«Абилимпикс» мүгедек жандарға кәсіптік бағдар көрсетуге және жұмысқа орналастыруға қолдау және «Deafskills» Халықаралық ассоциациясы ұйымдарымен ынтымақтастық орнату туралы

Жариялау күні: 17.05.2017

2017 жылғы 3 мамырда «Көрме» көрме залында Қазақстан Республикасында «Абилимпикс», «Deafskills» чемпионаттарын қолдау және дамыту бойынша бірлескен ынтымақтастық орнату жөніндегі меморандумға қол қою рәсімі өтті. Рәсімге Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрі Ерлан Сағадиев, «Абилимпикс» мүгедек жандарға кәсіптік бағдар көрсетуге және жұмысқа орналастыруға қолдау көрсетуді ұйымдастыру бойынша автономды коммерциялық емес ұйым Президенті  Лидия Фролова, «Deafskills» Халықаралық ассоциациясының Президенті Станислав Иванов қатысты.

Экономикалық дамудың жаңа моделін құру жолын таңдаған Қазақстан экономикасы үдемелі экономикалық жаңғыру мен индустриялық даму міндеттеріне байланысты жаңа форматтағы жоғары білікті мамандарға мұқтаж. Осы талаптар орындалу үшін Үкімет көптеген реформаларды жүзге асыруда. Қазақстанда кәсіби білім беру жүйесінің жұмысы да өзгеруде – жұмысшы мамандықтарын тегін алу мүмкіндіктері кеңейтілді. Басқа елдермен ынтымақтастық кеңейтіліп, бастапқы әлемдік тәжірибелер енгізіліп жатыр.

Жұмысшы мамандықтарының дәрежесін жоғарылату бойынша жастар арасында кең көлемді жұмыстар жүргізілуде. Ағымдағы жылдан бастап Қазақстан Абилимпикс, Deafskills және ZhasSkills жобаларын бірлестіруші жаңа WORLDSKILLS әлеуметтік жобасын жүзеге асыруды қолға алды. Енді жобаға жұмысшы жастар, колледж студенттерінен бөлек 10 мен 15 жас аралығындағы оқушылар да қатыса алатын болды. Жарыстарға ерекше талаптармен (мүгедектер және саңыраулар) студенттер мен оқушылар қатысады.

Қазақстан «Абилимпикс» мүгедек жандарға кәсіптік бағдар көрсетуге және жұмысқа орналастыруға қолдау және «Deafskills» Халықаралық ассоциациясы ұйымдарымен ынтымақтастыққа енуде.

Бүгінгі меморандумды бекіту – осындай ынтымақтастықты нығайтудың нышаны. Қазақстан техникалық және кәсіптік білім саласында халықаралық ұйымдардан қолдау табуда. Осындай бірлескен жұмыстың арқасында Абилимпикс және DeafSkills қозғалыстарын Қазақстанда дамыта аламыз.

Меморандумға қол қою Қазақстанның әлемдік қоғамдастықпен мақұлданған Абилимпикс және DeafSkills қозғалыстарына енуге негіз болды.

Меморандумды жүзеге асыру есту қабілеті нашар және мүгедек жандар үшін техникалық және кәсіптік білім бағдарламаларының қолжетімділігі мен олардың кәсіби тәуелсіздігін жоғарылатуға, сондай-ақ, олардың кәсіби дағдыларын, мансаптарының жақсаруына, қоғамның әлеуметтік-экономикалық өміріне қатысуға мүмкіндік береді.

Астана қаласында 2-5 мамыр аралығында «Көрме» КО-да WorldSkills Kazakhstan-2017 ұлттық чемпионатын өткізу шеңберінде алғаш рет Deafskills есту бойынша және Abilympics (Абилимпикс) мүмкіндігі шектеулі білім алушылар арасында кәсіптік шеберлік бойынша сайыс өтеді.

 Сайыстың басты мақсаты WorldSkills қозғалысының инструменттері негізінде заманауи және болашақ кәсіптік құзыреттіліктерді меңгеру және кәсіптік бейіндеу жұмыстары үшін жаңа мүмкіндіктерді құру, сонымен қатар ерекше білім беру сұранысы бар білім алушылар үшін кәсіптік шеберлікті дәріптеу болып табылады.

Іс-шараны ашу салтанатына АКЕҰ Абилимпикс Президенті, DeafSkills International Association Бірінші вице-перзиденті Фролова Лидия (http://www.abilympics.com, www.jeed.or.jp, www.abilympics.ru) және DeafSkills International Association Президенті Иванов Станислав (deafskills.com) қатысты.

«Абилимпикс» қозғалысы Жапонияда өткен ғасырдың 70-ші жылдары мүгедектерді жұмысқа орналасуына қолдау көрсету және олардың кәсіби дағдыларын арттыру мақсатында құрылды және әртүрлі мемлекеттерде 4 жылда бір рет өткізіледі. Абилимпикс чемпионатына 54 құзыреттіліктер бойынша кәсіби шеберлік бойынша мүгедектіліктің әртүрлі түрлеріндегі адамдары қатысады.

Қазақстан 2017 жылы DeafSkills және Abilympics (Абилимпикс) халықаралық қозғалысқа енді. Іс-шара шеңберінде Қазақстанның аталған халықаралық қозғалысқа ену туралы келісімге қол қойылады. Сонымен бірге техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының есту қабілетінде ақауы бар тұлғалар үшін білім беру, сонымен қатар Қазақстандағы Abilympics және DeafSkills қозғалыстарын дамыту сұрақтары талқыланды.

 Worldskills-2017 чемпионатын жүргізу кезеңінде алғаш рет алмаспайтын жұмыс құзыреттіліктері бойынша жалпы орта білім беру ұйымдарының білім алушылары арасында Zhasskills ұлттық чемпионаты жүргізіледі.    

«Abilympics», DeafSkills және Zhasskills кәсіптік шеберлік конкурстарының Ұлттық чемпионатына Қазақстан, Татарстан Республикасы және Ресей Федерациясы қатысады. 

 Іс-шара нәтижесінде чемпионат жеңімпаздарын марапаттау салтанаты жүргізіледі.



Бөлімге оралу

Сайт картасы

Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі 010000, Нұр-Сұлтан қаласы, Мәңгілік ел к-сі, 8.

Телефон: +7 (7172) 74-24-11