Адамгершілік-рухани білім беру мәселелері бойынша Халықаралық педагогикалық форумының Пресс-релизі

Жариялау күні: 28.10.2017

2017 жылдың 26 қазанында Алматы қаласында «Бөбек» Ұлттық ғылыми-практикалық, білім беру және сауықтыру орталығының 20 жылдығы аясында «Өзін-өзі тану – Махаббат пен Шығармашылық педагогикасы» атты Халықаралық педагогикалық форумының ашылуы өтті.

Форумның салтанатты ашылуына Қазақстан Республикасының Бірінші ханымы, «Өзін-өзі тану» жобасының авторы Сары Алпысқызы Назарбаева қатысты. Сара Алпысқызы форумның барлық қатысушыларын атаулы күнмен құттықтай отырып, ғалымдарға, әдіскерлерге, педагогтарға жас қазақстандықтарға рухани-адамгершілік білім беруде қосқан үлкен үлесі үшін шынайы ризашылығын білдірді.

Қазақстан Ресупубликасының Премьер-Министрі Б. Сагынтаевтың атынан Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрі Е. Сағадиев құттықтау сөз сөйледі.

Аталған шараға Қазақстанның әр түрлі аймақтарынан 800-ден астам педагогтар, мемлекеттік басқару органдары өкілдерін, ізгілікті педагогика және өскелең ұрпақтың адамгершілік-рухани тәрбиелеу саласындағы қазақстандық және шетелдік педагогтар мен ғалымдарды жиналды.

Салтанатты ашылудың жабылу рәсімінде ғалымдар адамгершілік-рухани білім беруді дамыту мәселелерінің түйіндісін пленарлық отырыс барысында өздерінің көзқарастарын білдірді.



Бөлімге оралу

Сайт картасы

Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі 010000, Нұр-Сұлтан қаласы, Мәңгілік ел к-сі, 8.

Телефон: +7 (7172) 74-24-11