«Балаға мейірімді Қазақстан» республикалық балалар форум-фестивалінің баспасөз хабарламасы

Жариялау күні: 16.11.2017

2017 жылғы 20-21 қараша аралығында Дүниежүзілік балалар күнін мерекелеу шеңберінде Астана қаласында «Балаға мейірімді Қазақстан» атты республикалық балалар форум-фестивалі (бұдан әрі –Форум-фестиваль) өтеді.

Іс-шара Қазақстан Республикасы Парламент Мәжілісінің, Қазақстан Республикасындағы балалар құқығы бойынша уәкіл және Қазақстандағы БҰҰ балалар қорының (ЮНИСЕФ) қолдауымен Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің ұйымдастыруымен өтеді.

Республикалық Форум-фестивальдің мақсаты - «Мәңгілік ел» жалпыұлттық патриоттық идеясы негізінде өскелең ұрпақтың жасампаз азаматтық ұстанымы мен бай рухани құндылығын қалыптастыру.

Балалар Форум-фестивалінің жұмысына республиканың барлық өңірлерінен келген 320 балалар қоғамдық ұйымдарының көшбасшысы, республикалық және халықаралық интеллектуалды олимпиадалардың және шығармашылық байқаулардың жеңімпазы қатысады.

Форум-фестивалге қатысушы балалар үшін республикада балалар қозғалысын ұйымдастырудағы және жандандырудағы өзекті мәселелерді талқылауға, балалардың шығармашылық, ғылыми, қоғамдық әлеуетін көрсетуге, балалар ұжымының арасында шығармашылық байланысты нығайтуға, шешім қабылдауға қатысудағы балалардың құқықтарын жүзеге аруға арналған алаңдар ұйымдастырылатын болады.

Форум-фестивальге қатысушы балалар Астананың көрнекті жерлерін аралайды.

Форум-фестивальдің салтанатты аяқталуында Форум-фестивальге қатысушылардың гала-концерті болады.

Форум-фестивальге қатысушы балаларға сертификаттар мен естелік сыйлықтар табыс етілетін болады.

Өткізу орны: Астана қ., Б.Момышұлы  көшесі 5, Оқушылар сарайы.

Форумның ашылуы: 20 қараша сағат 9.00

Республикалық форум-фестивальға қатысушы-балалар концерті: 20 қараша, сағат 18.00-де, Бейбітшілік және келісім сарайының Опера залы, Тәуелсіздік даңғылы, 57.

Форумның жабылуы: 21 қараша сағат 9.00




Бөлімге оралу

Сайт картасы

Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі 010000, Нұр-Сұлтан қаласы, Мәңгілік ел к-сі, 8.

Телефон: +7 (7172) 74-24-11