 no news in this list.
|
Қазақстан ғылымы
Қазақстанның ғылыми ұйымдары мен жоғары оқу орындарындағы жас ғалымдар кеңесі туралы Ереженің Жобасы
1.Жалпы ереже
1.Республиканың ғылыми әлеуетін дамыту, ғылым мен техниканы дамыту мәселелерін шешуде жас ғалымдарды тарту үшін, жас ғалымдар проблемасын шешуде тиімді жетілдіру және оларды шешуде жастардың өздерін тарту үшін ғылыми ұйымдары мен жоғары оқу орындарында тұрақты түрде жас ғалымдар кеңестері құрылады (одан әрі-ЖҒК). 2.Ғылыми қызметте жұмыс істейтін жасы 35-тен аспаған ғылыми қызметкерлер, зерттеуші-машықтанушылар, ізденушілер, аспиранттар, магистранттар мен докторанттар, жоғары оқу орындарының оқытушылары жас ғалымдар болып танылады. 3.Ғылыми ұйымдар мен жоғары оқу орындары жас ғалымдарының кеңесінің негізгі буын жүйесі жас ғалымдар кеңестері болып есептеледі. 4.Ғылыми ұйымдары мен жоғары оқу орындары басшылары жанындағы Жас ғалымдар кеңесі қоғамдық органдар болып табылады. 5.Ғылыми ұйымдары мен жоғары оқу орындарындағы жас ғалымдар кеңестерін құруға жауапты және олардың қызметін үйлестіретін олардың ғылым жөніндегі басшыларына жүктеледі.
2.Ғылыми ұйымдары мен жоғары оқу орындарындағы жас ғалымдар кеңесінің негізгі міндеттері
6.Жас ғалымдарды іргелі және қолданбалы зерттеулерге белсене қатыстыру, ғылыми ұйымдарда жас ғалымдардың кәсібилік дамуына жәрдемдесу. 7. Ғылыми кеңесте және ұйым басшыларында, сондай-ақ мемлекеттік органдар мен қоғамдық ұйымдарда уәкілдік органның рөлін орындау және жас ғалымдардың құқығын қорғау, жас ғалымдардың кәсіби қызметтегі, әлеуметтік-тұрмыстық жағдайлары бойынша ойларын білдіру. 8.Жастардың ғылыми-инновациялық орталықтарын шаруашылық есеп негізінде, сондай-ақ ғылыми-зерттеу қызметін өзге де ұйымдастыру нысандарында құруды бастау. 9.Актуалдық ғылыми проблемаларды және басымдық ғылыми міндеттерді шешуде жас ғалымдарды біріктіру. 10. Арнайы әзірленген іс-шаралар жүйесі арқылы жас ғалымдардың ғылыми-зерттеу жұмыстарын жандандыру. 11. Жас ғалымдарды зерттеулік жобаларына, ғылыми гранттарға, мектептерге, конкурстарға, бағдарламаларға, тағылымдамаларға қатысу формасында жетілдіру. 12.Өзге ғылыми ұйымдары, жоғары оқу орындарының жас ғалымдар кеңестерімен байланыстар жүйесін қалыптастыру және кеңейту.
3.Жас ғалымдар кеңестерінің ғылыми ұйымдар мен жоғары оқу орындарындағы қызмет формалары
13.Конференцияларды, семинарларды және жас ғалымдардың кездесулерін, жетекші ғалымдардың ғылыми мектептері мен лекциялар циклдерін өткізуді ұйымдастыру, жас ғалымдардың республикалық және халықаралық конференциялар мен семинарларға, симпозиумдарға, тағылымдарға қатысуына жәрдемдесу және қаржылық қолдау. 14.Жас ғалымдарды қорлар, гранттар, конференциялар, мектептер, конкурстар және Қазақстан Республикасы бойынша, алыс және жақын шет елдердегі өзге де іс-шаралар туралы, Қазақстан Республикасында жас ғылыми кадрларды мемлекеттік қолдау шаралары туралы ақпараттық қамтамасыз етуді ұйымдастыру. 15.Жас ғалымдарға гранттық қолдау көрсететін отандық және шетелдік қорлар мен бағдарламалар жөнінде ақпараттарды жинау және жүйелеу. 16.Жас ғалымдардың жарияланымдарына әдістемелік, ұйымдастыру және материалдық қолдау көрсетіп жәрдемдесу. 17.Қазақстандық, шетелдік жоғары оқу орындары мен ғылыми орталықтарының жас ғалымдарының бірлескен ғылыми-зерттеу жобаларын ұйымдастыру. 18.Жастар ұжымдарының қымбат құрал-жабдықтарды пайдалануына мүмкіндік беруге жәрдемдесу, ең жаңа құрал-жабдықтарда қазіргі заманғы тәсілдермен жұмыс істеуді ұйымдастыру. 19.Шетелдерге кеткен жас ғалымдардың мәліметтері банкісін құру. Олармен бірлескен жұмыстарды жүргізу, сондай-ақ Қазақстанда жұмыс жасау үшін тарту мақсатында байланысу. 20.Ғылыми ұйымдар мен жоғары оқу орындарында жұмыс істейтін жастардың тұрғын-үй, басқа да әлеуметтік мәселелерін шешудің формаларын іздеу. 21.Спорттық және мәдени іс-шараларды дайындау және өткізу.
4.Жас ғалымдар кеңесінің құқығы
22.Жас ғалымдар кеңесі өзінің негізгі функцияларын орындау үшін мынадай құқықтары бар: 1) Кеңестің жұмыстарымен байланысты барлық мәселелер бойынша, жас ғалымдардың ғылыми қызметінің материалдық-техникалық қамтамасыз етуін жетілдіруі жөніндегі ұсыныстар дайындауға; 2) жас ғалымдар проблемаларымен байланысты құжаттар мен нормативтік актілерді дайындауға сараптама жасауға қатысуға; 3) жекелеген жас ғалымдарды кол жеткізген табыстары үшін қолдау және марапаттау туралы ұсыныстар енгізу; 4) ғылыми конференцияларға, семинарларға, симпозиумдарға және т.б. қатысу үшін жас ғалымдардың кандидатураларын ұсынуға; 5) жас ғалымдардың қатысуымен спорттық-сауықтыру және мәдени іс-шараларын ұйымдастыруға.
5.Ғылыми ұйымдарда, жоғары оқу орындарында Жас ғалымдар кеңесі қызметінің ұйымдастыру прициптері
23.Ғылыми ұйымда, жоғары оқу орнында Жас ғалымдар кеңесі ұйымның жас ғалымдарынан тұрады, онда олар өз еркі бойынша қағидатпен қатысады. Кеңес қызметін төраға ұйымдастырады және ұйымның жас ғалымдарының мүдделеріне өкілдік етеді. 24.Ғылыми ұйымда, жоғары оқу орнында Жас ғалымдар кеңесінің төрағасын сайлау кезінде жасы 35-тен аспаған ғылыми қызметкерлер арасынан жасырын немесе ашық дауыс беру арқылы (жас ғылымдар мүшелерiнiң тiзiмдiк құрамының көпшілігі даусымен) үш жылға дейін мерзімге сайлануы мүмкін. Егер мәжіліске жас ғалымдардың тізімдік құрамының жартысынан көбі қатысқан жағдайда жиналыс заңды деп есептейді. 25.Ғылыми ұйымда, жоғары оқу орнында Жас ғалымдар кеңесінің төрағасы тиісті ғылыми ұйымның, жоғары оқу орынның Ғылыми кеңестің құрамына кіреді. 26.Жас ғалымдар кеңесі өзінің жұмыстарын жылдық жұмыс жоспары негізінде жүзеге асырады. Жас ғалымдар кеңесі бір жылдағы жұмысының нәтижесі бойынша Кеңестің жалпы жиналысында, институттың (ұйымның) ғылыми кеңесінде есебін дайындайды және баяндайды.
Жоба бойынша ұсыныстар мен ескертпелерді Ғылым комитетіне (010000, Астана қаласы, Оренбургская көшесі, Министрліктер үйі, 1049 бөлме, факс: 8-7172-74-24-62, электрондық пошта bakhmetov@edu.gov.kz
|