Map map map ҚР Ұлттық Ғылым академиясының академиктерінің Қазақстан Республи
 



 

no news in this list.



            


            








Қазақстан ғылымы  Қазақстан Республикасының Ұлттық ғылым академиясы 

ҚР Ұлттық Ғылым академиясының академиктерінің Қазақстан Республикасының Президенті Н.А.Назарбаевқа хаты

       Аса кұрметті Нұрсұлтан Әбішұлы!

   Әрбір мемлекет өркениеттің даму тарихындағы айрықша рөлге сенім артады, бірақ әр елдің мүмкіндіктері оның экономикалық қуатына, түрлі салалардың, қоғамның топтары мен жіктерінің, жекелеген азаматтардың өзара іс-қимылдарының тиімділігіне байланысты, оның өзі қоғамның мақсаткерлігі немесе керісінше тиімсіз үрдістердің, қиын түйіндердің және баскалардың ұлғаюы ұғымында қатар түзейді.

    Республикада Қазақстан-2030 ұзақ мерзімді стратегиясының, елдің сонғы 10 жылдағы үлеуметтік-экономикалық дамуының өзі Қазақстан жұртшылығы мен оның басшысының іске деген жұмылушылығы мен мақсаткерлігін көрсетеді.

    Ғылыми сала мен ғылыми қа-тынастар қоғамның жағдайы мен ондағы көңіл-күйді өзіне сөйкес бейнелейді. Өздерінің кәсіби ерекшеліктері бар мамандар елдегі даму тенденциясын неғұрлым өткір сезініп, соларға үн қатуы керек басқаша айтқанда, ағымдағы жағдайлар мен оқиғаларға ғана емес, алдағы өзгерістердің де хабаршысы болуға тиіс.

    Аталған феномен ел экономикасындағы техникалық жаңару үрдістері мен прогресс үшін, сондай-ақ қоғамдық қатынастарды дамыту үшін айрықша маңызды болып табылады. Себебі ғылыми саладағы жүйелі бағалаулар мен негізделген қорытындылар қоғамға тез кірігіп, нүтижелі іске керек өзгерістердің қажетті ырғағын беруге тиіс.

    Дегенмен, егер ғылыми жүйе жеткілікті дамымаса жүне зерттеулер деңгейі өте төмен болса, онда ғылымнан аталғандай нүтиже немесе ғылыми қауымның оң реакциясын күтуге болмайды. Онда өмірде білімдері таяз жалған ғалымдар бірінші кезекке шығады. Елдің ғылыми жүйесінің күйреуі мен толық ғылыми-техникалық мешеулік соның салдары болып табылмақ.

    Басқа жағынан алғанда, күшті ғылыми саланы құру мен ғалымдардың ғылыми ұсынымдарын билік құрылымдары есепке алуы, елді басқару ісіндегі кері байланыс механизмін іске қосу тәсілі қоғамдық үрдістерге оң ықпал етудің факторы болып табылады.

    Қалыптасу мен дамудың өтпелі кезеңінде біздің мемлекетіміз көптеген реформаларды құрып, оны қалыпты деңгейде жүзеге асыра білді. Оның нәтижесі соңғы он жыл ішінде экономиканың дамуынан көрініп отыр, сондай-ақ индустрияны, агроөнеркәсіп кешенін орнықтыру, шағын жүне орта күсіпкерлікті құру кезеңдерінен өттік. Алдағы уақытта қазіргі жүне келешектегі кезеңдерде экономиканы интенсивті жолмен дамытуда ғылым мен жаңа технологияларды дамыту басты негіз болуы мүмкін.

    Тәуелсіздіктің барлық жылдарында ғылымды басқару жүйесінің көп қырлы реформалары, оның ішінде Ұлттық Ғылым академиясы аталған кезеңдерге сәйкес келетін ҚР ҰҒА-сы ретінде бұл процестерде өзінің рөлі мен орнын таба алмады.

Құрметті Нұрсұлтан Әбішұлы!

    Сіздің Мемлекет басшысы ретінде елдің тағдырына, оның ішінде ғылымның тағдырына деген алаңдаушылығынызды түсінеміз және біз оны қуаттаймыз. Сіз біздің Академияның мүшесі болып табыласыз, сондықтан қазіргі уақытта оның тағдырын ел Президенті ретінде Сіздің және Академия мүшелерінің тарапынан айкындау керек. Сол себепті біздер, Қазақстан Республикасының Ұлттық ғылым академиясының мүшелері ғылымның тағдырына, қоғамдағы Ұлттық Ғылым академиясының орны мен рөліне алаңдаушылық білдіре отырып, Сізге төмендегідей ұсыныстармен қайырылуды жөн көрдік:

1. ҚР Ұлттық Ғылым академиясын республикалық мемлекеттік мекемеден "Қазақстан Республикасының Ұлттық Ғылым академиясы" қоғамдық бірлестігі ретінде қайта құру.

2. Қоғамның дамуындағы ғылымның ерекше маңызын ескере отырып, ҚР ҰҒА-ны ел Президенті бекітетін және камқорлығында болатын басқа да қоғамдық академияларды топтастыратын қоғамдық, Академия ретінде анықтау (Қазақстан халықтары Ассамблеясы сияқты) және ҚР ҰҒА ғимаратында орналастыру.

3. ҰҒА үшін міндеттер белгілеу төмендегідей болып айқындалса:

    - ғылымды насихаттау;

    - конференцияларды, симпозиумдарды ұйымдастыру жүне ғылыми еңбектерді жариялау;

    - ғылым саласында халықаралық байланыс орнату;

    - ҚР Үкіметіне ғылыми-техникалық мүселелер бойынша және ғылыми-техникалық сараптамалар жүргізуге     консультациялар беру;

     - сыйлықтармен жүне медальдармен марапаттау жолымен ғылыми жетістіктерді бағалау.

4. ҚР ҰҒА қаржыландыру көздері: жарналар, қайрымдылқтар, демеушілік, заңды және жеке тұлғаларға ғылыми-сараптамалық қызмет көрсету, дотация және мемлекеттік тапсырыстар.

5. Академиялық атақтар беруді мемлекет атынан ҰҒА ұсынысымен (Франциядағыдай) ел Президенті жүзеге асырады, ал ҚР Президенті ұсынған кандидатуралар ҰҒА Президиумының кепілдемесі бойынша жүзеге асырылады.

    Осылайша, кеңестік сипаттағы Академия жүйесі толыққанды жойылып, сайланғандар ел Президенті тарапынан бекітілетін Президенттік Академияның негізі қаланады. Академия мүшелері қоғам-ның ғылыми элитасы, Мемлекет басшысының жақтастары және басты ғылыми консультанттары болып табылады.

6. ҚР Президенті жанынан Қазақстан Республикасын ғылыми-технологиялық дамыту бойынша Кеңес құру – Ғылым мен технологияда инновациялық саясатты күшейтудің қажеттілігін ескере отырып, бұл процесте тек министрліктер мен ведомстволар ғана емес, сондай-ақ, индустрия мен бизнестің, оның ішінде шағын және орта бизнестің өкілдері қамтылған. Сол себепті таяудағы кезенде және болашақта ғылымды дамыту мен технологияны жаңалауда бүкіл қоғамның күшін жоғары деңгейде үйлестіру керек. Бұл сөз жоқ, тек Мемлекет басшысы деңгейінде ғана жүзеге асады. Бұдан басқа, бұл Мемлекет басшысының айналасына ғылыми және инженерлік элитаны топтастыруда үлкен саяси тиімділікке ие болады.

Президент мырза!

Біз Қазақстан ғылымының тағдырын Сіздің колыңызға тапсырамыз, өйткені Сіз кез келген мемлекеттің болашағы ерте ме, кеш пе түгесілетін шикізат ресурстарына емес, елдің интеллектуалды тлеуетінің сапасына тәуелді екенін кім-кімнен де артық жақсы түсінесіз және біздерді осыны сезінуге шақырып келесіз. Ал ол, бірінші кезекте, ғылым мен білімнің даму деңгейімен, реформалардын дер кезінде және дұрыс жүргізілуімен анықталады.

ҚР ҰҒА академиктері:

 

Ш.М.Айталиев

Ә.Т.Қайдаров

Қ.Ә.Асанов

С.С.Кирабаев

И.А.Әбуғалиев

А.Қ.Қошанов

М.Ә.Әлиев

А.Т.Лукьянов

Я.Ә.Әубәкіров

Б.Н.Мұқашев

М.Т.Баймаханов

Л.П.Ни

С.Б.Балмұханов

К.С.Ормантаев

С.Ж.Дәукеев

Ө.М.Сүлтанғазин

Е.Е.Ерғожин

Ж.С.Сыдықов

Б.А.Жұбанов

Ж.С.Түкібаев

М.Ж.Жұрынов

К.Т.Түшенов

Г.Д.Закумбаева

Б.А.Төлепбаев

С.З.Зиманов

Т.Ш.Шарманов

А.Н.Илялетдинов

Е.М.Шайхутдинов

Р.А.Оразалиев

А.П.Грибановский

С.Б.Байзақов

Л.С.Сейітбеков

Э.Ф.Госсен

Ғ.Ә.Қалиев

Р.Е.Елешев

Р.Ю.Куватов

Н.К.Нүдіров

З.К.Көжебеков.

З.Қ.Қабдолов