Астана қаласында «Өмір бойы білім алу: тұрақты даму мүддесінде үздіксіз білім беру» 15-ші (мерейтойлық) халықаралық конференция өтеді

Жариялау күні: 25.05.2017

Ы.Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы 2017 жылғы 2-3 маусымда  дәстүрлі халықаралық конференцияның тең ұйыдастырушысы ретінде Ұйымдастыру комитетінің шешімімен (бұдан әрі – Ұйымдастыру комитеті) «Өмір бойы білім алу: тұрақты даму мүддесінде үздіксіз білім беру» 15-ші (мерейтойлық)  дәстүрлі халықаралық конференциясын (бұдан әрі - К-15(м)-2017) өткізеді.

Ұйымдастыру комитетінің құрамына Білім және мәдениет мәселелері жөніндегі

БҰҰ-ның Үкіметаралық ұйымы (ЮНЕСКО), Еуразиялық экономикалық қоғамдастығының Парламентаралық Ассамблеясы, ЮНЕСКО-ның үздіксіз білім беру институты (Германия), Гонконг білім беру Институты жанындағы ЮНЕСКО-ЮНЕВОК Орталығы (Гонконг), Ресей білім академиясы және т. б. кіреді.

15-ші (мерейтойлық) халықаралық конференциясы (бұдан әрі - Конференция) бұдан бұрын Санкт-Петербургте (Ресей Федерациясы) өткен конференцияның дәстүрін жалғастырып дамытуда.

Конференцияның негізгі мақсаты тұрақты даму мүддесінде үздіксіз білім берудің өзекті мәселелерін талқылау және үздіксіз білім беру саласында халықаралық форумның пікір алмасу алаңын құру болып табылады.

Конференция жұмысына Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің, республикалық ведомстволық бағынысты ұйымдарының өкілдері, облыстардың, Астана және Алматы қалалары білім басқармаларының, сонымен қатар жоғары оқу орындарының өкілдері, білім беру ұйымдарының, кадрлар біліктілігін арттыру және оларды қайта даярлау институттарының басшылары, колледж оқытушылары мен мектеп мұғалімдері, шетел ғалымдары және Франция, Ресей, Польша, Италия, Беларусть, Гонконг, Өзбекстан, Тәжікстанның білім беру саласындағы халықаралық сарапшылары және т.б. қатысады.

Конференцияның қорытындысы бойынша ұсынымдамалар қабылданады.

Барлық қатысушыларға Конференция жұмысына қатысқандығы туралы сертификат беріледі.

Пленарлық отырыстың өткізілетін орны: Астана қаласы. Қабанбай батыр көшесі, 53 Назарбаев Университеті, (С3  блогі) 1022конференц залы

Отырыстың басталуы: 2017 жылғы 2 маусым, сағат 10.00

Конференцияның жұмыс тілі: қазақ, орыс және ағылшын тілдері.

Анықтама келесі тел/факстер бойынша: 8(7172)-57-72-03, 57-63-25, 57-63-56,

8 777 26 57 439  Академия сайты www.nao.kz.



Бөлімге оралу

Сайт картасы

Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі 010000, Нұр-Сұлтан қаласы, Мәңгілік ел к-сі, 8.

Телефон: +7 (7172) 74-24-11