Баспасөз хабарлама

Жариялау күні: 04.11.2017 12:01:00

Ағымдағы жылғы 18 қараша күні Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Заң қызметі және халықаралық ынтымақтастық департаменті халықаралық мәселелерді қадағалайтын ЖОО қызметкерлері үшін семинар өткізді.

Мақсаты – білім және ғылым саласындағы халықаралық ынтымақтастық мәселелері бойынша Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің саясатын түсіндіру. Аталған семинарға Қазақстан Республикасының мәдениет және спорт министрлігі және дін істері және азаматтық қоғам министрліктерінің мүдделі ЖОО-лары және Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы мен Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің ведомтстволық білім беру ұйымдарының өкілдері, оның ішінде Қазақстан Республикасы Дін істер және азазаматтық қоғам министрлігінің өкілі қатысты.

Семинар аясында аймақтық білім беру орталығын дамыту және білім беру ұйымдарында орналасқан шетелдік орталықтардың қызметін бақылау мәселелері талқыланды. Алдағы 5 жылда шетелдік студенттердің санын 50 000 адамға дейін көбейту жоспарлануда. Осы орайда, Қазақстан Республикасының жоғары білім жүйесін  интернационалдандыру мақсатында, сондай-ақ шетелдік студенттерді назарға алу үшін Министрлік бірқатар жақын шетелдерде «Қазақстанның білім беру күндері» атты халықаралық білім беру көрмесін  ұйымдастырды.

Сонымен қатар, семинар шеңберінде «Шетелдік студенттерді Ресейлік және халықаралық тәжірибе бойынша маркетингтік қызметтерге тарту» тақырыбында «Price water house Coopers салықтық және консультациялық»  ЖШС директоры Михаил Баранов баяндама жасады. Сондай-ақ, жоғары оқу орнынан кейінгі бағдарламалар бөлімі және халықаралық ынтымақтастық департаментінің директоры Р.Фазылова қос дипломдық білім беру тәжірибесі ҚазМЗУ-де жүзеге асырылғанын және оның білім ордасының келешек  дамуына үлесі туралы тереңірек баяндап берді.

Семинар барысында Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің өкілдері жоғары оқу орындарының академиялық және басқарушылық дербестігін кеңейту, үкіметаралық және ведомствоаралық келісімдер мен ғылым саласындағы халықаралық ынтымақтастық шеңберінде шетелдік гранттарды халықаралық бөлу, және оның негізгі аспектілерін түсіндірді.

Бұдан басқа, аталған семинар шеңберінде жоғары оқу орындарының өкілдерімен бірге мынадай жобалар талқыланды:

- Халықаралық ынтымақтастық бойынша жоғары оқу орындарының рейтингі (ҚР БҒМ-ге ведомстволық бағынысты);

- Білім беру ұйымдары жүзеге асыратын халықаралық ынтымақтастықты ұйымдастыру қағидалары;

- Шақыруды рәсімдеу, Қазақстан Республикасына шетелдіктердің және азаматтығы жоқ адамдардың келуі үшін шақыруды келісу, Қазақстан Республикасының визаларын беру, қайтарып алу, қалпына келтіру, сондай-ақ олардың қолданыс мерзімін ұзарту және қысқарту қағидалары.



Бөлімге оралу

Сайт картасы

Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі 010000, Нұр-Сұлтан қаласы, Мәңгілік ел к-сі, 8.

Телефон: +7 (7172) 74-24-11