«Бала мен жанұя» диалогтық алаңның БАСПАСӨЗ ХАБАРЛАМАСЫ

Жариялау күні: 22.11.2017 09:55:00

2017 жылғы 21 қарашада Дүниежүзілік балалар күніне арналған «Балаға мейірімді Қазақстан!» халықаралық конференциясы аясында «Бала мен жанұя» тақырыбы бойынша диалогтық алаң ұйымдастырылып, өткізіледі.

Іс-шараның мақсаты –  жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың құқықтарын қорғау саласындағы мемлекеттік саясаттың басты бағыттарын талқылау және БҰҰ-ның Бала құқықтары бойынша комитетінің ұсынымдарына сәйкес балалардың заңды мүдделері мен құқықтарын қамтамасыз ету бойынша ұсынымдарды әзірлеу.

Кеңейтілген отырысқа қатысу үшін халықаралық сарапшылар, орталық жергілікті атқарушы органдардың, үкіметтік емес ұйымдардың, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері, балалар үйлерінің директорлары, Республикалық директорлар кеңесінің мүшелері шақырылды.

Мемлекет басшысының балаларды орналастырудың отбасылық нысандары тәжірибесін кеңейту арқылы балалар үйлері тәрбиеленушілерінің санын қысқарту бойынша тапсырмасын орындау аясында соңғы 10 жылда интернаттық мекемелері тәрбиеленушілерінің жалпы контингенті 11 мың балаға азайды, ұйымдардың желісі 67 бірлікке қысқарды.

Диалогтық алаң аясында отбасын қолдау бойынша қызметтерді дамытудың халықаралық тәжірибесі таныстырылады, балаларды орналастырудың отбасылық нысандарын дамытудың, балалар үйлері түлектерінің сәтті әлеуметтенуі үшін жағдай жасаудың басты бағыттары, балалардың құқықтарын қорғау саласындағы қолданыстағы заңнамаға енгізілген өзгерістер мен толықтырулар тұрғысынан интернаттық мекемелерді реформалаудың келешегі мен проблемалары талқыланатын болады.



Бөлімге оралу

Сайт картасы

Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі 010000, Нұр-Сұлтан қаласы, Мәңгілік ел к-сі, 8.

Телефон: +7 (7172) 74-24-11