 no news in this list.
|
Қазақстан ғылымы
Қазақстан Республикасы
Білім және ғылым министрінің
2005 жылғы “14” маусымдағы
N404 бұйрығымен бекітілген
Ғылыми ұйымдардың қызметін
бағалау әдістемесі
Осы құжат меншік нысанына және ведомстволық бағыныстылығына қарамастан мемлекеттік, салалық және нысаналы бағдарламаларды іске асыратын ғылыми ұйымдарда аттестаттауды және аккредиттеуді өткізу кезінде ғылыми ұйымдардың қызметінің тиімділігін айқындауға мүмкіндік беретін бірыңғай тәсілді қамтамасыз етуге арналған.
Ғылыми ұйымдардың әрбір қызмет түрі белгілі блокқа кіреді және 1 мен 20 балл шегінде бағаланады.
Ғылыми ұйымдар 7 блоктан тұратын рейтингілік ведомосты (қоса беріліп отыр) толтырады (соңғы 3 жылғы мәліметтер көрсетіледі).
Әр блоктың көрсеткіштерінің мәні 0,1 ден 0,5 аралығындағы (Kn.) салмақтық көэффициентерімен реттеледі.
1 блок. Ғылыми қызмет (мемлекеттік, салалық және нысаналы ғылыми бағдарламаларға сәйкес) К1 - 0,30 салмақтық коэффициентімен;
2 блок. Ғылыми әлеуеттің сапалық және сандық көрсеткіштері, К2 - 0,20 салмақтық коэффициентімен;
3 блок. Ғылыми және ғылыми-техникалық қызметтің нәтижелері, К3 - 0,20 салмақтық коэффициентімен;
4 блок. Нормативтік - құқықтық актілерді әзірлеу және бекіту, К4 - 0,10 салмақтық коэффициентімен;
5 блок. Қаржы-шаруашылық қызметінің қорытындылары, К5 - 0,10 салмақтық коэффициентімен;
6 блок. БАҚ-тың қоғамдық іс-шараларына қатысу, К6 - 0,10 салмақтық коэффициентімен;
7 блок. Алыс және жақын шетелдердің ғылыми ұйымдарымен ынтымақтастық, К7 - 0,10 салмақтық коэффициентімен анықталады.
Ғылыми қызметтің сапасы төмендегі әдістеме бойынша ғылыми ұйымдардың қол жеткізген көрсеткіштерін бағалауы жай баллдарды қосу жолымен анықталады.
Ғылыми ұйымдардың ғылыми-өндірістік қызметін бағалаудың интегралдық өлшемдері (ИӨ) мына формула бойынша анықталады:
ИӨ = К1 x Q1 + K2 x Q2 +……+Kn x Qn
Мұндағы: ИӨ - Ғылыми ұйымдардың ғылыми-өндірістік қызметін бағалаудың интегралдық өлшемдері;
К1 ….. Kn – салмақтық коэффиценттері;
Q1 …..Qn – бағалау өлшемдерінің тиісті блогындағы баллдардың жалпы саны.
Әрбір өлшемнің баллдық жүйесі сол және басқа да көрсеткіштердің маңыздылығына байланысты.
Қосымша
Ғылыми ұйымның рейтингілік ведомосы
________________________________________________________________
Ғылыми ұйымның атау _____________________________________
Мекен-жайы, телефоны, факсы __________________________________________________________________
Р/Н | Көрсеткіштердің мазмұны | Бірліктегі балл бағасы | Барлық бірлік | Баллдардың қосындысы | 1 | 2 | 3 | 4 | 5 | | 1 блок. Ғылыми қызмет (мемлекеттік, салалық және нысаналы бағдарламаларына сәйкес) (салмақтық коэффициенті – 0,30) | | | | 1 | Даму институттарының қатысуымен іске асыралатын инновациялық жобалардың саны .......... | 10 | | | 2. | ҒЗЖ-ларды қаржыландырудың жалпы көлемі: 5000 АЕК-ке дейін ............ 5000 – 25000 АЕК-ке дейін ............ 25000 АЕК-тен жоғары ............ | 3 5 7 | | | 3. | Зерттеуге және әзірлемеге жұмсалған шығындар: -бюджеттік қаражаты ия/жоқ............ -меншік қаражаты ия/жоқ............ -бюджеттен тыс қаражат ия/жоқ............ | 5/0 6/0 6/0 | | | 4. | Басқа ғылыми ұйымдардың материалдары бойынша рецензиялардың саны: -аяқталған ҒЗЖ-лар туралы есеп ................... -аралық ҒЗЖ-лар туралы есеп ..................... -монография, оқулық ....... -әдістемелік, нормативтік, директивалық құжаттар, диссертациялардың авторефераты (канд. /докт).……….. -ақпараттық парақ, мақала және т.б.,……….. | 10 4 5 4/3 1 | | | 5. | Қазақстан Республикасы заңдарының жобалары бойынша жүргізілген ғылыми сараптамалардың саны ....... | 5 | | | | ЖИЫНТЫҒЫ: | | | | | 2 блок. Ғылыми әлеуеттің сапалық және сандық көрсеткіштері (салмақтық коэффициенті – 0,20) | | | | 6. | Қорғау бойынша диссертациялық кеңестердің саны: -докторлық диссертациялар....... -кандидаттық диссертациялар ............. | 10 8 | | | 7. | Ғылыми ұйым қызметкерлерінің қорғаған диссертацияларының (КСРО ЖАК, ҚР ЖАК және ҚР БҒМ Қадағалау комитеті бекіткен) саны: -ғылым докторлары................. -ғылым кандидаттары ................. | 10 5 | | | 8. | Ғылыми ұйымдар қызметкерлерінің басшылығымен орындалған ғылыми дәреже алуға Қазақстан Республикасының басқа да ұйымдардың ізденушілері қорғаған (КСРО ЖАК, ҚР ЖАК және ҚР БҒМ Қадағалау комитеті бекіткен) диссертациялардың саны: -ғылым докторлары................. -ғылым кандидаттары................. | 8 5 | | | 9. | Ғылыми ұйымдардың кеңесінде қорғалған диссертациялардың саны: -алыс шетел азаматтары......... -ТМД азаматтары ......... | 10 5 | | | 10. | Ғылыми дәрежеге ізденушілердің диссертациялары бойынша пікір жазғандардың саны: -ғылым докторлары.... -ғылым кандидаттары................. | 5 3 | | | 11. | Ғылыми ұйым қызметкерлерінің диссертацияларды оппоненттеу саны: -докторлық ................. -кандидаттық................. | 10 5 | | | 12. | ҚР БҒМ Қадағалау комитеті сараптау кеңесінің құрамындағы ғылыми қызметкерлердің саны...... ................. | 5 | | | 13. | Біліктіліктерін көтеру курстарынан өткен қызметкерлердің саны: -халықаралық деңгейде ........................ -республикалық деңгейде ........................ | 5 3 | | | 14. | Қызметінің бағыты бойынша ғылыми ұйымның жанындағы курстарда, семинарларда, циклдерде оқитын ғылыми қызметкерлердің саны ......................... | 3 | | | 15. | Ғылыми зерттеу жұмыстарын жүргізуге арналған зертханалардың және тиісті жабдықтардың саны -зерттеу жұмыстарына арналған зертхананың болуы........ -сертификатталған немесе аттестаттаудан (аккредиттеуден) өткен зертхананың болуы: -халықаралық деңгейдегі ....... -республикалық деңгейдегі................... | 3 10 5 | | | 16. | Сертификатталған немесе аттестатталған талдау, бақылау және т.б. әдістемелердің саны: -халықаралық деңгейде ............. -республикалық деңгейде................... | 5 3 | | | | ЖИЫНТЫҒЫ: | | | | | 3 блок. Ғылыми және ғылыми-техникалық қызметтің нәтижелері (салмақтық коэффициенті – 0,20) | | | | 17. | Өнертабысына алынған патенттердің саны........ | 8 | | | 18. | Оң шешім алған патенттердің саны...... | 3 | | | 19. | Өнертабысқа берілген өтінімдер саны........ | 2 | | | 20. | Зияткерлік меншіктердің объектілерін тіркеу туралы алынған куәліктердің саны................. | 10 | | | 21. | Мезгілдік басылымдарда жарық көрген мақалалардың, шолулардың саны: -алыс шетелдерде.................. -жақын шетелдерде............... -Қазақстанда.................. | 6 5 4 | | | 22. | Баспа қызметі. Баспадан шығарған саны: -монографиялар.................. -оқулықтар............ -оқу құралдары, әдістемелік құжаттар көрсеткіштері, ақпараттық парақтар, басқада басылымдар....................... | 43 2 1 | | | 23. | Съездерге, конференцияларға және т.б. дайындалған баяндамалардың саны: -халықаралық деңгейдегі ....... -республикалық деңгейдегі ....... -өңірлік деңгейдегі........ | 10 8 4 | | | 24. | Съездерде, конференцияларда басып шығарылған баяндама тезистерінің саны: -халықаралық деңгейдегі ....... -республикалық деңгейдегі ....... | 3 2 | | | | ЖИЫНТЫҒЫ: | | | | | 4 блок. Нормативтік-құқықтық актілерді әзірлеу және бекіту (салмақтық коэффициенті – 0,10) | | | | 25. | Әзірленген ғылыми бағдарламалар саны....... | 10 | | | 26. | Әзірленген және бекітілген директивалық, нормативтік құжаттар саны.................. | 8 | | | 27. | Жоғары тұрған инстанцияға дайындалған ресми анықтамалар саны: | 3 | | | 28. | Жоғары органдарға ғылыми ұйымдардың қызметінің жекелеген бағыттарын қайта құру жөнінде дайындалған және ұсынылған құжаттардың саны: -өз бетінше............. -басқа органдармен және мекемелермен авторлықта............... | 4 2 | | | | ЖИЫНТЫҒЫ: | | | | | 5 блок. Қаржы-шаруашылық қызметінің қорытындылары (салмақтық коэффициенті – 0,10) | | | |