Map map map 2
 



 

no news in this list.



            


            








Қазақстан ғылымы  Қазақстан Республикасының Ұлттық ғылым академиясы 

ҚP ҰЛТТЫҚ ҒЫЛЫМ АКАДЕМИЯСЫНЫҢ ЖАРҒЫСЫ



Қазақстан Республикасының

                                                                            Ұлттық  ғылым академиясының

                                                                           құрылтайшылар  жиналысында

                           қабылданған 22 қазан 2003 жыл,

Алматы қаласы

 

 

 

 

 

 

“Қазақстан Республикасының Ұлттық ғылым академиясы”

қоғамдық бірлестігінің Жарғысы

 

Жалпы ережелер

 

1. “Қазақстан Республикасының Ұлттық ғылым Академиясы ” (бұдан әрі – Академия) Қазақстанның мейлінше алдыңғы қатарлы ғалымдарын - Академияның толық мүшелерін (академиктерін) және корреспондент - мүшелерін - біріктіретін республикалық қоғамдық бірлестік болып табылады. Бұрынғы Қазақстан Республикасының Ұлттық ғылым академиясының (республикалық мемлекеттік мекеменің) толық мүшелері  (академиктері) мен кореспондент - мүшелері құрылушы Академияның тең құқылы құрылтайшылары  болып табылады.

2.Академия өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясы, Қазақстан Республикасының Азаматтық Кодексі мен Заңдары және басқа да Қазақстан Республикасының нормативті құқықты актілері және осы Жарғыға сәйкес  іске асырады.

3. Академияның толық атауы:

мемлекеттік тілде – “Қазақстан Республикасының Ұлттық ұылым академиясы”  республикалық қоғамдық бірлестігі;

орыс тіліндереспубликанское общественное объединение “Национальная академия наук Республики Казахстан”.

4. Академияның орналасқан жері: 480100, Қазақстан Республикасы, Алматы қаласы, Шевченко көшесі, 28 үй.

5. Академия мемлекеттік тіркеуден өткен сағаттан бастап заңды тұлға болуына құқылы.

6. Академияның дербес балансы, заңға сәйкес банктерде шоты, бланктері, мемлекеттік және орыс тілдерінде атауы бар мөрлері мен штамптары бар.

7. Академия өз мүліктерін иеленуіне, пайдалануына және қолдануына құқылы. Академия өз міндеттемелері бойынша өзінің иелігіндегі барлық мүлікке жауапты. Академия өз мүшелерінің міндеттемелері үшін жауап бермейді. Академия мүшелері Академияның міндеттері бойынша жауап бермейді.

 

Академия қызметінің мақсаты мен қызметінің түрлері

 

8. Академия қызметінің мақсаты (заты)  Қазақстандағы ғылымның дамуына, мейлінше маңызды, келешегі бар ғылыми зерттеулер мен ғылыми - техникалық зерттемелерді іске асыру, ғылыми - техникалық қызметтің нәтижелерін еліміздің  экономикасына ендіру, ғылыми - инновациалық қызметті дамыту, Қазақстан  ғалымдарының кәсіби консолидациясын дамыту болып табылады.

9. Академия қызметінің негізгі түрлері болып:

– ғылыми кеңестер, қоғамдар, ынталы және жұмысшы топтарының және Академия комиссияларының құрамында, сондай-ақ мүшелік жарғылық көлемінде еліміздің жетекші ғалымдарын біріктіру;

– ғылыми жетістіктерді насихаттау;

– ғылыми – зерттеу қызметін, зерттемелер мен  ғылыми –техникалық бағдарламалар мен жобаларды жүзеге асыру;

– ғылыми – техникалық салада жоғары білікті  қызмет ұсыну (әлемдік және қазақстандық ғылымның жағдайы мен беталысына талдау, Қазақстан Республикасының ғылыми – техникалық мүмкіндігін кемелдендіру бойынша даму мен зерттемелерді болжамдау, ғылымның дамуы мен ғылыми кадрлерді даярлаудың приоритетті бағыттарын негіздеу, ғылыми және ғылыми - техникалық экспертиза, ғылыми және ғылыми - техникалық қызметті ақпараттық және әдістемелік қамтамасыздандыру, ғылыми - техникалық бағдарламаларды үйлестіру мен сүйемелдеу бойынша,шаруашылық серіктестік жүйесінде өндірістік мекеме құру, кеңес беру және басқа қызметтер);

– мемлекеттік ғылыми – техникалық және инновациялық саясатты құру мен жүзеге асыруға белсенді қатысу;

– мемлекеттік әлеуметтік-экономикалық, саяси, ғылыми, мәдени және рухани дамуының стратегиясына зерттеулер мен ғылыми негіздеуге  қатысу;

–   жоғары білім жүйесін дамыту мен кемелдендіруге жәрдем беру;

– халықаралық ғылыми байланыстарды жүзеге асыру, ғылыми, ғылыми - техникалық салалары мен инновациялық қызметтерде халықаралық ынтымақтастықты дамытуға жәрдем беру, Қазақстанның ғылыми қоғамдастығының мүдделерін шетелде ұсыну;

– Қазақстан аймақтарында ғылымның  дамуына көмек беру;

– ғылымның даму мәселелері бойынша арнаулы, аймақтық,  қазақстандық    және халықаралық конгресстер, конференциялар, симпозиумдар, мәжілістер мен семинарлар  ұйымдастыру және өткізу;

– ғылыми-техникалық салада көрмелік, ақпараттық, баспа және жарнама қызметтерін іске асыру;

– Академия, сондай - ақ мемлекет (өкілетті органдардың тапсырмасы бойынша) бекіткен ғылыми сыйлықтар, құрметті атақтар, белгілер мен марапат беру;

– Қазақстан Республикасының заңдарында тыйым салынбаған басқа да қызметтер;

 

10. Академия мемлекеттік  органдармен ынтымақтасып және өз ара әрекет жасап   мемлекеттік органдармен шарт бойынша заңдарда қарастырылғандай, олар үшін белгілі жұмыстарды орындау.

 

Академия құрамы

 

11. Академия құрамына Қазақстан Республикасының Ұлттық ғылым Академиясының бұрынғы академиктері мен корреспондент-мүшелері және қайта сайланған корреспондент - мүшелері кіреді. Академия мүшелері Қазақстан Республикасының азаматтары болуы мүмкін. Академияның шетел  мен құрметті мүшелері болып шетел азаматтары және азаматтығы жоқ тұлғалар сайлануы мүмкін.

12. Академияның жоғарғы органы, Академияның толық мүшелері (академиктер) және кореспондент-мүшелерінен тұратын Жалпы жиналыс болып табылады. Жалпы жиналыс шешімдер қабылдауға,  оның ішінде, Академия мүшелерінің  кем дегенде 2/3 қатысса,  Академия мүшелерін сайлауға құқылы.

13. Академияның мүшелігіне алудың шарттары болып ғалымның  ғылым дамуына  қосқан қомақты үлесінің бар екендігі және Академияның толық мүшесі (академик) немесе корреспондент- мүшесі етіп Академияның Жалпы жиналысының сайлауы болып табылады.

14. Академияның мүшесі өмірлік сайланылады және Академияның құрамынан тек қана өз Өтініші бойынша шығарылуы мүмкін.  Академияның Жалпы жиналысында  көпшілік дауыспен қабылданады.

15. Академияның  толық мүшелері (академиктер)  Академияның кореспондент-мүшелері құрамынан сайланады. Ғылымды көрнекті еңбектері және жетістіктерімен байытқан, ғылыми ірі және тиімділігі жоғары ғылыми - техникалық бағдарламалар мен зерттемелері іске асқан ғалымдар толық мүшелер (академиктер) болып сайлана алады.

16. Академияның  кореспондент - мүшесі болып  ғылымды жоғары ғылыми маңызы мен  ғылыми -техникалық тиімділігі бар ірі жетістіктері және зерттемелерімен ғылымды байытқан, сонымен қатар ғылымды ұйымдастыруға, мемлекеттік ғылыми - техникалық саясатты құру мен жүзеге асыруға  жеке үлкен үлесін қосқан,  ғылым докторы ғылыми дәрежесі бар көрнекті ғалымдар қатарынан сайланады.

17. Толық мүшелері (академиктер) мен корреспондент-мүшелерін сайлау  бойынша бос орындар саны мен мамандықтар тізімін Академияның Президумы анықтайды.

18. Академияның толық мүшелері (академиктер) мен корреспондент - мүшелерін сайлауды Жалпы жиналыс өткізеді. Академия мүшелігіне сайлау барысы Академияның Президумында жасалып, Академияның Жалпы жиналысы бекітеді. Академия мүшелерін сайлауда Академияның толық мүшелері мен корреспондент - мүшелері, сонымен қатар Жалпы жиналысқа олардың қатысқан жағдайда, Академияның шетел және құрметті мүшелері шешуші дауыс беруге құқылы. Жалпы жиналыс дауыстарды есептеу үшін есептеу комиссиясын сайлайды.

19. Академия мүшелерін оның ішінде шетелдік және құрметті мүшелерін сайлауға ұсыну  Академия Президумы құқылы.

20. Академияның толық мүшесі (академиктер) немесе корреспондент- мүшелігіне сайланушы талапкер, оның кандидатурасы дауыс беруге  қатысқандардың  2/3 кем болмайтын дауыс жинаса, сайланған болып есептелінеді.

21. Есептеу комиссиясының хаттамалары Академияның Жалпы жиналысында ашық дауыс берумен бекітіледі. Дауыс беруге құқылы қатысушылардың жартысынан көбі дауыс берген жағдайда хаттама бекітілген болып есептеледі.

22. Академияның шетелдік мүшелері болып әлемдік ғылым, Қазақстан Республикасы ғылымы, мәдениеті мен экономикасындағы ғылыми жетістіктерін Академия айрықша деп таныған шетел ғалымдары сайлануы мүмкін. Академияның шетелдік мүшелерін сайлау, оған қатысқан Академия мүшелерінің 2/3 кем болмаған жағдайда ашық дауыс беру жолымен Жалпы жиналыста өткізіледі.

23. Ғылым Академиясының құрметті мүшесі болып әлемдік ғылым және Қазақстан Республикасының ғылымының дамуына мейлінше әсер етіп еңбек сіңірген Қазақстан Республикасының азаматтары, шетел азаматтары және азаматтығы жоқ тұлғалар сайлана алады. Академияның құрметті мүшелерін сайлау Жалпы жиналыста ашық дауыс беру арқылы көпшілік дауыспен өткізіледі.

24. Қазақстан Республикасының Ұлттық ғылым Академиясының бұрын сайланған  мүшелері өтініш берген сәтінен бастап Академияның толық мүшесі болады.

 

Академия мүшелерінің құқықтары және міндеттері

 

25. Академия мүшелерінің негізгі міндеті  ғылымды көрнекті еңбектер және жетістіктермен байытудан, ірі ғылыми және ғылыми -техникалық мәселелер зерттемесін  жүзеге асыру болып табылады.

26. Ғылым Академиясының мүшелері ғылыми кадрлерді дайындауға тікелей қатысады.

27. Ғылым Академиясының мүшелері мерзім сайын ұсынады:

– ғылым дамуының әлемдік беталысы, ғылыми-техникалық мүмкіндігінің жағдайы, Қазақстандағы ғылыми зерттеулердің дамуының беталыстары мен болашағы, өздері сайланған ғылыми саланы дамытудағы қосқан үлесі туралы талдау баяндамалары. Осындай материалдарды ұсыну мерзімін Академияның Президумы белгілейді;

– ғылымға өзінің қосқан үлесі, жоғары санатты ғылым кадрлерін даярлау, ғылыми еңбектерді жариялау және ғылыми жетістіктерді практикалық жүзеге асыру туралы мағұлматы бар ғылыми, ғылыми- техникалық, ғылыми- ұйымдастырушылық және педагогикалық қызмет туралы жыл сайынғы (мәлімет) есеп.

28. Академияның толық мүшелері (академиктер) және корреспондент-мүшелері өзінің ғылыми саласына сәйкес бөлімшелердің бірінің мүшесі болып табылады.

29. Қазақстан Республикасының аймақтарында жұмыс істеп және тұрып жатқан Академияның толық мүшелері (академиктер) мен корреспондент - мүшелері Академияның сәйкес  филиалының мүшесі болып табылады.

30. Академия мүшелері Академия Президенті, салалық бөлімшенің төрағасы және Академияның сәйкес филиалының төрағасының тапсырмаларын орындауына, Академияның сәйкес бөлімшелері мен филиалының Жалпы жиналыстарының жұмысына қатысып, олардың шешімдерін жүзеге асыруына міндетті.

31. Ғылым Академиясы мүшелері төмендегілерге құқылы:

– Академияның жұмысына Қазақстан Республикасының заңдары мен осы Жарғы белгілеген тәртіпте қатысуға;

– Президум, бөлімшелермен  филиалдар арқылы сонымен қатар  Академия қызметінің барлық мәселелері бойынша Академияның Жалпы жиналысының қарауына ұсыныс енгізу мен оларды толықтыруға қатысу;

– Академия Президумына берілген өтінішке сәйкес Академия құрамынан еркін шығу;

– Бір бөлімшенің құрамынан басқасына, Президум мен осы мүшелерінің көпшілігінің рұқсатын алған жағдайда  ауысады.

 

 Академияның ұйымдық құрылымы

 

32. Академия ғылым бағыттары бойынша бөлімшелер және Академияның аймақтық филиалдарын, сонымен қатар, Академияның өкілеттіктерін құрады.

33. Академияның бөлімшесі  сәйкес сала бойынша жұмыс істеуші Академия мүшелерін біріктіретін нақты ғылым саласындағы оқшауланбаған құрылымдық бөлімше. Бөлімшелер Академия Президумының жанында  жұмыс жасайды және оған есепті.

Бөлімшені Президумның ұсынысы бойынша, Академияның Жалпы жиналысы  көпшілік дауыспен сайланған төраға басқарады.

34. Филиал, Қазақстан Республикасының аймағында, қызмет істеп және тұрып жатқан Академия мүшелерін біріктіруші,  осы аймақтағы оқшау бөлімшесі болып табылады.  Филиал Академия Президумына есеп береді.

Филиалды Академия Президумының Жалпы жиналысының  ұсынысы бойынша көпшілік дауыспен  сайланған төраға басқарады.

Филиал өз аймағының көлемінде, Жалпы жиналыс пен Академия Президумының құзырына қарайтын функциялардан басқа да Академия қызметінің барлық түрін жүзеге асырады. Филиал Академия өкілеттігінің функциясын жүзеге асыруға құқылы.

Филиалға Академияның мүлік үлесі бөлінеді және ол бекіткен ережелер негізінде жұмыс жасайды.

35. Қазақстан Республикасының аумағында Академия өкілеттігі, сондай-ақ шетелдерде бөлек    бөлімшелері сияқты Академияның өкілеттілігін қорғауды  және назарына ұсынуды жүзеге асырушы, оның атынан келісім жасасып және басқа құқықтық іс-әрекеттерді жасай алады.

Өкілеттік Академияның  Жалпы жиналысында Президумның ұсынуы бойынша көпшілік  дауыспен сайланған директор басқарады.

Өкілеттік заңды тұлға болмайды. Ол Академияның Президумына есеп береді, Академияның мүлкінен үлес бөлініп, және оның бекітілген ережесі негізінде  жұмыс істейді.

36. Академияның ғылыми қоғамдық қызметі және Академия Жарғысының мақсатын тарату үшін, сондай-ақ оның бөлімшелері және филиалдары, қоғамдық, ынталы және жұмысшы топтары, комиссия мен басқа түрлі уақытша және тұрақты ғылыми ұжымдармен олардың құрамына Академияның мүшелері, тағы да басқа көрнекті ғалымдар енгізілген ғылыми кеңестер құруға құқылы.

 

Академияны басқару

 

37. Академияның жоғарғы органы Жалпы жиналыс, Академияның толық мүшелері (академиктер) мен корреспондент - мүшелері болып табылады. Президумның шешімі бойынша Жалпы жиналысы осы Жарғының 12 т. сәйкес  өткізеді.

Жалпы жиналыстың құзырына айрықша жататындар:

– Академияның Жарғысын қабылдау және оған өзгерістер енгізу;

– Президентті, вице-президентті, бас ғылыми хатшыны, Президум мүшелерін, тексеру комиссиясы мүшелері мен төрағасы, Академияның өкілеттілігінің директоры, бөлімшелер мен филиалдар  төрағаларын сайлау ( қайта сайлау);

– Академияның ұйымдастырылған құрылымын айқындау;

– Президенттің есептерін (Президум)  және тексеру комиссиясын, тыңдайды және бекітеді;

– Академияға кіру туралы шешімді қабылдау құрамына, одақтарды қосқанда, ассоциациялар, бірлестіктер, қорлар және басқа да заңды тұлғалар кіреді.

–  Академия мүшелігіне сайлау;

– Академия мүшелігінің кеудеше белгілерін, ғылыми сыйлықтарын, құрметті атақтарын, Қазақстан Республикасының ұлттық ғылым Академиясының мүшеліктерінің куәліктерін және марапаттауды бекіту;

– Академияны тарату және қайта құру туралы шешім қабылдау;

Академияның Жалпы жиналысы, қажеттілік бойынша жылына кем дегенде   бір рет жиналады. Жалпы жиналыс кезектен тыс  Президумның тексеру комиссиясының шешімі бойынша немесе Академияның 1/3 мүшелерінің талабы бойынша шақырылады.

Жарғыға өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы шешімдер, Академия мүшелерін сайлау, Академияны тарату және қайта құруды  Жалпы жиналысқа қатысқан мүшелерінің 2/3 дауысымен қабылданып, ал қалған шешімдер - көпшілік дауыспен қабылданады. Жиналысты жүргізу тәртібі және дауыс беру түрі (жабық және ашық)  Жалпы жиналыста ашық дауыс беру арқылы көпшілік дауыспен қабылданады;

38. Ғылым Академиясын басқарудың атқарушы органы болып, құрамында  Президент, вице - президент, бас ғылыми хатшы және Президум мүшелерін құрайтын Президум болып табылады, жалпы жиналыс олардың санын анықтап, 5 жыл мерзімге сайлайды.

Академия Президумына:

–  Академияның Жалпы жиналысын шақырады;

– Академия, оның бөлімшелері мен филиалдарының жұмыс жоспарын бекітеді, олардың орындалуы туралы ақпаратты тыңдайды;

– Академияның өкілеттіктері мен филиалдарын, бөлімшелерін белгілеген тәртіппен құрады;

– Президумның, бөлімшелердің, филилалдардың, өкілеттіктердің аппаратын құрып, олардың қызметін бақылайды;

– ғылыми кеңестер, қоғамдық, ынталы және жұмысшы топтарын, комиссияның және Академияның ғылыми ұжымының тұрақты және   уақытша басқа да  түрлерін құрады;

– ғылымның дамуы мәселелеріне бойынша - конгресстер, конференциялар, симпозиумдар, мәжілісттер мен семинарларға шақырады;

– мемлекеттік билік және басқару органдарына ғылыми және ғылыми-техникалық  мәселелер бойынша ұсыныстар енгізеді;

– Академияның халқаралық байланыстарын жоспарлайды және іске асырады;

– Академия мүлкі пен қаражаттың бас иелік  жасайды, Академияның қаржысының жұмсалған шығынының дұрыстығын бақылайды,

– Осы Жарғының Академияның барлық құрылымдық бөлімшелері және Академияның лауазымды тұлғалардың ұстануын бақылауды іске асырады;

– барлық бос орындар саны мен мамандар тізімін толық мүшелері (академиктер) мен корреспондент -  мүшелерін сайлауы бойынша анықтайды;

– Академияның шетелдік  және құрметті мүшелерін академияға мүшелікке кандидаттарды сайлау туралы мәселені Жалпы жиналыстың күнтәртібінде   ұсынады;

Академия Жалпы жиналысытың құзырына қатысы жоқ басқа да функцияларының қызметін басқару бойынша жүзеге асырады;

– Академия Президумы өзінің мәжілістерінде оның құзырына қатысты мәселелерді шешеді. Президум мүшелерінің кем дегенде 2/3 мүшелері қатысқанда Президум мәжілісін өткізуге құқылы. Президум шешімі  көпшілік дауыспен қабылданады, ал тең түскен жағдайда Президент дауысымен шешіледі.

39. Академия Президенті.

– Академияның Жалпы жиналысы қызметке тағайындайды және босатады;

– Ғылым Академиясы жүктеген міндеттер мен оның  қызметтерін жүзеге асыруды орындау үшін жеке басы жауапты; 

– Академия Президумын басқарады, оның қызметіне жетекшілік етеді және мәжілісінде төрағалық етеді;

– Академияның шешімдері мен басқа ресми құжаттарын өз қолымен бекітеді;

– Академияның Жалпы жиналысына төрағалық етеді;

– Академияның атынан сенім хатсыз әрекет етеді;

– Академияның мүддесін барлық ұйымдарда ұсынады;

– Заңмен, осы Жарғы және Академия Президумы шешімі бекіткен, Академия қаражаты мен мүлкіне иелік етеді;

– Академияның аппаратының штат кестесін және құрылымын бекітеді;

– келісім шарт жасайды;

– сенім хат береді;

– банкте есеп-шот ашады;

– Академияның барлық қызметкерлеріне бұйрық шығарады және міндетті нұсқаулар  береді;

– Академияның қызметікерлерін жұмысқа қабылдайды және жұмыстан шығарады;

– Академияның қызметкерлеріне көтермелеу шараларын қолданады және тәртіптік жаза береді;

– Заңдар және осы Жарғы жүктеген басқа да қызметтерді жүзеге асырады.

40.Тексеру комиссиясы Академияның Жалпы жиналысында Академия мүшелерінің қатарынан сайланады және Академияның қаржы-шаруашылық қызметін тексеруді жүзеге асырады.Тексеру комиссиясы өз қызметі туралы Академияның Жалпы жиналысының алдында кем дегенде жылына бір рет есеп береді. Академияның лауазымды тұлғалары Академияның жұмысы туралы бүкіл қажет ақпаратты тексеру комиссиясының талабы бойынша беруге міндет;

 

 Академияның мүлкі және ақшалай қаржылары

 

41. Академияның мүлкі мен ақшалай қаржылары заңды және жеке тұлғалардың демеушілік жарналары, Академияның келісім -шарттарды, қызмет көрсету мен басқа да жұмыстарын орындау есебінен құралады. Мүлік негізгі қорлар мен айналмалы құралдардан, сонымен қатар қоғамдық бірлестіктің баланысында құны көрінетін басқа да мүліктерден құралады.

42. Академия бухгалтерлік есеп жүргізеді және Қазақстан Республикасының заңына сәйкес есеп береді.

43. Академияның қаржы-шаруашылық қызметін тексеру Қазақстан Республикасының заңдары белгілеген тәртіпте жүзеге асырылады.

 

Академия  Жарғысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу

 

44. Академия  Жарғысына өзгерістер мен толықтырулар Академияның Жалпы жиналысының шешімі бойынша заңмен белгіленген тәртіппен енгізіледі.

 

Академияны тарату және қайта құру

 

45. Академияны тарату және қайта құру  Қазақстан Республикасының заңына сәйкес Академияның Жалпы жиналысының шешімі бойынша немесе соттың шешімі бойынша жүзеге асырылады.

Жалпы жиналыстың шешімі бойынша Академияны тарату барысында оның мүлкі осы Жарғыда көзделген мақсаттарға жіберіледі.

Академияны сот шешімі бойынша таратқанда, оның  мүлкі Қазақстан Республикасының заңына сәйкес пайдаланылады.