Химия пәнінен VІІ жасөспірімдер олимпиадасының жеңімпаздары мен жүлдегерлері

Жариялау күні: 28.10.2017

Дарынды қыз балаларға арналған «Білім-инновация» лицей-интернатында 2017  жылғы 26 қазанда өткізілген химия пәнінен VІІ жасөспірімдер олимпиадасына облыс бойынша  61 оқушы қатысты.

Жеті  жыл қатарынан жасөспірімдер олимпиадасы облыс бойынша үздік  химиктерді  анықтауда, бірақ қатысушылар үшін үздіктер қатарына шығу жылдан жылға қиынға түседі. Олимпиаданың нәтижелі өтуі оқушыдан тек қана пән бойынша терең білімді талап етпей, сонымен бірге жаңа ақпаратты, берілген тапсырманы тез қабылдап, шешімін жылдам шығаруға  баулыйды. Осы қасиеттер химия пәнінен VІІ жасөспірімдер олимпиадасының үздіктерін анықтауға көмектесті.

Олимпиада қорытындысы бойынша І орынды дарынды балаларға арналған №8 лицей-мектебінің 8 сынып оқушысы Колдашев Эмиль және Назарбаев Зияткерлік мектебінің 8 сынып оқушысы Комкова Алина жеңіп алды.

ІІ орынға Назарбаев Зияткерлік мектебінің 8 сынып оқушысы Жангузинова Далила, дарынды балаларға арналған №8 лицей-мектебінің 8 сынып оқушысы Шерстобитова Ольга, «Жас дарын» мамандандырылған мектебінің  8 сынып оқушысы Есенгельдина Аяулым  ие болды. 

ІІІ орынды дарынды ер балаларға арналған «Білім-инновация» лицей-интернатының 8 сынып оқушысы Мадиев Мади, «Жас дарын» мамандандырылған мектебінің  8 сынып оқушысы Жумадилов Кайрат, дарынды балаларға арналған Абай атындағы №10 лицей-мектебінің  6 сынып оқушысы Досыбай Ерасыл  иеленді.

Құрмет грамотасымен дарынды ер балаларға арналған «Білім-инновация» лицей-интернатының 7 және 8 сынып оқушылары Масагутов Тамерлан, Қасен Бекұлан марапатталды.

«Ертіс дарыны» өңірлік қосымша білім беру

оқу-әдістемелік орталығы



Бөлімге оралу

Сайт картасы

Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі 010000, Нұр-Сұлтан қаласы, Мәңгілік ел к-сі, 8.

Телефон: +7 (7172) 74-24-11