«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне цифрлық технологияларды реттеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасында көзделген нормалардың реттеушілік әсерін талдау нәтижелерін қоғамдық талқылауды жүргізу туралы баспасөз хабарламасы

Жариялау күні: 20.09.2019 14:16:00

«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне цифрлық технологияларды реттеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасында білім беру саласындағы уәкілетті органның бірыңғай ақпараттық жүйесіне статистикалық байқаулар деректерін беруге білім беру ұйымының құзыретін енгізу бөлігінде толықтырулар енгізіледі.

Осыған байланысты Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі "реттеуші құралдардың реттеушілік әсерін талдауды жүргізу және пайдалану қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 30 қарашадағы № 748 бұйрығының 7-параграфына сәйкес форум режимінде реттеушілік әсерді талдау нәтижелерін қоғамдық онлайн талқылауды жүзеге асырады.

Онлайн талқылау ашық нормативтік құқықтық актілердің интернет-порталында 2019 жылдың 25 қыркүйегінен бастап келесі сілтеме бойынша қолжетімді.




Бөлімге оралу

Сайт картасы

Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі 010000, Нұр-Сұлтан қаласы, Мәңгілік ел к-сі, 8.

Телефон: +7 (7172) 74-24-11