Map map map Түркология саласындағы үздік жетістіктері үшін Күлтегін атындағ
 



 

no news in this list.


            


            






Қазақстан ғылымы 

 

Түркология саласындағы үздік жетістіктері үшін Күлтегін атындағы сыйлықты берудің конкурс ШАРТТАРЫ

 

    • Жалпы ережелер

 

      • Түркология саласындағы үздік жетістіктері үшін Күлтегін атындағы сыйлық (бұдан әрi-сыйлық), ғылыми қоғамда қабылданып алынған түркология саласындағы үздік жетістіктері, үлкен теориялық және практикалық маңызы бар ашылымдары үшін жыл сайын конкурстық негізде беріледі.
      • Сыйлыққа ұйымдардың ғылыми (ғылыми, ғылыми-техникалық, техникалық) кеңестерінде жан-жақты талқылаудан өткен, конкурс жарияланғанға дейінгі жылды қоса соңғы 5 жылда орындалып, жарияланған жұмыстар ұсынылады.
      • Бұрын ғылым, техника және білім беру саласындағы Қазақстан Республиксының Мемлекеттік сыйлығына, республикалық бюджет қаражатынан төленетін өзге сыйлықтарға , сондай-ақ шетел сыйлықтарына ие болған жұмыстарды, осы сыйлықтарды алу конкурсына қатысуға жіберілмейді.

        Бір жұмыс сыйлық алуға екі реттен артық ұсынылмайды.

        Осы сыйлық лауреатының жаңа жетістіктері болған жағдайда , сыйлық оған бұрын тағайындалғаннан кейін бес жыл өткен соң қайталанып берілуі мүмкін.

      • Сыйлықтың ақшалай бөлігінің мөлшері 200 айлық есеп көрсеткіштерін құрайды.

Ұжымдық жұмыстардың авторларына сыйлықтың ақшалай бөлігі тең үлеспен төленеді.

2. Жұмыстарды ұсыну тәртібі

      • Сыйлық алуға жұмыстарды ұсынуды Қазақстан Республикасының, сондай-ақ Тәуелсіз Мемлекеттер Достығы елдерінің меншік нысанына тәуелсіз оқу (ғылыми, ғылыми техникалық, техникалық) кеңестерімен басқа да ғылыми, оқу алқалы органдарымен және басқа да ұйымдармен (бұдан әрі-ұйымдар) жүзеге асырылады.

        Жұмысты бірнеше ұйымдардың ұжымдары бірлесіп ұсынуы мүмкін, онда біреуі бас ұйым ретінде белгіленеді.

      • Сыйлық алуға жеке авторлар, сондай-ақ авторлар ұжымының жұмыстары ұсынылуы мүмкін. әдетте, авторлар ұжымы бес адамнан аспауға тиіс және оған жұмыстарды орындауда неғұрлым зор шығармашылық үлесін қосқан адамдар ғана кіреді. Оқулықтарға қатысты авторлардың бәрі, олардың санына қарамастан ізденушілер ұжымына кіруі тиіс.

        Жұмыстарды орындау процессінде тек қана әкімшілік немесе ұйымдастыру функцияларын жүзеге асырған адамдардың авторлар ұжымының құрамына қосылуы рұқсат етілмейді.

      • Қазақстан Республикасының ұйымдарымен бірлескен жоспарлар, бағдарламалар немесе келісім-шарттар бойынша жұмыс орындаған, Қазақстан Республикасының азаматы болып табылмайтын адамдар авторлар ұжымының құрамына жіберіледі.
      • Ізденушілер ұжымына іріктеу сыйлық алу үшін ұсынылатын жұмыстар орындалған ұйымдарда белгіленген тәртіппен, жұмыс орындаушылардың жалпы санынан олардың әрбір шығармашылық үлесін бағалау негізінде жүргізіледі.

әр автор және шығармашылық ұжым конкурсқа тек бір жұмыс ұсынуға құқылы.

3. Жұмыстарды ресімдеу және беру тәртібі

      • Конкурсқа мынадай құжаттар ұсынылады (басылған түрде, екеуі де бірдей данада):

 

    • кітаптар, монографиялар, оқулықтар, кітапшаланған мақалалар түріндегі сыйлыққа ұсынылған ғылыми жұмыс;
    • онда оның мазмұны, маңыздылығы және ғылыми жаңалығы, негізгі ғылыми нәтижелері, олардың ғылыми маңызы баяндалатын жұмыстың сипаттамасы (кітапшаланған түрде 20 беттен аспауы тиіс).

      Сипаттама бетінде (мемелекеттік және орыс тілдерінде ресімделеді) жұмысты ұсынған мекеменің атауы, жұмыстың аты, оның (олардың қойылған) қолы, оның (олардың) тегі, аты-жөні көрсетіледі;

    • мынадай мәліметтері бар жұмыстың қысқаша мазмұндамасы (бір бетте): алдыңғы бетінде – жұмыстың атауы, оны ұсынатын ұйымның толық атауы; авторлардың тегі, аты-жөні, олардың қызмет орындары, лауазымдары, ғылыми атақтары мен дәрежелері; екінші жағында –жұмыстың қысқаша мазмұны мен алынған нәтижелерінің маңызы, жұмыс авторларының қолы;
    • ресми бланкіде ұсынатын ұйымның басшысы қол қойған, жұмыстың қысқаша мазмұнын және жалпы бағасын, оның көкейтестілігі мен мәнін бейнелейтін жұмыстың ұсыным-хаты;
    • мөрмен куәландырылған авторлар ұжымының барлық құрамы, жұмыстың толық атауы көрсетілген жұмысты ұсынушы (немесе бас ұйым) алқалы орган мәжілісінің хаттамасынан үзінді;

      Егер авторлар ұжымының құрамына бас ұйымның қызметкері емес адамдар кіретін болса, олардың жұмыс орнынан бұл адамдарға авторлар ұжымының құрамына енгізу жөнінде кепілдемесі бар кеңес мәжілісі хаттамасының көшірмесімен ресімделеді.

    • ұсынушы ұйымның (немесе ұсынылған жұмысты орындау кезінде автордың жұмысы орны) басшысымен қол қойылған, жұмысқа қосқан шығармашылық үлесінің сипаттамасымен, тегі, аты-жөні, атқаратын лауазымы, ғылыми дәрежесі мен атағы көрсетілген әрбір автордың шығармашылық үлесі туралы анықтама;
    • автор (авторлар) туралы тегі, аты жөні, туған жылы, төлқұжат немесе жеке куәлік мәліметтері, ғылыми дәрежесі мен атағы, мамандығы, қызмет орны мен лауазымы, қызмет және үй мекен-жайы, телефондары көрсетілген мәліметтері;

      Анықтама автордың өзі қол қойған және толтырылған күні көрсетілген кадр бөлімінің қызметкерімен куәландырылады. Егер автор өлгеннен кейін ұсынылса, онда өлген күні көрсетілген мәліметтер.

    • автордың негізгі қызмет орнының мөрімен расталған сыйлыққа ұсынылған жұмыстың тақырыптары бойынша баспа бетінде негізгі жарық көрген жұмыстарының тізімі (10-нан артық болмауы тиіс);
    • жұмысты ұсынушы ұйымның басшысы қолын қойған мөрмен куәландырылған, конкурсқа тапсырылған жұмыстың (жұмыстар сериясы) бұрын осы Ереженің 4-тармағында аталған сыйлықтарға ие болмағанын растайтын анықтама.

Егер ізденуші зейнеткер болса, жұмыстан босатылған және т.б. жағдайда 6), 7), 8) және 9) тармақшаларында көрсетілген құжаттарды соңғы жұмыс орнынан тапсыруға болады;

      • Сыйлық алу үшін конкурс матариалдары Конкурстық комиссияға ұсынылады. Аталған құжаттардың әр жинағы жеке конвертке салынуы керек және “Түркология саласындағы үздік жетістіктері үшін Күлтегін атындағы сыйлық алуға” деген жазуы бар папкіге ғылыми жұмысымен бірге салынады. Конверте папкі мұқабасында жұмысты орындаған ұйымның атауы, жұмыстың тақырыбы, авторлардың тегі, аты-жөні көрсетіледі.
      • Осы талаптарға сәйкес ресімделмеген құжаттар қаралмайды. Конкурсқа ұсынылған материалдарға өзгерістер мен толықтырулар енгізуге болмайды.
      • Сыйлыққа ие болмаған жұмыстар жөніндегі материалдар авторлардың жазбаша талаптары бойынша жұмыс қабылданғаннан кейін бір жылдан кешіктірілмей бір данада қайтарылады.