Бастауыш мектеп оқушылары арасында «Бастау» республикалық математикалық турнирін өткізу туралы БАСПАСӨЗ – ХАБАРЛАМАСЫ

Жариялау күні: 01.06.2017

«Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығы  2017 жылы 19-23 маусым күндері республикалық физика-математикалық мектеп базасында бастауыш мектеп оқушылары арасында  «Бастау» X республикалық математикалық турнирін өткізеді (бұдан әрі - Турнир).

Математикалық турнир математикалық білімді мектепте бұдан әрі жетілдіру және кіші буын мектеп оқушыларының осы пәнге деген қызығушылығын арттырудағы жүйелі жұмыстарының бірі болып табылады.

Турнирдің басты мақсаты –  бастауыш мектеп оқушылары арасында математикаға ерекше қабілетті дарынды балаларды анықтау, дамыту және оларға қолдау көрсету,  математикадан оқушылардың білімін тереңдету және кеңейту.

Турнирге Қазақстанның барлық облыстарынан, Астана, Алматы қалаларынан және «Назарбаев интеллектуалдық мектептерінің» командаларынан 2-4-сынып оқушылары қатысады.  Барлығы 135 оқушы, 45 жетекші мұғалімдер қатысады деп жоспарланып отыр.

Турнир командалық сайыс түрінде 2 кезеңде өткізіледі:

I кезең – аймақтық; II кезең – республикалық.

Турнирдің республикалық  кезеңі   3 турда өткізіледі:

1 тур – «Әу, баста» (командалық есеп);

2 тур – «Асық» (командалық есеп);

3 тур – «Математикалық бәйге» (ауызша жеке есеп).

Турнирдің ашылу салтанаты - 20 маусым күні сағат 11.00-де республикалық физика-математикалық мектептін жиналыс залында.

Турнирдың жеңімпаздарын және жүлдегерлерін марапаттау  салтанаты - 23 маусым күні сағат 11.00-де республикалық физика-математикалық мектептін жиналыс залында.

Қосымша ақпаратты алу үшін мына мекен-жайға хабарласу қажет:

Астана қаласы, Республика даңғылы, 34 а «Дарын» РҒПО-ы,  оф.707,

тел.:8 (7172) 29-51-59, факс 8 (7172) 29-52-32.



Бөлімге оралу

Сайт картасы

Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі 010000, Нұр-Сұлтан қаласы, Мәңгілік ел к-сі, 8.

Телефон: +7 (7172) 74-24-11