«Өзгеге көмегің - өзіңнің өсуің»

Жариялау күні: 04.12.2017 17:28:00

2017 жылғы 5 желтоқсанда Астана қаласында Жастар корпусын дамыту жобасын іске асыру аясында «Волонтерлік: жарқын болашақтың іргетасын бірге қалаймыз» атты ұлттық форум өтеді.

Қазақстан Республикасы  және Халықаралық Қайта құру және даму банкі (Дүниежүзілік банкі) арасында – жастарды қоғамның өміріне тарту, олардың қоғамдық пайдалы қызметке қатыстыру және жастардың бастамасы мен өмірлік маңызы бар дағдыларды дамытуды ынталандыру бойынша 2016 жылдың 18 ақпанында Қазақстан Республикасының Заңымен ратификацияланған 2015 жылғы 10 қыркүйегіндегі № TF014174 грант туралы Келісімнің негізінде «Жастар корпусын дамыту» Жобасын Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым министрлігі  іске асырады.

Халықаралық Волонтерлер күнін мерекелеу қарсаңында «Рухани Жаңғыру» жобалық кеңсесі серіктестігімен өткізілетін Ұлттық форум қоғамдық пайдалы істерге баулу, волонтерлік қызмет сияқты өзекті тақырыпқа бағытталады. Жастарды қоғамдастық өміріне қатысуын ынталандыру, сондай-ақ, қоғамдастықтың игілігі жолындағы волонтерлік пен қоғамдық пайдалы қызмет дағдыларына оқыту бағдарламасы арқылы олардың өмірлік маңызы бар дағдыларын дамыту Форумның басты мақсаты болып табылады.

«Волонтерлік: жарқын болашақтың іргетасын бірге қалаймыз» ұлттық форумы  - Қазақстанда волонтерлікті дамытудың мүмкіндіктерін қарастыруға арналған бірегей алаң. Форум өңірлерден келген жас волонтерлерге өз идеялары және тәжірибелерімен алмасуға, қоғамдық ұйымдар арасында ынтымақтастықты нығайтуға ықпал етеді.

Форумда Қазақстандағы волонтерлік пен қоғамдық пайдалы қызметке жастардың белсенді қатысуы жөніндегі Стратегияның презентациясы ұсынылмақ. Бұл Стратегияның ерешелігі – алғаш рет жас волонтерлердің нақты қажеттіліктеріне сүйене отырып, мемлекеттік және үкіметтік емес ұйымдардың, бизнес өкілдерінің, сарапшылар мен белсенді жастардың  қатысуымен әзірленуі.

Форумның жұмысына ҚР Парламентінің депутаттары, орталық мемлекеттік органдардың өкілдері, бизнес-құрылымдар, халықаралық ұйымдардың басшылары, қоғамдық бірлестіктердің көшбасшылары, сондай-ақ, өңірлерден 100-ден астам волонтерлер-амбассадорлар қатысады.

Оның үстіне, Форум алаңында елімізге танымал тұлғалар сөз сөйлейді. Айкын, SonPascal, Айна және Руми дуэті, Қайрат Құдайберген, Яков Федоров, Өркен Кенжебек, шағын-тренингтер өткізіп, жеке жетістіктерінің тарихымен бөліседі.

Форумның шеңберінде «28 ілмек» клубы, Қазақстанның Скауттық қозғалысы, ҚР Қызыл Жарты ай Қоғамы, BestforKids, Q Volunteers,Волонтерлер-Амбассадорлар және «Асенька» иесіз қалған жануарларға арналған пана сияқты волонтерлік бастамалардың әлеуметтік жобаларының фото-көрмесі мен инсталляциялар, «Волонтерлерді мотивациялау және ынталандыру», «Волонтерлік қызметті ақпараттық қамтамасыз ету», «Қазақстанның дамуындағы волонтерлер үлесін анықтау» тақырыптарында панельді сессиялар мен пленарлық отырыстар, волонтерлік саласында коммуникациялар мен ақпараттық-имидждік қызмет бойынша шеберлік класстары ұйымдастырады.

Өткізілетін орны: Астана қаласы, Тәуелсіздік көшесі, 52, Тәуелсіздік Сарайы

БАҚ аккредитациялау үшін ТАӘ, БАҚ атауы, сондай-ақ байланыс мәліметтері бар өтінімді мына мекен-жайға жіберу керек: arunadzhunisova@gmail.com немесе өз өтініміңізді мына телефонға қайта жіберіңіз

8 701 277 05 21



Бөлімге оралу

Сайт картасы

Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі 010000, Нұр-Сұлтан қаласы, Мәңгілік ел к-сі, 8.

Телефон: +7 (7172) 74-24-11