Бүгін еліміздің мектеп, колледж және лицей оқушылары арасында өткен Астана қаласының 10 жылдық мерейтойына арналған шығармалар сайысының жеңімпаздарын салтанатты түрде марапаттау рәсімі өтті. ҚР Білім және ғылым министрі Жансейіт Түймебаев жеңімпаз атанған 23 мектеп оқушысы мен 10 колледж шәкіртіне диплом, құрмет грамоталарын, бағалы және ескерткіш сыйлықтарын табыс етті.