|
||||||||||||||
![]() no news in this list. |
Қазақстан ғылымы
Жаратылыстану және гуманитарлық ғылымдар бойынша үздiк ғылыми зерттеулер үшiн сыйлықтар берудің конкурс ШАРТТАРЫ1. Жалпы ережелер 1. Жаратылыстану және гуманитарлық ғылымдар бойынша үздiк ғылыми зерттеулер үшiн сыйлықтар (бұдан әрi - сыйлықтар) Қазақстан Республикасының азаматтарына жыл сайын конкурстық негiзде берiледi: 1) жаратылыстану ғылымдар бойынша үздiк ғылыми зерттеулер үшiн Қ.И.Сәтбаев атындағы сыйлықтар (бiрiншi және екiншi) - жаңалық ашу, өнертапқыштық, әзiрленген және ресми қабылданып алынған жаңа технологиялар, жеке ғылыми жұмыстар, үлкен теориялық және практикалық маңызы бар ортақ тақырыптама бойынша ғылыми жұмыстар сериялары үшiн; 2) гуманитарлық ғылымдар бойынша үздiк ғылыми зерттеулер үшiн Ш.Уәлиханов атындағы сыйлықтар (бiрiншi және екiншi) зерттеулердiң жаңашылдығымен және көкейкестiлiгiмен ерекшеленетiн үлкен теориялық және практикалық маңызы бар жұмыстар үшiн. 3) Педагогика саласындағы үздiк ғылыми зерттеулер мен жұмыстары үшiн Ы.Алтынсарин атындағы (бiрiншi, екiншi және үшiншi) сыйлықтар айтарлықтай теориялық және практикалық маңызы бар, бiлiм беру ұйымдары практикасында және технология, педагогика ғылымына қосқан ерекше жетiстiктерi, өзектiлiгi мен жаңашылдығының ерекшелiктерi, бiлiм беру жүйесiндегi ұлттық идеяның көрiнiстерi, жеке адам шығармашылығын дамытуды қалыптастыру мен тәрбиелеудiң мүмкiндiктерi үшiн. 2. Сыйлыққа ұйымдардың ғылыми (ғылыми, ғылыми-техникалық, техникалық) кеңестерiнде жан-жақты талқыланудан өткен, ғылыми көпшiлiкке кеңiнен танымал конкурс жарияланғанға дейiнгi жылды қоса соңғы 5 жылда орындалып, жарияланған жұмыстар ұсынылады. 4. Бұрын ғылым, техника және бiлiм саласындағы Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк сыйлығына, республикалық бюджет қаражатынан төленетiн өзге сыйлықтарға, сондай-ақ шетел сыйлықтарына ие болған жұмыстарды, осы сыйлықтарды алу конкурсына қатысуға жiберiлмейдi. Сыйлыққа жұмыс екi реттен артық ұсынылмайды. Осы сыйлықтар лауреатының жаңа жетiстiктерi болған жағдайда, сыйлықтар оған қайталанып тағайындалғаннан кейiн бес жыл өткен соң берiлуi мүмкiн. 5. Бiрiншi, екiншi және үшiншi сыйлықтардың ақшалай мөлшерi айлық есеп көрсеткiштерiнiң тиiсiнше 200, 150 және 100 есе мөлшерi шегiнде белгiленедi. Ұжымдық жұмыстардың авторларына сыйлықтың ақшалай бөлiгi тең үлеспен төленедi. 2. Сыйлыққа ұсыну, ресiмдеу және жұмыстарды тапсырудың тәртiбi 6. Сыйлықтар алу үшiн жұмыстарды ұсыну құқығы министрлiктер мен ведомстволар алқаларына, ғылыми (ғылыми, ғылыми-техникалық, техникалық) кеңестерге және меншiк нысанына қарамай Қазақстан Республикасының басқа ғылыми, оқу және өзге ұйымдарына (бұдан әрi - ұйымдар) берiледi. Сыйлық алу үшiн жұмыстарды ұсыну туралы шешiм сыйлық алу үшiн ұсынылатын жұмыстар орындалған ұйымдарда белгiленген тәртiппен қабылданады. 7. Сыйлық алуға жеке авторлар, сондай-ақ сандық мөлшерi бес адамнан аспайтын ұжым авторлары жұмыстары ұсынылады. Әр автор және шығармашылық ұжым конкурсқа тек бiр жұмыс ұсынуға құқылы. Сыйлық алу ұжымына кандидаттарды iрiктеу сыйлық алу үшiн ұсынылатын жұмыстар орындалған ұйымдарда белгiленген тәртiппен өткiзiледi. 8. Конкурсқа мынадай құжаттар ұсынылады (басылған түрде, екеуi де бiрдей данада): 1) кiтаптар, монографиялар, оқулықтар, кiтапшаланған мақалалар, патенттер көшiрмелерi және басқа сақтау құжаттары ғылыми-зерттеу жұмысы туралы есептер (мемлекеттiк тiркеуден өткен) түрiндегi сыйлыққа ұсынылған ғылыми жұмыс; 2) онда оның мазмұны, күн талабына сәйкестiгi мен жаңалығы, негiзгi ғылыми нәтижелерi, олардың ғылымның әлемдiк деңгейiне сәйкестiгi мен маңызы, одан әрi пайдалану перспективалары баяндалатын жұмыстың сипаттамасы (20 беттен аспауы тиiс). Сипаттамаға қоса (мемлекеттiк және орыс тiлдерiнде) жұмысты ұсынған мекеменiң атауы, жұмыстың аты, талапкерлердiң қолы қойылған, оның тегi, аты-жөнi көрсетiлген кiтаптың бiрiншi бетi берiледi; 3) мынадай мәлiметтерi бар жұмыстың қысқаша мазмұндамасы (бiр бетте): алдыңғы бетiнде - жұмыстың атауы, оны ұсынатын ұйымның толық атауы; авторлардың тегi, аты-жөнi, олардың қызмет орындары, лауазымдары, ғылыми атақтары мен дәрежелерi; екiншi жағында - жұмыстың қысқаша мазмұны мен алынған нәтижелерiнiң маңызы, жұмыс авторларының қолы; 4) ұйымның басшысы қол қойған (ресми бланкiде), жұмыстың ғылыми маңыздылығын бейнелейтiн (жұмыстар сериясы), оның республиканың әлеуметтiк-экономикалық дамуы үшiн маңыздылығы айтылатын дәлелдi ұсыным-негiздеме; 5) мөрмен куәландырылған жұмысты ұсынушы алқалы орган мәжiлiсiнiң хаттамасынан үзiндi; 6) талапкердiң тегi, аты-жөнi, туған жылы, төлқұжат немесе жеке куәлiк мәлiметтерi, ғылыми дәрежесi мен атағы, мамандығы, қызмет орны мен лауазымы, қызмет және үй мекен-жайы, телефондары көрсетiлген, талапкердiң өзi қол қойған және кадр бөлiмiнiң қызметкерi куәландырған, талапкердiң негiзгi қызмет орны берген анықтама - автор (авторлар) туралы мәлiметтер; 7) жұмысты ұсынушы ұйымның басшысы қол қойған оның шығармашылық үлесi көрсетiлген (ұжым жұмыстары үшiн) талапкердiң ғылыми қызметiне қысқаша сипаттама; 8) талапкердiң негiзгi қызмет орнының мөрiмен расталған оның маңызды ғылыми еңбектерiнiң тiзiмi (10-нан кем болмауы тиiс); 9) жұмысты ұсынушы ұйымның басшысы қолын қойған мөрмен куәландырылған, конкурсқа тапсырылған жұмыстың (жұмыстар сериясы) бұрын осы Ереженiң 4-тармағында аталған сыйлықтарға ие болмағанын растайтын анықтама. Осы баптың 6), 7) және 8) тармақшаларында көрсетiлген құжаттарды егер ол зейнеткер болса (жұмыстан босатылған және т.б.) талапкердiң соңғы жұмыс орнынан ұсынуға болады. 9. Аталған құжаттардың әр жинағы "Жаратылыстану ғылымдар саласындағы үздiк ғылыми зерттеулер үшiн Қ.И. Сәтбаев атындағы сыйлықтар алуға", "Гуманитарлық ғылымдар саласындағы үздiк ғылыми зерттеулер үшiн Ш.Уәлиханов атындағы сыйлықтар алуға", "Педагогика саласындағы үздiк ғылыми зерттеулер мен жұмыстары үшiн Ы.Алтынсарин атындағы сыйлықтар алуға"деген жазуы бар ғылыми жұмысымен бiрге папкiде, жеке конвертке салынуы керек. 10. Осы талаптарға сәйкес ресiмделмеген құжаттар қабылданбайды. Конкурсқа ұсынылған материалдарға өзгерiстер мен толықтырулар енгiзуге болмайды. 11. Конкурсқа ұсынылған жұмыстар мен материалдар бiр данада авторлардың жазбаша талаптары бойынша қайтарылады. |
|||||||||||||
|
|
||||||||||||||