
Түймебаев Жансейіт Қансейітұлы.1958 жылы туған. 1980 жылы С.М.Киров атындағы ҚазМУ-дің филология факультетін, 2000 жылы Мәскеу мемлекеттік әлеуметтік университетінің заң. факультетін бітірген. Филология ғылымдарының кандидаты (1987), профессор (2005). 1980-1993 жылдары ҚазМУ-де ассистент, аға оқытушы, доцент болып жұмыс істеген.
1993 жылдан дипломатиялық қызметте болды. 1993-1994 жылдары Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігінде бірінші хатшы, бөлім бастығы, 1997-1999 жылдары Қазақстан Ресбубликасының Президенті протоколы қызметінің бас сарапшысы, 1999 жылы Қазақстан Республикасының Стамбул қаласындағы Бас консулы, 1999-2004 жылдары Қазақстан Ресбубликасының Президенті протоколының бастығы, 2004 жылдан 2006 жылға дейін Қазақстан Ресбубликасының Президенті протоколының бастығы – Қазақстан Республикасының Президентінің кеңесшісі. 2006 жылдың ақпанынан 2007 қаңтарына дейін Қазақстан Республикасының Ресей Федерациясындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі. 2007 жылдың қаңтарынан Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрі.