|
||||||||||||||
![]() no news in this list. |
Бұқаралық ақпарат құралдарына шолу
Серік Пірназар
«Егемен Қазақстан»
Қызылорда облысы өткен жылы мектеп ғимараттарын салып, пайдалануға беруде аддына жан салған жоқ. Сондай жүрекке жылы ұялайтын жағымды жаңалықтың бірі Шиелі ауданындағы Сұлутөбе ауылынан орын алды. Осындағы 75 жылдық тарихы бар №41 орта мектеп апатты жағдайға ұшырағасын, оның орнына жаңа баспана салып беру кажеттілігі туған. Дер кезінде көтеріліп, қолта алынған осы мөселеге сай былтыр осы ауылдан білім ордасын салуға республикальгқ бюджеттен 327,3 млн. теңге каржы бөлінеген-ді. Конкурс жеңімпазы атанған "Нұрай" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі өткен жылдың сәуірінде кұрылысты бастап кетіп, таяуда оны толык аяктап шықты. Жуырда сол екі қабатты көрікті мектеп үйі пайдалануға берілді. - Облыста осымен биыл сегіз жаңа мектеп шәкірттерге есігін ашып отыр, — деді облыс әкімі Мұхтар Құл-Мүхаммед салтанатты сәтте. — Ал келесі жылы жиырмадан астам мектеп кұрылысы басталмақшы. Оның он бірі 1200 оқушыға арналған жаңа үлгідегі ірі білім ошақтары болмақ. Бұл облыс тарихыңда бұрын-соңды болмаған жағдай. Осының бәрі Елбасымыздың қамқорлығының арқасында жүзеге асуда. Мектептің түркі өлемінің көш-басшысы Мұстафа Шоқай есімімен аталуы да сіздерге үлкен міндет жүктейді. Осы білім ұясынан Мұстафа Шоқай, Шахмардан Есенов секілді еліміздің абыройын асыра беретін түлектер көптеп шыға берсе нұр үстіне нұр. Әкімнің осы жүрекжарды сөздері көп көңілінен шықты. Қызылорда облысы.
|
|||||||||||||
|
|
||||||||||||||