VI (кезектен тыс) Мәжіліс Қызметті үйлестіру жөніндегі жұмыс комиссиясы Беларусь Республикасы мен Қазақстан Республикасы жоғары оқу орындары мен ғылыми-зерттеу институттары арасындағы ғылыми-білім беру консорциумы

Жариялау күні: 21.11.2017

Өтетін күні: 2017 жылғы 28 қараша

Уақыты: 10:00-17:00

Өтетін орны: Минск қаласы, Белоруссия ұлттық техникалық университеті,

2017 жылғы 28 қарашада Минск қаласында Беларусь Республикасы мен Қазақстан Республикасы Жоғары оқу орындары мен Ғылыми-зерттеу институты арасында ғылыми-білім беру консорциумын үйлестіру жөніндегі жұмыс комиссиясының VІ отырысы өтеді.

Іс-шараға 40 қазақстандық және Беларусь жоғары оқу орындарының ректорлары мен ғылыми орталықтардың жетекшілері, ғылыми-білім беру консорциумының мүшелері қатысады.

Іс-шара 2017 жылғы 29-30 қарашада Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Беларусь Республикасына ресми сапары аясында өтеді.

Кездесудің мақсаты - екі елдің білім және ғылым саласындағы ынтымақтастығын одан әрі дамыту және нығайту, инновациялық технологияларды құру саласындағы интеграция, бәсекеге қабілетті кадрларды бірлесіп оқыту.

Мәжілісте талқыға түсетін тақырып:

- жоғары білімнің даму тенденциялары және Еуразиялық білім беру кеңістігіне кірігуі;

- білім, ғылым және өндірісті интеграциялау жолдары;

- студенттер мен оқытушылар құрамының академиялық ұтқырлығының даму перспективасы.

Кездесудің ресми ашылуында Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрі Ерлан Сағадиев, Беларуссиядан – Игорь Карпенко, Қазақстан  тарапынан Консорциум жұмысының үйлестірушісі (мәжіліс модераторы), Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің ректоры Ерлан Сыдықов,  Беларусь ұлттық техникалық университетінің ректоры, Беларусь тарапынан Консорциум жұмысын үйлестіруші Сергей Харитончика, Беларусь Республикасының Қазақстан Республикасындағы  Төтенше және Өкілетті Елшісі Анатолий Ничкасов, Қазақстан Республикасының  Беларусь Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Ерғали Бөлегенов құттықтау сөз сөйлейді.

Мәжіліс жұмысы үш сессия бойынша жүргізіледі:

Бірінші сессия: «Еуразиялық білім беру кеңістігінде жоғары білім және оның даму үрдістері»

Екінші сессия: Білім беру интеграциясы, ғылым және өндіріс

Үшінші сессия: «Студенттер мен профессор-оқытушылар құрамының академиялық ұтқырлығын дамыту перспективалары».

Сондай-ақ, іс-шара барысында ғылыми-білім беру Консорциумына   мүшелікке кіру рәсімі өтеді:

Гродно мемлекеттік аграрлық университеті, Семей қаласы Шәкәрім атындағы мемлекеттік университеті, Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университеті, Д. Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік техникалық университеті, Тараз мемлекеттік педагогикалық университеті.

Кездесуде сондай-ақ, Қазақстан және Беларусь жоғары оқу орындары арасындағы меморандумға қол қойылады.

Анықтама үшін. Беларусь Республикасы мен Қазақстан Республикасы Жоғары оқу орындары мен Ғылыми-зерттеу институты арасында ғылыми-білім беру Консорциумы 2011 жылы құрылды. Беларусь Республикасы мен Қазақстан Республикасының ғылыми-зерттеу институттары, Қазақстан мен Беларусь ғылыми, технологиялық, білім беру және инновациялық инфрақұрылымды дамыту және қолданбалы өндіріс  пен бизнес үшін ғылыми-білім беру консорциумы ынтымақтастық аясында келесі мәселелерді қарастырады:

- жоғары технологиялық жобаларды әзірлеу және енгізу,

- жоғары технологиялар мен инновациялар үшін ғылыми және инженерлік кадрлар дайындау,

- жас көшбасшыларды тәрбиелеу, ішкі және әлемдік нарықта бәсекеге қабілетті жеке және бірлескен инновациялық  компаниялар құру; екіжақты бизнесті нығайту, т.т. Сонымен қатар, ынтымақтастық аясында білім, ақпарат және жарияланымдар алмасу; бірлескен жобаларды жүзеге асыру; ғалымдар мен студенттер алмасу және бірлескен шаралар өткізу секілді төрт  бағыт  жүзеге асырылады.

Консорциумға 20 қазақстандық және 21 Беларусь жоғары оқу орны мен  ғылыми-зерттеу орталықтары кіреді.

Консорциум қызметінің үйлестірушілері Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті мен Беларусь ұлттық техникалық университеті болып табылады.



Бөлімге оралу

Сайт картасы

Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі 010000, Нұр-Сұлтан қаласы, Мәңгілік ел к-сі, 8.

Телефон: +7 (7172) 74-24-11