі; потенциалды кадрлардың көрсеткіштері; халықаралық келісім-шарттардың көшірмелері; ммелекеттік бюджеттен ғылыми-зерттеу жұмыстарын ораныдағаны туралы мәлімет. Комиссия тапсырылған құжаттарды барлық жағынан ақпараттың дұрыстығын, белгіленген талаптарға өлшемдерінің сәйкестігін анықтап бағалайды. Қажет болған жағдайда конкурстық комиссия университеттерден қосымша мәліметтер сұратады. Комиссиялардың шешімі қарапайым көпшілік дауыстармен қабылданады. Комиссия мүшелерінің дауыстары тең болған жағдайда комиссия төрағасының дауысы шешуші болып табылады.
Комиссия шешімі отырысқа қатысқан барлық комиссия мүшелері және хатшысы қол қоятын хаттамалармен ресімделеді. Конкурстық іріктеуінің оң қорытындысы алған унвиерситеттердің қортындылары хабарландыру шыққаннан кейін жеті күнге дейін баспасөз және бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланады. Комиссияның шешімімен келіспеген жағдайда белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес шағымдануына болады.
|