Қостанай қаласында республикалық техникалық шығармашылық және өнертапқыштардың жарысы өткізіледі

Жариялау күні: 06.06.2017

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Республикалық қосымша білім беру оқу-әдістемелік орталығы Қостанай облысы әкімдігінің қолдауымен 2017 жылғы    13-14 маусымда республикалық техникалық шығармашылық және өнертапқыштардың жарысын  өткізеді.

Жарыстың мақсаты: балалардың техникалық шығармашылығын дамыту, дарынды балаларды анықтау және қолдау, тұлғаның шығармашылық құзыреттілігінде бәсекелестік артықшылықтарын қалыптастыру, білім алушылардың өзін-өзі кәсіби анықтауы үшін жағдай жасау.

Жарыс білім алушылардың ғылыми-техникалық шығармашығы мен құрастырушылық ойлау қабілетін дамытуға, жас техниктерді ғылыми-зерттеу және өнертапқыштық қызметіне тартуға, әр түрлі білім беру ұйымдарының білім алушылары мен педагогтерінің тәжірибе алмасуына және өзара қарым-қатынасына жағдай жасауға, ғылым, білім және жоғары технологиялар саласына жастардың  қызығушылығын дамытуға септігін тигізеді.

Қостанай қаласында өткізілетін республикалық жарысқа облыстардың, Астана және Алматы қалалық, өңірлік жарыстардың жеңімпаздары қатысады.

Балаларға әуе, зымыран, көлік, кеме құрастыру модельдері жарыстарына қатысуға мүмкіндік беріледі.

Жарыс аясында көрмелер мен шеберлік сыныптары ұйымдастырылады.

Республикалық деңгейдегі жарыстар техника саласындағы қабілеті мен бейімі бар балалардың мүмкіндіктерін бағалауға және кәсіптік бағдары мен ерте кезден кәсіби білім алуына  бағытталады.

Жарыс қорытындысы бойынша барлық қатысушыларға сертификаттар беріледі, ал жеңімпаздар дипломдармен және бағалы сыйлықтармен марапатталады. 

Қосымша ақпарат алу үшін мына телефондармен хабарласуға болады: +7 (7172) 72-98-99; e-mail: rumcdo_nto@mail.ru



Бөлімге оралу

Сайт картасы

Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі 010000, Нұр-Сұлтан қаласы, Мәңгілік ел к-сі, 8.

Телефон: +7 (7172) 74-24-11