Облыстық орталықтарда, Астана және Алматы қалаларында Балалар мен жастардың музыкалық оркестрлері мен ансамбльдерінің Шеруі өткізіледі

Жариялау күні: 03.05.2017

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі жергілікті атқарушы органдардың және басқа қызығушылық танытқан ведомстволар мен ұйымдардың қолдауымен Халықаралық балаларды қорғау күні (ағымдағы жылғы 1 маусым) Балалар мен жастардың музыкалық оркестрлері мен ансамбльдерінің Шеруін өткізуді жоспарлап отыр.

Шерудің мақсаты – бұл «Мәңгілік Ел» жалпыұлттық идеяны іске асыру жағдайында эстетикалық және патриоттық тәрбие факторы ретінде балалар мен студенттердің салтанатты, көше-фестивальды шеруді қолдау және дамыту.

Шерудің міндеттері балалар мен жастардың музыкалық мәдениетін арттыру ғана емес, өзінің білім ұйымына мақтаныш және қатыстылығын қалыптастыру, республиканың білім мекемелерінің беделін көтеру және жарнамалау. Шеру – бұл біздің еліміздің барлық білім беру ұйымдарын біріктіретін кең көлемді республикалық акция.

Бұл шара алғаш рет өткізіліп отырғандықтан, республиканың мәдени өмірінде бірегей оқиға болады.

Бұл күні бір уақытта әр облыстық орталықтың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың орталық көшелерінде барабаншылар отряды, үрлемелі оркестрлер мен ансамбльдер, мажореткалар, черлидерлер, хор және би ұжымдары жүріп өтеді.

Қызықты репертуар, музыкалық инструменттердің әртүрлілігі, шығармалардың аранжирлеушілік түпнұсқалығы, бірнеше түрдегі музыкалық қызметтін бірігуі: ән айту, қимыл, аспаптарда ойнау; музыкалық ұжымның бірыңғай формасы; бұнын барлығы балалық шақ мейрамын ең жарқын және есте қаларлықтай көрініс етеді. Музыкалық-театрландырылған шеру мерекелік қалып тудыру әсерлі тыныс береді.

Шеру - музыкалық ұжымның әр қатысушы үшін көркем-эстетикалық дамудың түрі, балалардың, педагогтер мен ата-аналардың шығармашылық жетістіктерін көрсететін орасан зор мүмкіндік.

Шеруді дайындауға оқушылар, студенттер, мектеп мұғалімдері, колледждер мен ЖОО-ның оқытушылары, ата-аналар мен мәдениет және спорт өкілдері белсенді қосылды.



Бөлімге оралу

Сайт картасы

Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі 010000, Нұр-Сұлтан қаласы, Мәңгілік ел к-сі, 8.

Телефон: +7 (7172) 74-24-11