Map map map 3
 



 

no news in this list.


            


            






Қазақстан ғылымы 

Жаратылыстану және гуманитарлық ғылымдар саласындағы үздiк жұмыстары үшiн жас ғалымдарға сыйлықтар берудің конкурс ШАРТТАРЫ

1. Жалпы ережелер

1. Жаратылыстану және гуманитарлық ғылымдар саласындағы үздiк жұмыстары үшiн жас ғалымдарға сыйлықтар (бұдан әрi - сыйлықтар) Қазақстан Республикасының азаматтарына жыл сайын конкурстық негiзде берiледi:

1) жаратылыстану ғылымдары саласындағы үздiк жұмыстары үшiн жас ғалымдарға арналған Д.А.Қонаев атындағы әрқайсысы 50 айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiндегi үш сыйлық;

2) гуманитарлық ғылымдар саласындағы үздiк жұмыстары үшiн жас ғалымдарға арналған М.Әуезов атындағы әрқайсысы 50 айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiндегi үш сыйлық.

2. Сыйлыққа зерттеулердiң күн талабына сәйкестiгi және жаңалығымен, құрылған өзгешелiгiмен және ғылыми мiндеттердi шешумен ерекшеленетiн теориялық және практикалық маңызы бар жаратылыстану және гуманитарлық ғылымдар саласындағы жарияланған жұмыстар (жұмыстар циклi) ұсынылады.

Жұмыстар конкурс жарияланғанға дейiнгi жылды қоса соңғы 3 жылда орындалған болуы керек.

3. Республикалық бюджет қаражатынан төленген бұрын сыйлықтарға ие болған жұмыстар, осы сыйлықтарды алу конкурсына қатысуға жiберілмейдi. Сыйлыққа жұмыс екi реттен артық ұсынылмайды.

Осы сыйлықтар лауреатының жаңа жетiстiктерi болған жағдайда, сыйлықтар оған қайталанып тағайындалғаннан кейiн бес жыл өткен соң берiлуi мүмкiн.

4. Сыйлықтар алу үшiн конкурсқа жас ғалымдар (оның iшiнде ғылыми қызметкерлер, оқытушылар, докторанттар, аспиранттар, стажер-зерттеушiлер, инженер-техникалық қызметкерлер) қатыса алады. Сыйлық алушылардың конкурсқа жұмыстарын берген кезде жасы 35 аспауы тиiс.

2. Сыйлыққа ұсыну, ресiмдеу және жұмыстарды тапсырудың тәртiбi

5. Сыйлықтар алу үшiн кандидаттарды ұсыну құқығы меншiк нысанына қарамай Қазақстан Республикасы ұйымдарының ғылыми (ғылыми, ғылыми-техникалық, техникалық) кеңестерiне, ғылыми кеңестер мен қоғамдарына, жас ғалымдар кеңесiне және басқа ғылыми, оқу және басқа ұйымдарының (бұдан әрi - ұйымдар) алқалық органдарына берiледi.

Сыйлық алу үшiн жұмыстарды ұсыну туралы шешiм сыйлық алу үшiн ұсынылатын жұмыстар орындалған ұйымдарда белгiленген тәртiппен қабылданады.

6. Сыйлық алуға жеке авторлар, сондай-ақ сандық мөлшерi үш адамнан аспайтын ұжым авторларының жұмыстары ұсынылады. әр автор және шығармашылық ұжым конкурсқа тек бiр жұмыс ұсынуға құқылы.

Сыйлық алу ұжымына кандидаттарды iрiктеу сыйлық алу үшiн ұсынылатын жұмыстар орындалған ұйымдарда белгiленген тәртiппен өткiзiледi.

7. Конкурсқа мынадай құжаттар ұсынылады (басылған түрде, екi бiрдей данада):

1) кiтаптар, монографиялар, оқулықтар, оқу құралдары, кiтапшаланған мақалалар, патенттер көшiрмелерi, туындыгер куәлiктерi мен басқа құжаттар түрiндегi ғылыми жұмыс;

2) оның мазмұны, зерттеулердiң күн талабына сәйкестiгi мен жаңалығы, негiзгi ғылыми нәтижелерi, олардың маңызы және одан әрi пайдалану мүмкiншiлiктерi баяндалатын жұмыстың сипаттамасы (10 беттен аспауы тиiс). Сипаттамаға қоса (мемлекеттiк және орыс тiлдерiнде) жұмысты ұсынған мекеменiң атауы, жұмыстың аты, талапкерлердiң қолы қойылған, оның тегi, аты-жөнi көрсетiлген кiтаптың бiрiншi бетi берiледi;

3) мынадай мәлiметтерi бар жұмыстың қысқаша мазмұндамасы (бiр бетте): алдыңғы бетiнде - жұмыстың атауы, оны ұсынатын ұйымның толық атауы; авторлардың тегi, аты-жөнi, олардың қызмет орындары, лауазымдары, ғылыми атақтары мен дәрежелерi; екiншi жағында - жұмыстың қысқаша мазмұны мен алынған нәтижелерiнiң маңызы, жұмыс авторларының қолы;

4) ұйымның басшысы қол қойған (ресми бланкiде), жұмыстың ғылыми маңыздылығын бейнелейтiн дәлелдi ұсыным-негiздеме;

5) мөрмен куәландырылған жұмысты ұсынушы алқалы орган мәжiлiсiнiң хаттамасынан үзiндi;

6) (талапкердiң тегi, аты-жөнi, туған жылы, төлқұжат немесе жеке куәлiк мәлiметтерi, ғылыми дәрежесi мен атағы, мамандығы, қызмет орны мен лауазымы, қызмет және үй мекен-жайы, телефондары көрсетiлген, талапкердiң өзi қол қойған және кадр бөлiмiнiң қызметкерi куәландырған, талапкердiң негiзгi қызмет орны берген анықтама) - автор туралы мәлiметтер;

7) жұмысты ұсынушы ұйымның басшысы қол қойған оның шығармашылық үлесi көрсетiлген (ұжым жұмыстары үшiн) талапкердiң ғылыми қызметiне қысқаша сипаттама;

8) талапкердiң негiзгi қызмет орнының мөрiмен расталған оның маңызды ғылыми еңбектерiнiң тiзiмi (5-тен кем болмауы тиiс);

9) жұмысты ұсынушы ұйымның басшысы қолын қойған мөрмен куәландырылған, конкурсқа тапсырылған жұмыстың (жұмыстар сериясы) бұрын осы Ереженiң 4-тармағында аталған сыйлықтарға ие болмағанын растайтын анықтама. Осы баптың 6), 7) және 8) тармақшаларында көрсетiлген құжаттарды егер ол зейнеткер болса (жұмыстан босатылған және т.б.) талапкердiң соңғы жұмыс орнынан ұсынуға болады.

9. Аталған құжаттардың әр жинағы "Жаратылыстану ғылымдар саласындағы үздiк жұмыстары үшiн жас ғалымдарға Д.А.Қонаев атындағы сыйлықтар алуға" немесе "Гуманитарлық ғылымдар саласындағы үздiк жұмыстары үшiн М.Әуезов атындағы сыйлықтар алуға" деген жазуы бар ғылыми жұмысымен бiрге папкiде, жеке конвертке салынуы керек.

10. Осы талаптарға сәйкес ресiмделмеген құжаттар қабылданбайды. Конкурсқа ұсынылған материалдарға өзгерiстер мен толықтырулар енгiзуге болмайды.

11. Конкурсқа ұсынылған жұмыстар мен материалдар бiр данада авторлардың-жазбаша талаптары бойынша қайтарылады.